1-бөлім Ауыз әдебиеті туралы 2-бөлім Тұрмыс салт-жырлары бөлім Бата тілектер



бет28/31
Дата07.01.2022
өлшемі75,1 Kb.
#17144
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Сұрақ-жауап түріндегі тест

1. Ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр ,топ алдынды табан астында суырыпсалып айтылатын сөз сайысы жыр жарысы: Айтыс

2. «Айтыс-сөз барымтасы» деп айтқан ұлы жазушы ғалым: М.Әуезов

3. Айтыстың бастау бұлағы: тұрмыс – салт жырлары

4.Айтыстың ең ежелгі түрі: Бәдік айтысы

5. Айтыстың түрлері: 1. Бәдік айтысы



2.Жар-жар

3.Жануарлар мен адамның айтысы

4.Өлі мен тірінің айтысы

5.Жұмбақ айтыс

6.Салт айтысы

7.Қыз бен жігіт

8. Ақындар айтысы

9. Осы күнгі айтыстар

6. Айтыста ұшырасатын сипаттар: драмалық, эпикалық, лирикалық

7. Ақындар өлеңінің қасиеті: «Киесі бар, иесі бар»

8.Айтыскер ақындардың жеңілу себептері: Аталы сөзден, жүйелі ойдан, бұлтартпас шындықтан

9. Айтыс жанрына тән сипаттама: Синкреттік өнер

10.Айтыс жанрын арнайы зерттеген ғалымдар тобы: Ш.Уалиханов, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамеұлы, М.Әуезов, С.Мұқанов,М.Ғабдуллин., Қ.Жұмалиев т.б.

11. Ш.Уалиханов зерттеуінде ерекше тоқталған айтыс ақындары: Түбек, Жанақ, Шөже, Орынбай

12.Шоқанның өзі соқыр болса да, ел ішіндегі білгірі, ерекше тұлғасы деп таныған айтыс ақыны: Шөже

13. Қазақ айтыстарының жанрлық сипатта бөлінуі: 1.Түре айтыс 2.Сүре айтыс

14.Екі ақынның кезектесіп бір шумақты өлеңмен жауаптасуы: Түре айтыс

15. Екі ақынның көп әңгімені қамти, дамыта және бірнеше шумақпен ұзағынан жауаптасуы: Сүре айтыс

16. Түре айтысқа жататын айтыстың түрлері: «Жар-жар», «Бәдік»

17. Сүре айтысқа жататын айтыстың түрлері: Айсұлу мен Кемпірбай, Әсет пен Ырысжан, Сүйінбай мен Қатаған

18. Айтыстың мазмұндық сипатына қарай бөлінуі: 1.Әдет- ғұрып айтысы 2.ақындар айтысы

19. Айтыстың тақырыбына қарай бөлінуі: 1.Жұмбақ айтысы 2.Мадақ айтыс

20. «Бәдік» сөзінің мағынасы: Делбе, мал ауруының айналма түрі, бәдік ауруына қарсы сиқыр арбау ұғымынан туған айтыс

21. Бәдік айтысы орындалатын мезгіл: кешкі уақыт

22. Бәдік айтысының шығу тегі: Бәдік ауруына қарсы, сөзбен, өлеңмен сиқырлап арбау нанымынан туған

23. Бәдік айтысы кезінде шумақ соңында міндетті түрде айтылатын сөз: Көш, көш!

24. Айтыстың төрт түлік малмен байланыстыратын түрі: Жануарлар мен адамның айтысы

25. Қасқырмен айтысқан ақын: Шашубай ақын

26. Жұмбақ айтысын жасаған ақындар: Әсет пен Ырысжан, Нұржан мен Сапарғали

27. Жұмбақ айтысының ерекшеліктері: суырыпсалмалық пен шапшаңдық, білімділік

28. Сал айтысының бөлінуі: Қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы

29. Көгілдірік ендеше, көгілдірік,

Көк дөненге жарасар өмілдірік.

Осындай бірме бірге кез келгенде

Айта гөр өлеңіңді төгілдіріп- деп келетін айтыстың түрі: Қыз бен жігіт айысы

30. Қыз бен жігіт айысының ақындар айтысынан өзгешелігі: ойын-сауыққа тән қалжың әзілдер

31.Айтыс жанрының ішіндегі ең көлемдісі де күрделі түрі: ақындар айтысы

32. Ақындар айтысының басты ерекшеліктері: 1. Белгісіз тақырыпқа табан астында шығару.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет