1 Цикл уроков: Әйелдер жайлы қырық хадис


«Егерде Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдердің қазіргі



Pdf көрінісі
бет5/37
Дата27.09.2023
өлшемі243,74 Kb.
#110892
түріУрок
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
✨Әйелдер жайлы 40 хадис

«Егерде Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдердің қазіргі
халін көргенде,бану Исраильдің әйелдеріне тыйым салынғандығы секілді, барша
әйелдерге мешітке баруға тыйым салар еді» (Әл-Бұхари мен Муслим).
Аишаның (Алла оған разы болсын) заманында-ақ сондай азғындық орын алған болса, бірде-бір
әйел бөгде адамдардың назарынан қорғалмаған, ал, Алланың әміріне бойсұынып, бүркенген
иманды әйелге дінсіздер мен нағыз күнәһарлар ерекше қызығушылық танытып жатқан қазіргі
заман жайлы айтпасақ та болады!


5
Шәфиғи мәзһабы
Имам әр-Рамли «Нихаят әл-Мухтаджда» былай жазады:
ﺐﻴﻄﻟا ﺢﻳﺮﻟا وأ ﺔﻨﻳﺰﻟا ﻦﻣ ءﺷ ﺎﻬﺑو ةﺎﻬﺘﺸﻣ ﺮﻴﻏ وأ ، ﺔﻨﻬﻣ بﺎﻴﺛ ﻓ ﻮﻟو ةﺎﻬﺘﺸﻣ ﺖﻧﺎﻛ نإ ﺪﺠﺴﻤﻟا ﺔﻋﺎﻤﺟ رﻮﻀﺣ ﺎﻬﻟ هﺮﻳو
«Әйел адам тартымды болса,тіпті үстіне ескірген, өңсіз киім кигендігіне қарамастан, мешіттегі
жамағат намазына қатыспағаны абзал, яки тартымсыз болса да, сәнді киінген немесе үстіне
әтір сепкен болса да».
Имам әш-Шәбрамулси «тартымды» деген сөзді былай түсіндірген:
ﻢﻠﻌﺗ ﺎﻬﺘﺌﻴﻫ نﻷ ؛ ﺢﻳر تاذ ﻦﺗ ﻢﻟ نإو ﺔﺑﺎﺸﻟا تﺎﻴﻬﺘﺸﻤﻟا ﻦﻣو
«Тартымды әйелдерге жас қыздар жатады, олар үстілеріне әтір сеппеген жағдайда да,
өйткені, олар (жас қыздар) бірден танылады».
Біз имам әр-Рамлидің осы айтқандарына қарап, жас әрі тартымды қыздың үстіне әтір сеппесе
де және адамдардың назарын өзіне аудармайтындай қарапайым киінсе де, мешіттегі жамағат
намазына қатыспағаны абзал екенін түсінеміз.
Қарапайым киінген және үстіне әтір сеппеген тартымсыз әйелге жамағат намазына қатысу
рұқсат етіледі (мубах). Әйтпеген жағдайда, оның да мешітке баруы құпталмайды.
Имам ән-Нәуәуи «Әл-Мәджму`да» осыған түсініктеме берген:
ﻪﻨﻣ ﺎﻬﻨﻴﻤﺗ ﺎﻬﻴﻟوو ﺎﻬﺟوﺰﻟ هﺮﻛو ﺎﻬﻟ هﺮﻛ ﻬﺘﺸﺗ ةﺮﻴﺒﻛ وأ ﺔﺑﺎﺷ ﺖﻧﺎﻛ نإ : ﺎﻨﺑﺎﺤﺻأ لﺎﻗ ةﻼﺼﻠﻟ ﺪﺠﺴﻤﻟا رﻮﻀﺣ ةأﺮﻤﻟا تدارأ نإو
ﻞﻴﺼﻔﺘﻟا اﺬﻫ ﻀﺘﻘﺗ ﺔﺤﻴﺤﺻ ﺚﻳدﺎﺣأ تءﺎﺟ ﺪﻗو ، هﺮﻳ ﻢﻟ ﻬﺘﺸﺗ ﻻ ازﻮﺠﻋ ﺖﻧﺎﻛ نإو
«Егерде әйел адам намаз оқуға мешітке барғысы келсе, бұл жайында біздің ғұламаларымыз
былай деген: “Егер ол жас болса, не жас болмаса да, көрікті болса, оның мешітке бармағаны
абзал және оның күйеуі мен уәлилерінің мұны рұқсат етпегендері абзал. Ал, егер ол мосқал
тартқан, шырайсыз әйел болса, мұның сөкеттігі жоқ. Бұл мәселені бүге-шігесіне дейін
талдаған сенімді хадистер осыны растайды».
Бірақ, мәкрух (ұнамсыз амал) харам (тыйым салынған) деген сөз емес. Сол себепті, егер қыз
бала, дегенмен, мешітке баруға бел буса, онда Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі
болсын) кейбір сахаба әйелдерге берген әмірлерін орындағаны жөн:
ﺎﺒﻴﻃ ﺲﻤﺗ ﻼﻓ ﺪﺠﺴﻤﻟا ﻦﻛاﺪﺣإ تﺪﻬﺷ اذإ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет