Байланысты: 1 Б лім. Психологияда ы лтты сананы алыптастыру контекстіндег
ПСИХОДИАГНОСТИКА МІНДЕТТЕРІ, МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ ПРОБЛЕМАЛАРЫ. Психологиялық диагноздың негізгі зерттеу обьектісі – психика.
♦ Психодиагностика міндеттері:
Белгілі бір қасиеттің даму жағдайын анықтау;
Белгілі бір қасиеттің даму динамикасын нақты бір уақытқа байланысты анықтау;
Индивидттің және топтың психологиясы мен жүріс-тұрысындағы нақты өзгерістерді тағайындау;
Тұлғаның психологиялық дамуының кез-келген сипатын алдағы дамуға қатысты перспективасын тағайындау;
Адамдар және топтардың даму ерекшелігіне байланысты, одан ары қарай салыстырмалы жұмыс жүргізу үшін айыру, жіктеу, бөлу;
Индивидттің немесе ортаның қандай да бір міндетті шеше алу мүмкіншілігін анықтау;
Индивидттің немесе топтың психикасына қандай да бір медициналық немесе әлеуметтік норманың сәйкес келу –келмек жағын анықтау;
Индивидттер немесе топтар үшін белгілі бір ұсыныстық түсінік беру;
♦ Психодиагностика мақсаты:
Индивидттің жас ерекшеліктеріне байланысты психикалық даму динамикасын зерттейді.
Әр бір адамның даралық ерекшеліктерінің және бейімделудегі мінез-құлық әрекеті өзгерістерінің оңды стандарттарын оңды және теріс ауытқушылықтарын анықтайды;
Қандай да бір оқытудың, жетілдірудің, тәрбиелеудің нәтижелерінің болуын қамтамасыз ететіндей эксперимент жүргізуге жағдай жасайды;
Индивидттің нышанын, дарындылығын, кәсіби бейімділігін анықтайды;
Индивидттің жай-күйін, топтағы алатын орынын зерттейді.
♦ Психодиагностика мәселелері
Психикалық дамудың нормасын тағайындау.
Психикалық дамудың перспективасындағы белгілі бір жүйенің жоқтығы.
Негізгі ұғымдардың бір жүйеге келтірілмеуі.
Адам қабылдауының әлеуметтік және биологиялық табиғаттың ара- қатысының анықталмауы.
Оқыту мен тәрбиелеудің психикалық дамуындағы ара-қатынасының анықталуы.