1 Цикл уроков: Әйелдер жайлы қырық хадис


сақ болыңдар». Сонда бір аңсар: «Күйеуінің бауыры ше?» - деп сұраған. Ол (оған



Pdf көрінісі
бет19/37
Дата27.09.2023
өлшемі243,74 Kb.
#110892
түріУрок
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37
Байланысты:
✨Әйелдер жайлы 40 хадис

17
сақ болыңдар». Сонда бір аңсар: «Күйеуінің бауыры ше?» - деп сұраған. Ол (оған
Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Күйеуінің бауыры – ажал», - деген (әл-Бұхари
мен Муслим).
Ибн Дақиқәл-Ид «Ихкамәл-Ахкам» кітабында былай дейді:
ﻮﻫو ، ﺮﺧآ ﺮﻣأ رﺎﺒﺘﻋا ﻦﻣ ﺪﺑ ﻻو ، ﻦﻫﺮﻴﻏ ﻟإ ﺔﺒﺴﻨﻟﺎﺑ مﺎﻋو ، مرﺎﺤﻤﻟا ﺮﻴﻐﺑ صﻮﺼﺨﻣ
ﻊﻨﺘﻤﻳ ﻼﻓ ﻚﻟذ ﺾﺘﻘﻳ ﻢﻟ اذإ ﺎﻣأ ، ةﻮﻠﺨﻠﻟ ﺎﻴﻀﺘﻘﻣ لﻮﺧﺪﻟا نﻮﻳ نأ
«Бұл хадистің махрамдарға қатысы жоқ. Бірақ, ол қалған адамдардың барлығына ортақ.
Сондай-ақ, тағы бір айта кететіні, мұнда әйел мен еркектің оңаша қалуы жайында айтылған,
олар оңаша қалмайтын болса, тыйым да салынбайды».
Сол себепті, Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл сөздері қарама-қарсы
жыныс өкілімен оңашалануға тыйым салынатынын көрсетеді. Қоғамда ол адамдар туыс болып
саналғанымен (мәселен, немере әпке-қарындасың немесе күйеуіңнің бауыры), Шариғат
бүліктің алдын алу мақсатында олармен оңашалануға тыйым салады.
Имам ән-Нәуәуи «Шарх Муслимде» былай дейді:
ﻞﺤﻳ ﺎﻤﻣ . ﻢﻫﻮﺤﻧو ﺖﺧﻷا ﻦﺑاو ، ﻢﻌﻟا ﻦﺑاو ، ﻢﻌﻟاو خﻷا ﻦﺑاو ، خﻷا داﺮﻤﻟا ﺎﻤﻧإو
ةأﺮﻣﺎﺑ خﻷا ﻮﻠﺨﻴﻓ ﻪﻴﻓ ﻞﻫﺎﺴﺘﻟﺎﺑ ةدﺎﻌﻟا تﺮﺟو ، ﺔﺟوﺰﺘﻣ ﻦﺗ ﻢﻟ ﻮﻟ ﻪﺠﻳوﺰﺗ ﻪﻟ
ﺒﻨﺟﻷا ﻦﻣ ﻊﻨﻤﻟﺎﺑ ﻟوأ ﻮﻫو ، تﻮﻤﻟﺎﺑ ﻪﺒﺸﻓ ﻪﻴﺧأ
«Бұл хадисте әйелдің күйеуінің бауыры, күйеуінің бауырының ұлы, күйеуінің әкесінің және
анасының бауырлары, күйеуінің әкесінің және анасының бауырларының ұлдары, күйеуінің
әпке-қарындастарының ұлдары және ол әйел тұрмыста болмаған жағдайда оған үйлене
алатын еркектердің бәрі меңзелген.Әдетте адамдар бұл мәселеде немқұрайлылық танытады,
бауырыңның әйелімен оңаша қалуды ұят көрмейді. Сол себепті де, Алла Елшісі (оған Алланың
игілігі мен сәлемі болсын) мұны ажалмен салыстырған. Демек, мүлдем жат адамдарға
қарағанда оларға қойылатын тыйым әлдеқайда қатаң».
Неге оларға салынатын тыйым әлдеқайда қатаң? Себебі, басқаларға қарағанда, оларға
оңашалану оңай және бұл ешқандай күдік тудырмайды.
Әл-Қуртуби «Әл-Мәфхамда» былай дейді:
ﻪﺒﺸﻳ جوﺰﻟا ةأﺮﻣا ﻠﻋ جوﺰﻟا ﺐﻳﺮﻗ لﻮﺧد نأ ﻨﻌﻤﻟا : ﻢﻬﻔﻤﻟا ﻓ ﺒﻃﺮﻘﻟا لﺎﻗ
ﺮﺟﺰﻟا ﻓ ﻎﻟﺎﺑ ﺎﻤﻧإو ، ﻢﻳﺮﺤﺘﻟا مﻮﻠﻌﻣ مﺮﺤﻣ ﻮﻬﻓ : يأ ةﺪﺴﻔﻤﻟاو حﺎﺒﻘﺘﺳﻻا ﻓ تﻮﻤﻟا
ﺘﺣ ﻚﻟﺬﺑ ﻢﻬﻔﻟﻹ ﺔﺟوﺰﻟاو جوﺰﻟا ﺔﻬﺟ ﻦﻣ ﻪﺑ سﺎﻨﻟا ﺢﻣﺎﺴﺘﻟ تﻮﻤﻟﺎﺑ ﻪﻬﺒﺷو ﻪﻨﻋ
بﺮﺤﻟاو ، تﻮﻤﻟا ﺪﺳﻷا بﺮﻌﻟا لﻮﻗ جﺮﺨﻣ اﺬﻫ جﺮﺨﻓ . ةأﺮﻤﻟا ﻦﻣ ﺒﻨﺟﺄﺑ ﺲﻴﻟ ﻪﻧﺄﻛ
تﻮﻣ ﻟإ ﻀﻔﻳ ﺪﻗ ةأﺮﻤﻟا ﻠﻋ ﻪﻟﻮﺧد ﻚﻟﺬﻛو ، تﻮﻤﻟا ﻟإ ﻀﻔﻳ هؤﺎﻘﻟ : يأ ، تﻮﻤﻟا
ﺔﺸﺣﺎﻔﻟا ﺖﻌﻗو نإ ﻢﺟﺮﻟا ﻟا وأ جوﺰﻟا ةﺮﻴﻏ ﺪﻨﻋ ﺎﻬﻗﻼﻄﺑ ﺎﻬﺗﻮﻣ ﻟا وأ ﻦﻳﺪﻟا
«Мұның мағынасы мынадай: күйеуіңнің жақын туыстарымен оңаша қалудың ажалға ұқсайтын
себебі, бұл – ақыр соңында бір бәлеге душар ететін әбестік. Ерлер де, әйелдер де құдды ол
адамдар әйелге бөтен емес сияқты, бұл мәселеге тым немқұрайлы қарайды. Бұл айтылған


18
сөздер арабтардың мына мақалдарына ұқсайды: «Арыстан – ажал» немесе «Соғыс дегеніміз -
өлім», яғни, олармен бетпе-бет келу өліммен аяқталады. Дәл сол сияқты, бөтен әйелмен
оңашалану адамның дінінің түбіне жетуі мүмкін, не ол (әйел) құрдымға кетеді, яғни, күйеуі
қызғаныштан онымен ажырасып тынуы ықтимал, не зина жасалғаны анықталса, мұның өлім
жазасымен аяқталуы ғажап емес».
Расында да, біздің заманымызда адамдар бұл тыйымды орындауға өте салақ қарайды. Кейбір
мұсылман халықтарында әйел адам күйеуінің туыстарына жанаса алады деп саналады,
мәселен, өздерінің жақын туыс екенін көрсетіп, күйеуінің бауырын құшақтай алады. Мұның
бәрі – жиіркенішті әдет-ғұрып. Адамдарды олардан сақтандыру керек.
Ал, ең дұрысын Алла біледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет