1 Цикл уроков: Әйелдер жайлы қырық хадис


Он тоғызыншы хадис. Үйленгендеріңді жария етіңдер



Pdf көрінісі
бет33/37
Дата27.09.2023
өлшемі243,74 Kb.
#110892
түріУрок
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
✨Әйелдер жайлы 40 хадис

Он тоғызыншы хадис. Үйленгендеріңді жария етіңдер
حﺎﻨﻟا اﺬﻫ اﻮﻨﻠﻋأ : ‐ ﻢﻠﺳو ﻪﻴﻠﻋ ﻪﻟا ﻠﺻ ‐ ﻪﻟا لﻮﺳر لﺎﻗ : ﺖﻟﺎﻗ ﺔﺸﺋﺎﻋ ﻦﻋو
يﺬﻣﺮﺘﻟا هاور . فﻮﻓﺪﻟﺎﺑ ﻪﻴﻠﻋ اﻮﺑﺮﺿاو ﺪﺟﺎﺴﻤﻟا ﻓ هﻮﻠﻌﺟاو
Аишадан (Алла оған разы болсын) риуаят етілген: «Алла Елшісі (оған Алланың
игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Некені жариялаңдар, оны мешітте
қиыңдар және дабыл қағыңдар»» (әт-Тирмизи).
Бұл хадисте неке қиюдың әлеуметтік мәні көрініс тапқан – жаңа отбасының құрылғандығын,
яғни, екі адамның өзара келісім жасап, бір-біріне адал болғандығын қоғамға хабарлау.
Сол себепті де, тойдың (уәлиманың) мақсаттарының бірі – неке қиылғанын мейлінше көп
адамға жария ету.
Ары қарай не жөнінде сөз болатынын бәріңіз түсінген боларсыздар. Жасырын неке жөнінде.
Бұл жағдай шынымен де жаппай етек жайып келеді: жастар әке-шешелерінен, кейде керек
десеңіз, достарынан да жасырын түрде некеге тұрып жатады. Немесе, мәселен, біреу «бірінші
әйеліне» білдірместен, «екінші әйел» алады. Бірнеше ай (тіпті жыл) өткеннен кейін бірінші
әйелінің құрбысы оған күйеуінің әлдеқашан екінші әйел алып қойғанын жеткізеді.
Некенің жарамдылығын сөз етер болсақ, қызға үйлену үшін ердің келісімі, қыз баланың
уәлиінің келісімі (шәфиғи мәзһабы бойынша) қажет болады және екі куәгер болуы тиіс. Қазіргі
кезде неке жарамды болуы үшін уәлидің келісімі шарт емес деген ханафи мәзһабының пікірі
белсенді түрде қолданыла бастады. Иә, ханафиттерде уәлидің келісімі некенің
жарамдылығының шарты емес. Бірақ, осы пікірді қолданатындар бұл мәселенің басқа қырын
байқағылары келмейді: егер қыз бала уәлиінің келісімінсіз тұрмысқа шықса, күйеуі оның теңі
болмаса, қыздың уәлиі некені бұза алады.


35
Имам әл-Мусыли, Алла оны рақымына бөлесін, «Әл-Мухтар» еңбегінде екі адамның дәрежесі
сәйкес болуы үшін қажетті шарттарды атап өтті:
ﻓو ، ﻊﺋﺎﻨﺼﻟا ﻓو ، ىﻮﻘﺘﻟاو ﻦﻳﺪﻟا ﻓو ، ﺐﺴﻨﻟا ﻓ حﺎﻨﻟا ﻓ ﺮﺒﺘﻌﺗ ةءﺎﻔﻟاو
ناﻮﺑأ ﻪﻟ ﻦﻣ ﻓﺎﻳ ﻻ ﺔﻳﺮﺤﻟا وأ مﻼﺳﻹا ﻓ بأ ﻪﻟ ﻦﻣو ، لﺎﻤﻟا ﻓو ، ﺔﻳﺮﺤﻟا ،
«Некедегі үйлесімділік ер мен әйелдің шыққан тегі, діні мен тақуалығы, мамандығы, еркіндігі,
дүние-мүлігіне қарап анықталады. Әкесі немесе анасы Исламда немесе ерікті болған адам
әкесі де, шешесі де Исламда әрі ерікті болған адамға тең емес».
Бірінші тармаққа (шыққан тегі) келер болсақ, халықтардың екі түрі бар: арабтар мен араб
еместер. Арабтардың арасында құрайыштықтар мен құрайыштық еместер ерекше бөлініп
көрсетіледі. Қалған халықтар мен ұлттардың бәрі бір-бірімен бірдей.
Діні мен тақуалығы деген тұсқа келер болсақ, мәселен, ғұламаның немесе тақуа адамның
қызы күнәһарға тұрмысқа шыққан болса, қыздың уәлиі некені бұза алады.
Дүние-мүлікке келер болсақ, имам әл-Мусыли, Алла оны рақымына бөлесін, бұған мынадай
анықтама берген:
ﺮﺧﻵا نود ﺎﻤﻫﺪﺣأ ﺪﺟو ﻮﻟ ﺘﺣ ﺔﻳاوﺮﻟا ﺮﻫﺎﻇ ﻓ ﺔﻘﻔﻨﻟاو ﻞﺠﻌﻤﻟا ﺮﻬﻤﻟا ﻚﻠﻣ ﻮﻫو
ﻪﻨﻣ ﺪﺑ ﻼﻓ جاودزﻻا موﺪﻳو حﺎﻨﻟا ﺢﻟﺎﺼﻣ مﻮﻘﺗ ﺔﻘﻔﻨﻟﺎﺑ نﻷ ; اﺆﻔﻛ نﻮﻳ ﻻ
«Имамдардан риуаят етілгендей (захирәр-риуая), бұл – мәһрды бірден беру және қамтамасыз
ету. Егер біреуі болып, екінші бірдеңе жоқ болмаса, ол екеуінің арасында жарасымдылық
болмайды. Себебі, адам қамтамасыз ету арқылы некеден береке алады әрі неке де солай
сақталады. Сол себепті, бұл міндетті».
Бұдан түсінгеніміз, егер қыз баласы уәлилерінің келісімінсіз тұрмысқа шықса, ал, күйеуінің
оған мәһрды беруге немесе оны асырауға шама-шарқы жетпесе, қыздың уәлиі некені бұза
алады.
Келесі шарттың да маңызы зор: егер ата-анасы мұсылман емес, өзі Ислам дінін қабылдаған
жігіт әкесі де, шешесі де мұсылман қызға оның уәлиінің келісімінсіз үйленер болса, онда
қыздың уәлиі некенің бұзылуын талап етуге құқылы. Қарапайым тілмен айтқанда, егер
этникалық мұсылман емес ер кісі этникалық мұсылман әйелге үйленер болса, оның
уәлилерінің келісімін алуы тиіс.
Әйтпеген жағдайда, күндердің күнінде бұл оның отбасының ойрандалуына себеп болуы
қытимал.
Осылайша, егер мұсылман әйел «бір жақсы мұсылман жігітке» алданып, оған «ханафи
мәзһабына сәйкес», жасырын түрде тұрмысқа шыққан болса, кейін сол жігіттің оны асырай
алмайтыны, тиісті мәһрын да төлей алмайтыны және дәрежесі де оған тең келмейтіні
анықталып жатса, ол өзінің уәлилері арқылы некенің бұзылуын талап ете алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет