Жиырма екінші хадис. Әйел қабырғадан жаратылған
ءﺎﺴﻨﻟﺎﺑ اﻮﺻﻮﺘﺳا : ‐ ﻢﻠﺳو ﻪﻴﻠﻋ ﻪﻟا ﻠﺻ ‐ ﻪﻟا لﻮﺳر لﺎﻗ : لﺎﻗ ةﺮﻳﺮﻫ ﺑأ ﻦﻋ
ﻪﻤﻴﻘﺗ ﺖﺒﻫذ نﺈﻓ هﻼﻋأ ﻊﻠﻀﻟا ﻓ ءﺷ جﻮﻋأ نإو ﻊﻠﺿ ﻦﻣ ﻦﻘﻠﺧ ﻦﻬﻧﺈﻓ اﺮﻴﺧ
ﻪﻴﻠﻋ ﻖﻔﺘﻣ . ءﺎﺴﻨﻟﺎﺑ اﻮﺻﻮﺘﺳﺎﻓ جﻮﻋأ لﺰﻳ ﻢﻟ ﻪﺘﻛﺮﺗ نإو ، ﻪﺗﺮﺴﻛ.
Әбу Хурейрадан (Алла оған разы болсын) риуаят етілген: «Алла Елшісі (оған
Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді:«Сендерге әйелдеріңе жақсы
қарым-қатынас жасауды өсиет етемін. Ақиқатында, олар қабырғадан жаратылған.
Ал, қабырғаның ең қисық жері – оның жоғарғы бөлігі. Оны түзетемін десеңдер,
сындырып аласыңдар, ал, сол күйінде қалдырсаңдар, ол түзелмейді. Сендерге
әйелдеріңе жақсы қарауды өсиет етемін»» (әл-Бұхари мен Муслим).
Молда Әли әл-Қари бұл хадисті былай түсіндіреді:
، ﻦﻬﺟﺎﺟﻮﻋا ﻊﻣ تﺎﺒﺜﻟاو ، ﻦﻬﺘﻣﺎﻘﺘﺳا ﻦﻋ ﻊﻤﻄﻟا ﻊﻄﻗو ، ﻦﻬﻌﻣ ةراﺪﻤﻟا دﻮﺼﻘﻤﻟاو
«Бұл сөздердің мәні мынада: әйеліңмен «ол түзеліп кетеді» деп үміттенбей өмір сүру, оның
«қисықтығына» қарамастан, онымен бірге болу».
Бұл хадисті неке туралы хадистердің ішіне кіргізгеніміздің себебі – жас жұбайлар үйленген
сәттен бастап отбасылық өмірге аяқ басады, бір-бірімен жақын танысады, осылайша, екеуінің
бір-біріне үйренісу кезеңі басталады.
Түсінуді қажет ететін және Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтып кеткен
бірінші нәрсе – еркекке үнемі әйелді түзету керек сияқты көрініп тұрады. Сол себепті, бұл
мәселеде орта жолды ұстану қажеттігін білуге тиіспіз: иә, рас, әйел күйеуінің ыңғайына
жығылуы керек, ер де әйеліне әрдайым соны меңзеп, ұғындырып отыруы тиіс. Бірақ, шектен
шықпаған жөн.
Кемшіліктерге сабырлық танытып, жүйкеңізге тиетін кейбір нәрселерге көндігіп, оларды қабыл
ала білу қажет: бір әйел дүкенге бару үшін ұзақ жиналуы мүмкін, басқа әйел шамадан тыс
назды (қыңыр) болуы ықтимал, тағы бір әйел тағамның бір түрін ұнатса, екінші түрін мүлде
ұнатпауы әбден мүмкін, тіпті еркек сол екі тағамның арасында қандай айырмашылық барын
түсінбесе де. Осы болмашы кемшіліктерге шыдай білген абзал. Себебі, әйелді
Достарыңызбен бөлісу: |