28
өкілдерінің аралас-құралас болуына тыйым салынған.
Қаншама еркек әйелдердің кесірінен түпсіз шыңырауға түсті: олардың біреулері қарызға
белшесінен батып жатса, екінші біреулері қызғаныштан өлтірілді, ал, тағы басқалары
қызғаныштан өздері кісі өлтірді. Мұндай буырқанған құштарлық біздің дінімізге қайшы келеді,
өйткені, жүректің күші Аллаға деген махаббат пен Оның разылығына жетуге жұмсалуы тиіс.
Бірақ, әйел әдетте еркектің көңілін Алладан алаңдатып, оның рухани күшін өзіне бағыттайды.
Алайда, жақсылап түсініп, жадымызға түйіп алатын бір нәрсе бар: ізгі әйел дегеніміз –
«айфонның 10 долларлық қосымшасы» емес, бұл жалғанның ең қымбат қазынасы. Сол себепті
де, ондай әйелдерді әлеуметтік желілерден кездестіре алмайсың, ізгі әйелді ізгі отбасынан,
ізгі ата-анадан іздеу керек.
Достарыңызбен бөлісу: