1-бөлім. Программалау (ортақ тақырыбы: «Жабайы табиғат», «Жақсы» деген немене? «Жаман» деген немене?)



бет23/35
Дата03.12.2023
өлшемі411,87 Kb.
#133737
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35
Байланысты:
1т-3кл

Топтық жұмыс
«Көршіме айтамын» әдісі
«Көршіме айтамын» әдісі оқушылардың өз ойларын ауызша немесе жазбаша білдіруі үшін қолданылады.
Төменде берілген 1-тапсырма бойынша сұрақ қойыңыз, ойлануға уақыт беріңіз. Содан кейін оқушылардан ойларын көршісімен талқылауын сұраңыз. Топ ішінде бір-бірімен талқылау жүргізіп, тапсырманың алгоритмін көрсетеді.

1- тапсырма
1-суретте өсімдіктің өсу кезеңінің дұрыс ретін тап. Өсімдіктің өсу кезеңдерінің сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритм ретінде блок-сызбасын ұсын.
Дескриптор

  • 1-суреттегі өсімдіктің өсу кезеңінің дұрыс ретін табады.

  • Өсімдіктің өсу кезеңдерінің сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритм ретінде блок-сызбасын ұсынады.


Қалыптастырушы бағалау
Топтағы оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бір-бірін «Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды. Жасыл түс – «Жарайсың!» Сары түс – «Жақсы!» Қызыл түс – «Талпын»

Интерактивті тақта

Оқулық


Жұмыс дәптерлері




Жұптық жұмыс
2-тапсырма
1) Scratch программасының сахнасы координата жазықтығы арқылы берілген (2-сурет). Асқар мен әпкесі Әлия мектептен үйге қайтып барады.
а) 2-суретті пайдаланып, Асқар үйіне жету үшін оның қозғалыс скриптіне қандай деректер қажет? Жазыңдар (3- сурет).
ә) 2-суретті пайдаланып, Әлияның үйіне жету үшін оның қозғалыс скриптіне қажетті деректерді жазыңдар (4-сурет).
2). Асқар мен Әлияның 3 және 4-суреттегі скриптерінің блок-сызбасын құрыңдар.

Дескриптор

  • Асқар үйіне жету үшін оның қозғалыс скриптіне қажетті деректерді жазады.

  • Әлияның үйіне жетуі үшін, оның қозғалыс скриптіне қажетті деректерді жазады.

  • Асқар мен Әлияның скриптерінің блок-сызбасын құрады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет