1 Бөлім. Психологиядағы ұлттық сананы қалыптастыру контекстіндегі тұлға 1-тақырып. Психологияға кіріспе


Тақырып 2 Психодиагностиканың кәсіби-этикалық принциптері



бет32/52
Дата16.09.2022
өлшемі251,8 Kb.
#39282
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   52
Байланысты:
1 Б лім. Психологияда ы лтты сананы алыптастыру контекстіндег

Тақырып 2 Психодиагностиканың кәсіби-этикалық принциптері

Практикалық психология психологтардың кәсіби қызметіндегі ең күрделі және жауапты аймақ болып табылады. Бұл үшін өте жоғары білім, кәсіби шеберлік қажет. Себебі, диагностикалық зерттеу негізінде медициналық немесе соттық-психологиялық диагноз қойылуы, конкурстық жинақтау немесе жұмысқа қабылдау іске асырылуы мүмкін. Осыған байланысты, психологиялық диагностикаға және психодиагносттарға бірқатар әлеуметтік этикалық талаптар қойылады. Бұл талаптадың жартысы практик-психологтың этикалық кодексіне енгізілген. Солардың қатарында психодиагносткианың құпияларының сақталуы, психодиагностикалық әдістемелердің ғылыми негізділігі, зерттелінушілерге зиялдың келтірілмеуі, олар үшін алынған нәтижелердің ашықтылығы, қорытындылыардың объективтілігі мен ұсынылатын практикалық ұсыныстардың тиімділігі.



  1. Кәсіби құпиялылық принципі: психодиагностикалық жұмыс жүргізілген тұлғаның келісімінсіз нәтижелерді ешқайда, ешкімге таратпау, баяндамау. Бұл принцип психодиагностикада кәмелетке толған адамдарға қолданылады. Егер ол кәмелетке толмаса психодиагностика нәтижесін жариялау олардың ата-анасының рұқсатымен болуы керек. Егер психологиялық диагностика қандай да бір ғылыми мақсатпен жасалса, онда рұқсатсыз баяндауға болады. Сондай-ақ, онда зерттелінушінің аты-жөндері нақты көрсетілмейді, мұндай зерттеу жұмыстарында көп жағдайда кодпен беріледі.

  2. Психодиагностикалық әдістемелердің ғылыми негізділік принципі: әдістеменің валидтті және сенімді болуы, яғни, сенімді нәтижелер.

  3. Зиян келтірмеу принципі: психодиагностика нәтижелері қандай жағдай болмасын, зерттелінушіге зиял қарсы қолданылмауы тиіс. Егер психодиагностика қызметке алу немесе конкурстық мақсатта жүргізілсе, онда бұл принцип нәтижелердің ашықтылығы принципімен қатар жүреді.

  4. Қорытындылардың обьективтілік принципі: нәтижелерді қорытындылау міндетті түрде ғылыми негізділген, яғни валидтті және сенімді әдстемелердің нәтижелерінен шығу керек. Ал, егер тест өткізген адамның субъективті бағдарларымен қалып қойса, ол негізсіз болып саналады.

  5. Ұсыныстардың тиімділік принципі: ұсыныстар, беріліп отырған адамға міндетті түрде пайдасын әкелуі тиіс.

Көптеген елдерде мына этикалық нормалар кең таралған. Зерттелінушінің өз нәтижесінің мазмұнына комментария жасау қажет болса, фактілік ақпаратты мүмкіндігі болуы керек. Бұл жағдайда екі талап қойылады:

  1. Нәтижені зерттеуге жеткізгенде өте абай болу керек. Зерттелінуші адаммның психологиясына өзін-өзі бағалауы әсер етуі қажет.

  2. Егер зерттелінуші тесттік нормаларды қайта жазуға ұмтылса, психологта әдістеменің қосымша нұсқасы болуы керек.

6) Тұлғаның суверентті мінез-құлығын қамтамасыз ету принципі: негізгі этикалық принцип адамды зерттеуге алдаумен келтірмеу қажет, яғни адамға зерттеу алдында зерттеу нәтижелерін кім біле алатынын және қандай шешімдер табатыны жайлы ескертуі керек. Зерттеу нәтижесінде алынған барлық ақпарат қайталанып қолданылады.
Психодиагностикамен айналысатын адамдарға да ерекше квалификациялық талаптар қойылады. Олардың негізгілері: жақсы теориялық дайындық, психодиагностикалық әдістемелер мен оларды қолдануды 100 пайызға білу; әдістемелерді практикада қолданудағы жеткілікті тәжірибенің болуы.
Әр бір психодиагностикалық әдістеме қандай да бір объекттің психологиялық теориясы төңірегінде пайда болады (интеллект тесттері, тұлға тесті, ТАТ).
Сондықтан әр бір әдістеменің сүйенетін теориясын білген дұрыс. Онсыз психодиагност талдауда, интерпретацияда және нәтижелерден қорытынды шығарғанда қатты қателсуі мүмкін.
Психодиагностикамен айналысатын адам төмендегі моральды – этикалық нормаларды сақтау керек:

  1. Адамды еркінсіз психологиялық зерттеу жүргізбеу;

  2. Зерттеу алдында адамды өзі туралы санасыз түрде ақпарат беретінін ескерту қажет;

  3. Әр бір адам, заңға сәйкес тесттердің нәтижелерін білуге құқылы;

  4. Психологиялық тесттердің нәтижелері, зерттеуді жүргізген адаммен түсінікті формада жеткізіледі;

  5. Зерттеушлер кәмелетке толмаған болса, оның ата-аналары немесе жауапты тұлға зерттеу нәтижелерін білуге құқылы.

  6. Егер тестілеу, конкурстық негізде немесе жұмысқа алуға адамдардың психологиялық даму деңгейін анықтау мақсатында жүргізілсе, адам тест нәтижесін білумен қатар, кіммен өзі туралы қорытындылар шығаратынын білуге құқылы;

  7. Практикада психологиялық тесттерді қолдаудың негізгі жауапкершілік, оларды қолдаған психологтарға, тұлғаларға жауапты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет