1 Бөлім. Психологиядағы ұлттық сананы қалыптастыру контекстіндегі тұлға 1-тақырып. Психологияға кіріспе



бет10/52
Дата16.09.2022
өлшемі251,8 Kb.
#39282
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   52
Байланысты:
1 Б лім. Психологияда ы лтты сананы алыптастыру контекстіндег

Сәттілікке жету мен қашқақтау мотивациялары теориясы іс-әрекетте әр түрлі болады. Іс- әрекеттегі сәттіліктер мен мотивация арасындағы тәуелділік біркелкі сипатқа ие бола алмайды, әсіресе, сәттілік мотивациясы мен жұмыс сапасы байланыстарында айқын көрінеді. Жұмыс сапасы мотивациясының орташа деңгейінің артықшылығы болып, әдетте, тым төмен немесе аса жоғары деңгейінде әлсірейді.
Мотивациалық құбылыстар бірнеше рет қайталана орырып, біртіндеп адам тұлғасының ерекшеліктеріне айналады. Бұндай ерекшеліктерге, ең алдымен, сәттілік мотиві мен сәтсіздіктен қашу мотивтерін жатқызуға болады, сонымен бірге бақылаудың, өзіндік бағаның, тартылу деңгейінің кейбір түрлері қосылады.
Сәттілік мотиві- адамның іс- әрекет пен қарым- қатынастың қандай түрінде болмасын сәттілікке жетуге деген ұмтылысы. Сәтсіздіктен қашу мотиві- өмірлік сәттерде адамның сәтсіздіктен қашуға тырысушылығы, ол басқалардың оның іс- әрекетіне баға беруімен өлшенеді. Бақылау түрін шектеу- себептерді шектеу сипаты негізінде өзінің әрекеті мен қатынасына басқалардың баға беруі түсіндіріледі. Бақылауды интерналды (іштей) шектеу- адам өзінен, өз ішінен мінез бен жауапкершілік себептерін іздеуі, бақылаудың экстернді (сырттай) шектелуі- адамнан тыс, қоршаған ортада, тағдырда осы себептер мен жауапкершіліктерін шектеу. Өзін- өзі бағалау- тұлғаның өзін өз күшін, мүмкіншіліктерін, сапалығын, жетістіктері мен кемшіліктерін, ортадағы орнын бағалауы. Талаптану деңгейі- тұлғаның өзін- өзі бағалауының қажетті деңгейі, іс- әрекеттің қандай да болмасын жоғарғы жетістігі және оған жетуге тырысуы.
Тұлға сонымен бірге төмендегідей мотивациялық нұсқалармен де сипатталады: қарым- қатынас қажеттілігі, билік мотиві, көмектесу мотиві, халыққа жәрдем беру және басқыншылық. Бұлардың әлеуметтік мәні бар, тұлғалардың адамдарға деген қарым- қатынасын анықтайтын мотивтер. Аффиляция- адамдар ортасында болуға тырысушылық, олармен сезімталдық- оң, жақсы қарым- қатынастар орнатуға тырысушылық. Аффиялция мотивіне қарсылылық ретінде, бас тарту мотиві көрініп, онда мойындамауға ұшырау, таныстардың одан бас тартуында байқалады. Билік мотиві- адамның басқаларға үстемдік етуінен, оларды билеуге ұмтылушылығынан туындаған. Альтруизм- адамдарға қайырымсыз көмек көрсетуге ұмтылушылық, антиоподы- өз жеке басының мүддесін басқалардың қажеттілігінен жоғары қоюдан туындаған өзімшілдік. Қатыгездік- адамның басқаларға дене, моральды және мүліктік залал келтіруге ұмтылысы. Қатыгездік тенденциясымен бірге адамда оны тежеу тенденциясы да бар. Қатыгез әрекеттерді тежеу мотиві адамның өз іс- әрекетінің дұрыс еместігін түсінуден, жанашырлық танытып, ар- ұят алдында азап шегуден туындайды.
Жалпы психологиялық- педагогикалық әдебиеттерде қажеттіліктер мен мотивтер арасында қалыптасқан тығыз байланыс жоқ десе де болады. В.Селиванов, мәселен, қажеттілік пен мотивтер арасындағы уақытша айырмашылықтарды атап көрсетеді. Кейбір мотивтер адам қажеттіліктерімен тіпті байланыспайды дейді. Анықтамалық түсініктермен бірге көптеген зерттеушілер еңбектерінде мотивациялық процестің кезеңдік қарастырылуы да орын алған. Мәселен, А.Файзуллаев мотивациялық процестің бес кезеңін атап көрсетеді: біріншісі- талаптанудың пайда болуы мен қабылдануы; екіншісі- мотивтің қабылдануы; үшіншісі- мотивтің жүзеге асуы; төртіншісі- мотивтің бекінуі, сөйтіп мінез құрамдасына айналуы; бесінші кезең- потенциалды талаптың өзектендірілуі.
Сөйтіп, әрбір таным- түсініктегі мотивация процесінің психологиялық- құрылымдық түрлері жан- жақты ғылыми талап- тілектер деңгейінде қарастырылып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет