1. Бромциклогександы синтездеу үшін қажетті, қосылысбензол 2


ГАЛОГЕНО-, ГИДРОКСИ-, ОКСОҚЫШҚЫЛДАР



бет123/126
Дата24.11.2022
өлшемі1,08 Mb.
#52412
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   126
ГАЛОГЕНО-, ГИДРОКСИ-, ОКСОҚЫШҚЫЛДАР
627. Молекула құрамы бір уақытта гидроксил тобынан және карбоксил тобынан тұратын органикалық қосылыс:
A)Спирттер.
B)Фенолдар.
C)Гидроксиқышқылдар. +
D)Қышқылдар.
E)Ангидридтер.
628. Гидроксиқышқылдардың атомдығы анықталады:
A)Гидроксил тобының санымен ғана. +
B)Карбоксил тобының санымен ғана.
C)Карбоксил тобының гидроксилдерін қоса алғандағы гидроксил санымен.
D)Гидроксилді қоса алғандағы карбоксил тобының санымен.
E)Карбонил тобының санымен.
629. Жүйелік номенклатура бойынша сүт қышқылының атауы: 
A)α-гидроксипропион қышқылы.
B)2-гидроксипропан қышқылы. +
C)2-пропанол қышқылы.
D) 3-гидроксипропан қышқылы.
E)2-метилпропан қышқылы.
630. 3-гидроксипропан қышқылын қыздырғанда түзіледі:
A) Акрил қышқылы. +
B)Кротон қышқылы
C)Пропион қышқылы.
D) 3-оксопропан қышқылы
E) 3-гидроксипропаналь.
631. 3-бромпропан қышқылын қыздырғанда түзіледі:
A) 3-Бромпропан.
B) Акрил қышқылы. +
C) Пропион қышқылы.
D) 3-Бромпропан қышқылы.
E) 3-Бромпропанал.
632. 3-гидроксибутан қышқылын қыздырғанда түзіледі:
A)Акрил қышқылы.
B)Кротон қышқылы +
C)Май қышқылы.
D)3-оксобутан қышқылы.
E)3-гидроксибутаналь.
633. Қышқыл қалай аталады HOOC-CH2-CO-COOH?
A) алма
B) пирожүзім
C) α-кетоглутар
D) ацетосірке
E) қымыздықсірке +
634. Ацетосірке қышқылының формуласы:
A) HOOC-CO-CH2-COOH
B) CHO-CH2-CH2-COOH
C) CH3-CO-CH2-COOH +
D) HOOC-CO-(CH2)2-COOH
E) CH3-CO-COOH
635. Циангидрид синтезі кезінде қандай қышқыл түзіледі, егер бастапқы зат – пропион альдегиді болса:
A) α-гидроксимай қышқылы. +
B) β-гидроксимай қышқылы.
C) α-гидрооксипропион қышқылы.
D) β-гидроксипропион қышқылы.
E) γ-гидроксимай қышқылы.
636. Ацетилсалицил қышқылының (аспирин) талаптарға сай екенін қай реактивтің көмегімен тексеруге болады:
A) Cu(OH)2 .
B) FeCl3. +
C) FeCl2.
D) Br2.
E) KMnO4.
637. Лимон қышқылындағы карбоксил топтардың саны:
А) 2
В) 3 +
С) 4
D) 1
Е) 5
638. Алма қышқылы жүйелік номенклатура бойынша аталады:
А) 2 – гидроксибутанди қышқылы. +
В) Бутан қышқылы.
С) 2 – оксобутан қышқылы.
D) Бутанди қышқылы.
Е) Бутенди қышқылы.
639. Лимон қышқылының құрамында болатын функционалдық топтар:
А) – ОН, – СООН және –NH2
В) – ОН және –NH2.
С) – ОН және – СООН. +
D) –NH2 және – СООН.
Е) – СООН және –СОNH2
640. Майлы карбон қышқылдарын α-жағдайда галогендеу реакциясының авторы: 
А) Фридель-Крафтс.
В) Гофман.
С) Гель-Фольгард-Зелинский. +
D) Тищенко.
Е) Вюрц.
641. Гидроксиқышқыл: 
А) Сүт қышқылы. +
В) Пирожүзім қышқылы.
С) Глиоксал қышқылы.
D) Антранил қышқылы.
Е) Сірке қышқылы.
642. Ацетилсалицил қышқылы синтезделеді
А) Май қышқылынан.
В) Алма қышқылынан.
С) Сүт қышқылынан.
D) Бензой қышқылынан.
Е) Салицил қышқылынан. +
643. γ-гидроксиқышқылдарын қыздырғанда түзіледі:
А) Лактондар. +
В) Лактидтер.
С) Амидтер.
D) Қанықпаған қышқылдар.
Е) Күрделі эфирлер.
644. α -гидроксиқышқылдарын қыздырғанда түзіледі:
А) Лактондар.
В) Лактидтер. +
С) Лактамдар.
D) Ангидридтер.
Е) Күрделі эфирлер.
645. Лактондар гидролизденгенде түзіледі:
А) Гидроксиқышқылдар. +
В) Оксоқышқылдар.
С) Спирттер.
D) Галогенқышқылдар.
Е) Аминоқышқылдар.
646. β-гидроксиқышқылдар дегидраттанғанда түзіледі:
А) Лактондар.
В) Лактидтер.
С) Лактамдар.
D) Қанықпаған қышқылдар. +
Е) Күрделі эфирлер.
647. Анестезин мен новокаин – туындылары:
А) α-аминомай қышқылының.
В) Сульфанил қышқылының.
С) Салицил қышқылының.
D) ПАБҚ (п-аминобензой қышқылы). +
Е) Сүт қышқылының.
648. Екі негізді гидроксиқышқылы:
А) Алма қышқылы. +
В) Сүт қышқылы.
С) Гликоль қышқылы.
D) Қымыздық қышқылы.
Е) Пирожүзім қышқылы.
649. СН3СН(ОН)СООН қосылысы аталады:
А) Салицил қышқылы.
В) Сүт қышқылы. +
С) Гликоль қышқылы.
D) Қымыздық қышқылы.
Е) Пирожүзім қышқылы.
650. Сүт қышқылындағы асимметриялық көміртегі атомдарының саны:
А) 1 +
В) 2
С) 3
D) 4
Е) 5
651. Аралық және соңғы өнімді анықтаңыз.
Пирожүзім қышқылы + [H] / Pt → ? + H2SO4 tо → HCOOH + ?
A) Сүт қышқылы, ацетон.
B) Пропион қышқылы, сірке альдегиді.
C) Сүт қышқылы, сірке альдегиді. +
D) Сүт қышқылы, сірке қышқылы.
E) Пропион қышқылы, ацетон.
652. Глиоксаль қышқылының тотығу өнімі:
A) Қымыздық қышқылы. +
B) Этанол.
C) Сірке қышқылы.
D) Гликоль қышқылы.
E) Сірке альдегиді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет