1. Босаға майлау салты жайлы айтыңыз



бет2/5
Дата01.05.2023
өлшемі21,43 Kb.
#88689
1   2   3   4   5
Байланысты:
Гауһар апай

7.Қорықтық құю деген не?
Қорықтық құю деген Қазақтың көнеден келе жатқан емдік ғұрыпы. Бесікте жатқан сәбилер шошып оянғанда көз қарақты кісілер Баланы ұшықтап, дұға оқиды және қорғасынды ертіп , бесіктің бас жағына ұстап, ыдыстағы майға құятын болған, сол құйылған қорғасыннан шыққан бейнеге қарап неден қорыққанын болжайды және оны бесіктің басына іліп қояды. бұл енді қорықпасын деген ырымы болса керек. сонымен бірге басқада ауырған адамның төбесінің үстіне (басына тигізбей) май құйылған табаны әкеліп, екінші бір ыдыста қорытылған сұйық (ыстық) қорғасынды оның үстіне құйып кеп жібереді. Сонда «шар» етіп кішкене қорға-сын сұйығы бір бейне қал-пына түседі. Емші соған қарап ауруға «Сіз иттен немесе адамнан, жыланнан қорыққансыз» дегендей болжам айтып, ауруды жазылатынына сендіреді. бұл бір жағынан қорқып ауырған адамдар үшін психологиялық ем болса керек.

8.Алаштың бес арысы кімдер?
Алаштың бес арысы - Ахмет Байтұрсынов,
Шәкәрім Құдайбердіұлы,
Мағжан Жұмабаев,
Жүсіпбек Аймауытов,
Міржақып Дулатов.

9.Сүйек жаңғырту салты жайлы айтыңыз?
Сүйек жаңғырту. Қазақтың бұрыннан келе жатқан салт дәстүрі. Бұрындары құдандалы болған жақтар қайтадан қыз алысып, қыз берісіп құдалықты одан әрі жалғастырса, оны "сүйек жаңғырту" дейді. Бұл салт қыз бен жігіттің келісімімен қазір де жасалып жүр. ұзақ уақыттан құдалығы жалғасқан немесе көне құдаларды "Сары сүйек құдалар" дейді. Сүйек жаңғырту дегеніміз ол қазақ халқының байырғы көне салты. Бұл салт дәстүр өте ескі болғанымен қолданысқа қолайлы әрі тиімді. Сүйек жаңғырту негізінен өте алыстап кеткен ағайын туысты ана (шеше) жағынан бауырларды қайта жақындату мен қосуға арналған салт. Бұл салттың түрі әке жақтан алыстаған ағайындарға қолданылмайды. Рулық ерекшеліктерді ескеру ең басты сипат.

10.Қазақтың үш бәйтерегі атанған кімдер?
Қазақ әдебиетіндегі үш бәйтерек - Сәкен Сейфуллин,
Ілияс Жансүгіров,
Бейімбет Майлин

11.Тоқымқағар салты жайлы айтыңыз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет