1 Цикл уроков: Әйелдер жайлы қырық хадис


Алтыншы хадис: Күйеуге бағыну



Pdf көрінісі
бет16/37
Дата27.09.2023
өлшемі243,74 Kb.
#110892
түріУрок
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37
Байланысты:
✨Әйелдер жайлы 40 хадис

Алтыншы хадис: Күйеуге бағыну
ةأﺮﻤﻠﻟ ﻞﺤﻳ ﻻ لﺎﻗ ﻢﻠﺳو ﻪﻴﻠﻋ ﻪﻟا ﻠﺻ ﻪﻟا لﻮﺳر نأ ﻪﻨﻋ ﻪﻟا ﺿر ةﺮﻳﺮﻫ ﺑأ ﻦﻋ
ﺔﻘﻔﻧ ﻦﻣ ﺖﻘﻔﻧأ ﺎﻣو ﻪﻧذﺈﺑ ﻻإ ﻪﺘﻴﺑ ﻓ نذﺄﺗ ﻻو ﻪﻧذﺈﺑ ﻻإ ﺪﻫﺎﺷ ﺎﻬﺟوزو مﻮﺼﺗ نأ
هﺮﻄﺷ ﻪﻴﻟإ ىدﺆﻳ ﻪﻧﺈﻓ هﺮﻣأ ﺮﻴﻏ ﻦﻋ
Әбу Хурейрадан (Алла оған разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен
сәлемі болсын) былай дегені риуаят етілген: «Күйеуі қасында болса, ол рұқсат
етпеген жағдайда әйелге ораза ұстауға рұқсат етілмейді және ерінің рұқсатынсыз
оның үйіне біреуді кіргізуге рұқсат етілмейді. Ал, ол ерінің дүние-мүлігінен оның
әмірінсіз жұмсар болса, оған (күйеуіне) жарты [сауап]» (әл-Бұхари).
Бұл хадис бізге алдыңғы хадисте баяндалған қағидаларды, яғни, күйеуге бағыну мен оның
разылығына ұмтылу керектігін көрсетеді.
Исламдағы аса маңызды әлеуметтік концептілердің бірі – биліктің бір адамның қолында болуы,
яғни, кез келген істе және кез келген жұмыста бір басшы болуы керек, қалған адамдар соған
бағынуы тиіс. Ал, бұдан басқаша үлгі бүліншілікке, құлдырауға және бейберекеттікке әкеп
соғады. Бұл қағидалар тиімді кәсіп немесе табысты компания құрғысы келетін кез келген
адамға түсінікті. Бірақ, мәселе жанұя мен отбасылық қарым-қатынасқа кеп тірелгенде,
көптеген адамдар тең құқықтық жайлы сөз қозғай бастайды. Жанұя – басқару мен бақылауды
талап ететін әлеуметтік ағза. Толық билікті қолына алған бір адам болмаса, оны басқару да,
бақылауда ұстау да мүмкін емес.
Біздің дінімізге сәйкес, ондай рөлдің күйеуге артылатыны сөзсіз. Сол себепті, Ислам отбасында
кикілжің тудыруы ықтимал немесе даулы мәселеге айналуы мүмкін болған нәрселердің бәрін


15
қарастырып, ретке келтіреді.
Исламда «екі жыныстың арасында соғыс» деген ұғым жоқ – гендерлік басымдылыққа қатысты
мәселелердің барлығы қайта қарауды қажет етпейтіндей дәрежеде түбегейлі шешілген.
«Фәтх әл-Бәридің» авторы Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «күйеуі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет