Тиреотоксикоз (гипертиреоз) – бұл қандағы тиреоидты гормондардың (ТГ) шамадан тыс болуымен және олардың әр түрлі ағзалар мен тіндерге уытты әсерімен негізделген клиникалық синдром.
Шағымдар және анамнез: Шағымдар:
· күйгелектік;
· тершеңдік;
· жүрек соғысы;
· жоғары шаршаңқылық;
· көтеріңкі тәбет және соған қарамастан арықтау;
· жалпы әлсіздік;
· эмоционалды құбылмалылық;
· демікпе;
· ұйқының бұзылуы, кейде ұйқысыздық;
· қоршаған ортаның жоғары температурасын төзе алмаушылық;
· диарея;
· көз тарапынан дискомфорт – көз алмасы, қабақ тұсындағы жағымсыз әсерлер;
· еттеккір циклінің бұзылуы.