1 Бөлім. Психологиядағы ұлттық сананы қалыптастыру контекстіндегі тұлға 1-тақырып. Психологияға кіріспе



бет49/52
Дата16.09.2022
өлшемі251,8 Kb.
#39282
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Байланысты:
1 Б лім. Психологияда ы лтты сананы алыптастыру контекстіндег

Энергия және энергияның қоршалуы — психологиялық талдаудан енген “энергия” ұғымы, оның кернеуде айқындалатын орналасуы мен қоршалуы (ең алдымен денелік — күйі, қимылы, көзқарасы, дауыс үні) гештальт-терапияда түсіндірмелі терминология және оқыту құралы ретінде қолданылады.
Бүгінгі күні гештальт-терапия жиі топтық нұсқада тәжірибеленеді. Осы бағытта «ойын» және «сынақ» деп аталатын психотехникаларға гештальт-терапияда үлкен мән беріледі.
Қызба орындық. Терапевтикалық топ мүшелері шеңбер болып орындыққа отырады. Топ мүшесінің бірі өз еркімен, ол әрине, тактикалық шамада терапевтпен «арандатылады», шеңбердің ортасындағы «қызба орындыққа» отырады және шынайы түрде өз мәселелері туралы айта бастайды, сондай-ақ басқа топ мүшелерінің сұрақтарына жауап береді. Терапевт өз жұмысын осы адамнан бастайды, ал топ бұл жұмысқа қолдау ретінде және осы жеке тұлғаның белсенділігі үшін мейірбандылық жағдай тудырады. Мұндай қолдау арқылы жеке тұлға батылдық пен дербестікке ғана ие болмай, сонымен қатар басқа топ мүшелері өз мәселелерін жете ұғынуына және оның шешілуінің ұқсас жолдарын өзіндік белсендіру арқылы табуға жағдай туғызады.
Екі рөлі. «Қызба орындықта» отырған клиентке қарам-қарсы бос орындық қойылады; онда елестетілген адам отыратын тәрізді, клиентте онымен ашық немес жасырын, бірақ жабырқаңқы немесе шешілмеген кикілжің пайда болады. Клиент екі ролді атқарады. Өз орындығынан ол өз атынан елестегі серіктесіне өтінеді, ал оның орындығында максимальды түрде басқа біреудің жай-күйін түсінуге және оның орнына өз-өзіне жауап беруге тырысады. Кей кездері клиентке қарам-қарсы клиентпен таңдалған топ мүшелерінің бірі бола алады, клиент оған сол адамның рөлін түсіндіреді. Осындай түсіндіру үдерісінде ол кикілжінге еріксіз түрде басқа көзбен қарай бастайды – басқа біреуді жақсырақ түсіне бастайды.
Кері байланыс. Бұл клиент пен психотерапевттің тұрақты психологиялық байланысы, ол клиенттің өз-өзін, өз жағдаятын (мәселе) жақсырақ көретін, өз жай-күйлері мен олардың мінез-құлық құбылыстарын объективті бағалай бастайтын айна тәрізді болып табылады.
Қазір мен ұғынамын... Бұл жаттығудың мәні – бұрын еске салынған гештальттерапияның негізгі қағидасына сәйкес осы нақты сәтте өзіндік санасының мазмұнын талдауға бағытталған клиенттің белсенділік пен тырысуының машықтануы: осында және қазір. Жаттығу уақыт сайын қайталанатын клиенттің «іске қосу» »Қазір мен ұғынамын...» фразасынан айтқаннан кейін басталатын зейіннің жинақталуынан тұрады. Клиент бірнеше минут бойы бұл фразаны нақты осы сәттегі өзінің сана мазмұнының бейнелеуін қоса қайталап отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет