8
ұялмайды. Егер Пайғамбар (Ғ.С.) дың жұбайларынан бір нәрсе сұрасаңдар, далданың
артынан сұраңдар; бұларың, сендердің де, олардың да жүректерінің тазалығы.
Сондай-ақ сендердің Алланың Елшісін қынжылтуларыңа және одан кейін
жұбайларымен әсте некеленулеріңе болмайды. Сондай істеулерің Алла қасында зор
күнә».(«Әл-Ахзаб» сүресі, 53 аят).
Бұл аятта қонақ қабылдау мен тамақтануға қатысты және Пайғамбар (оған Алланың игілігі
мен сәлемі болсын) дүние салғаннан кейін оның әйелдеріне ешкімнің үйлене алмайтындығына
қатысты көптеген шариғаттық
шешімдер тұжырымдалған, өзге де мәселелер қозғалған, бірақ,
бізге керегі - мына сөздер(мағынасы): «Егер Пайғамбар (Ғ.С.) дың жұбайларынан бір нәрсе
сұрасаңдар, далданың артынан сұраңдар».
Осы аяттан кейін Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдеріне қолдары
мен жүздерін қоса бүкіл денелерін жабу міндетті болғандығын Құран
тәпсіршілері бірауыздан
мәлімдеген. Сонымен қатар, бұл аят ерлер мен әйелдердің бір жерде аралас-құралас болуына,
(ерлі зайыпты және махрам болмаса), қарама-қарсы жыныс өкілдерінің оңаша қалуына және
өзге де сондай жайттарға тыйым салды.
Басқа да мұсылман әйелдердің жүздерін жабуының
міндеттілігіне келер болсақ, бұл мәселені
түсінуде фақиһтердің пікірлері екіге бөлінген: олардың бір бөлігі бұл аяттың жалпы барлық
мұсылман әйелдерге қатысты екенін,
сондықтан, олардың жүздері де әуретке (яғни,
жасыруды қажет ететін дене бөлігіне) жататындығын айтса, өзгелері мұның тек
Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдеріне ғана міндетті екенін
айтқан.
Имам әл-Қуртуби аса маңызды инабаттылық қағидасын айтып кеткен:
نﺈﻓ ؛ﻪﻟ ﻞﺤﺗ ﻻ ﻦﻣ ﻊﻣ ةﻮﻠﺨﻟا ﻓ ﻪﺴﻔﻨﺑ ﻖﺜﻳ نأ ﺪﺣﻷ ﻐﺒﻨﻳ ﻻ ﻪﻧأ ﻠﻋ لﺪﻳ اﺬﻫ
ﻪﺘﻤﺼﻌﻟ ﻢﺗأو ﻪﺴﻔﻨﻟ ﻦﺼﺣأو ﻪﻟﺎﺤﻟ ﻦﺴﺣأ ﻚﻟذ ﺔﺒﻧﺎﺠﻣ
«Бұл жерден түсінетініміз – оған харам болып табылатын адаммен
оңаша қалғанда ешкім өз-
өзіне сенімді болмауы тиіс. Бұдан аулақ болу ол үшін абзалырақ, анағұрлым қауіпсіз және
қорғаныста сенімдірек».
Осылайша, біз Алла Тағаланың қандай да бір тыйымдарды жайдан-жай бермегенін, күнәға
алып
баратын нәрселерге тыйым салып, бізге рақымшылық танытқанын түсінеміз. Сол себепті,
осы күнәға алып баратын жолдардың бәрін жабу үшін Исламда зинаға да, ер мен әйелдің
оңаша қалуына да тыйым салынған. Ешкім өзін қандай да бір күнәдан
қорғалғандай сезінбеуі
тиіс, ешкім «ондай жағдай менің басыма түспейді» деп ойламауы керек, себебі, күнәдан тек
қана Алланың тауфиқының арқасында қорғалуға болады. Алла Тағала Пайғамбардың (оған
Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдері мен сахабалары туралы (мағынасы):
«Бұларың -
Достарыңызбен бөлісу: