1 Бөлім. Психологиядағы ұлттық сананы қалыптастыру контекстіндегі тұлға 1-тақырып. Психологияға кіріспе


Анкета-белгілі бір сұрақтарға жауап беру. Сұрақтар алдын-ала даярланады. Әңгімелесу



бет4/52
Дата16.09.2022
өлшемі251,8 Kb.
#39282
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Анкета-белгілі бір сұрақтарға жауап беру. Сұрақтар алдын-ала даярланады.
Әңгімелесу-алдын ала жоспарланған тақырып немесе мәселе төңірегінде 2 жақты пікір алмасу.
Сұқбат- белгілі бір мәселе жөнінде нақты бір кісінің сұрақ қоюы, респонденттің жауап беруі арқылы болған әдіс.
Моделдеу-жас ерекшеліктеріне байланысты әлеуметтік және психологиялық нормаларға байланысты. Зерттеуші моделді жасалынады да, респондент сол моделмен салыстырылады (моделдеуде адамның жаман жағы айтылмайды, бұнда тек % бен ғана айтылады.
Сұрақ-адамдар берілген сұрақтар реті бойынша жауап береді.
Сұрақнама-анкета, тест, т.б. осы сұрақнаманың түрлері.
Математикалық-статистика – белгілі бір қасиеттің сандық көрсеткіші.
Контент-анализ – белгілі бір іс-әрекет өнімі арқылы адамның қандай екендігі жөнінде ақпарат жинағы (киім киісіне, жүріс-тұрысына т.б.)
Социометрия- (лат. қоғам және өлшеймін)-шағын топтағы тұлғааралық қатынастардың ерекшелігін зерттеу әдісі. Бұл әдісті әлеуметтік психолог және психиатр Я.Морено (18921974) жасады.
3.Психологияның даму кезеңдерінің негізгі сипаттамасы. Психологияның дамуы 4 кезеңнен тұрады:

  1. Психология-Жан туралы ғылым

  2. Психология-Сана туралы ғылым

  3. Психология-мінез-құлық туралы ғылым

  4. Психология-психика механизмдері мен заңдылықтарының фактісінің дамуын зерттейді. Адамның психикасын, психологиялық таным процестерін, психологиялық және типологиялық ерекшелігін, жеке адамның даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

  1. Психология-Жан туралы ғылым. Психика жөніндегі алғашқы түсініктер Анимистік (барлық нәрседе де жан бар дейтін түсінік) сипатта болды. Әлемдік психикалық ой-пікірдің даму тарихы 2 кезеңге бөлінеді. Мұның біріншісі шамамен 2400 жылдай уақытқа созылып, көш басы (атақты философ) Аристотельден «О душе» трактатын жазып шығарды «ассоциация» ұғымын енгізді. (б. з. д. 384-322) басталатын ішкі тарих. Осынау сан ғасырлық үлкен кезеңге әр кезде өмір сүргін ғұламалар Гераклит «Өзіңді танып, білу үшін, ғылымды біл. Өмірде болып жатқан құбылыстар құдайдың көңіл күйінде емес, заңдылыққа байланысты» деген, «логос» терминін енгізген; Гиппократ (әйгілі дәрігердің баласы) «адамдар организмін зерттеген және аурудың себебін зерттеді. Сұйықтықтардың пропорциясына байланысты дейді, сау адамдар мен ауру адамдардың айырмашылығы» Лукреций, Эпикур, Демокрит. т.б. Ғұламалар адамның жан дүниесінің сыры мен қыры туралы небір сындарлы пікірлер айтқан. Аристотель өзінің «жан туралы» трактатында жан тәннің өмір сүру формасы екендігін, ( Тірі денеден жанның бөлінбейтіндігі туралы идеясын бірінші болып айтқан), мұның өзі ес, қиял, ойлау, эмоция секілді процестерге бөлінетіндігін айтты. Жанды зерттеу және түсіндіру-психология пәнінің қалыптасуының алғашқы кезеңі болып табылады. Сонымен, психология алғашында жан туралы ғылым ретінде анықталды. Алайда, жан дегеніміз не деген сұраққа жауап беру оңай болмады. Әр түрлі тарихи кезеңдердегі ғалымдар бұл сөзге әр түрлі мазмұн берді. Психиканың мәніне деген ғылыми көзқарастардың қалыптасуы мен дамуы әрқашанда философияның негізгі мәселесінің шешіміне-материя мен сананың, рухани және материалдық субстанциялардың, арақатынасына байланысты болған. Дәл осы мәселе төңірегінде бір-біріне диаматериалы қарсы екі философиялық бағыттар пайда болды: материалистік және идеалистік. Материализм мен идеализмнің арасында осыдан екі мың жылдан астам уақыт бұрын басталған тартыс қазір де жүріп жатыр. Психикалық құбылыстарды идеалистік (Платон-«жанның материямен ортақ еш нәрсесі жоқ. Жанның материалдық дүниеден айырмашылығы, ол-идеалды. Таным-психиканың сыртқы дүниемен өзара әрекеті емес, жанның адам тәніне енгенге дейін идеалды дүниеден не көргені жөніндегі естеліктер іспеттес. Обьективті дүние-танымдық қызметтің обьектісі емес, соған себепші ғана». Сократ- бойынша табиғат пен адамды құдай жаратқан) тұрғыдан түсінудің мәні психиканың материадан тыс, өз бетінше өмір сүретін болмыс ретінде қаралатындығында болып табылады. Психика-тәнсіз, материясыз негіздің-«абсолютті рухтың», «идеяның» көрініс беруі, дейді идеалистер. Тарихи жағдайларға байланысты идеализм өз ұсқынын өзгертеді, бүркемелене түседі, бірақ мәні өзгермей сол күйінде қалады. Психиканы материалистік (Демокрит-«Адам әртүрлі атом сортынан жаратылған. От атомы жанды құрайды» деді. Лукреций, Эпикур, Гераклит- ол дүние оттан п.б.; Фалес-«дүние судан п.б.» Аниксимандр-«апейрон» Анакеймен- «воздух» Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-фараби (870-950)) тұрғыдан түсінудің идеализмге қарама-қарсылығын психиканың материядан шығатын екінші кезекті құбылыс, ал материяның бірінші кезекті, субстрат (негіз), психиканың иесі ретінде қаралатындығында.

  2. (XVII) Психология-Сана туралы ғылым. Психологияның зерттеу пәні –сана деп қарастырды. Француз ғалымы Рене Декарт (1596-1650) (екінші кезеңнің басталуы) Ол тек ішкі ағзалардың жұмысы ғана емес, сонымен қатар ағзаның әрекеті-оның басқа сыртқы денелермен әрекеттестігі де жанды қажет етпейді дегенді көрсетті. Оның идеялары психология ғылымының кейінгі тағдырына ерекше ықпал етті. Декарт бір мезгілде екі ұғымды енгізді: сана және рефлекс Рефлекс-(жануар сыртқы ортаның әсеріне рефлекс (жүйке жүйесінің қызметі) арқылы жауап береді, деді). Алайда, ол өз ілімінде кенеттен жан мен тәнді қарама-қайшы қояды. Ол өзара тәуелсіз екі субстанцияның-материя мен рухтың-бар екендігін айтады. Сондықтан психология тарихындағы бұл ілім «дуализм» (латын тілінен «қосалқы») деген атаққа ие болды. Дуалистердің көзқарастары бойынша, психикалық құбылыстар мидың өнімі мен қызметі емес, мидан тыс әрі одан тәуелсіз өздігінен болады деп санайды. Философиядағы бұл бағыт обьективтік идеализм деген атқа ие болды. Декарттың жан мен денені бөліп салғанын, голландтық философ Спиноза (1632-1677) біріктірді. «Эмперикалық психология» терминін неміс философы ХVІІІ ғ. Х. Вольфом енгізді. Ағылшын философы Дж. Локк (1632-1704) түсінігі бойынша- сенсуализмнің – ақыл-ой жүйесінде сезім мүшелері арқылы өтпейтін еш нәрсе жоқ дейтінді уағыздайды. Дүниеге жаңа келген жас сәбидің психикасы, Локк ілімі бойынша «таза тақта». Сана-адамның жеке тәжірибесінен жинақталады. Неміс философы Г. Лейбниц (1646-1716) психологияның дамуымен психиканың механизмдерін түсінуге ықпалын тигізді. Ол психологияға «сана» ұғымымен қатар санасыздық ұғымын енгізді, санасыз түрде пайда болатын шексіз шағын перцепциялар бар екенін жоққа шығармайды. Туа берілетін идея жөніндегі Декард ілімін қолдай отырып, Локк сынын ескерді, оның сәбидің психикасы «таза тақта» деген тезиске қарсы шықты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет