1-деңгей Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы


Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі нормативтік құжаттарға сипаттама



бет3/90
Дата18.12.2023
өлшемі281,06 Kb.
#140417
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90
Байланысты:
дид ответы акмарал

4. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі нормативтік құжаттарға сипаттама.
Оқу орындарындағы ең маңызды нормативті құжаттардың бірі – білім берудің мемлекеттік стандарттары болып табылады, солардың негізінде жалпы және кәсіптік білім беру бағдарламалары жасалады. Стандарттар білім беру мекемелерінің барлық түріне міндетті болып саналатын және білім беру ісінің әрбір деңгейінің мазмұнына қойылатын талаптарды, оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқыту жүктемелерінің көлемін, білім сапасын тексеретін мемлекеттік бақылау орындарының ережелерін, оқу бағдарламаларының орындалғанын дәлелдейтін құжаттарды анықтайды.
Білім беру стандарттары оқу жоспарлары мен бағдарламаларын негізге алады. Оқу жоспары белгілі бір оқу орындарында оқытылатын оқу пәндерінің құрамын, оларды оқыту барысы мен ретін, әрбір пәнге берілген сағат санын анықтайды. Базалық оқу жоспары барлық оқушы жастар үшін ұсынылатын міндетті мемлекеттік білім беру стандартының негізгі деңгейі болып табылады. Қазақстан Республикасы білім берудің мемлекеттік стандартында вариативті оқу жоспары үшін мынадай сағаттар қарастырылған:



  • таңдаған сабағы бойынша: бірінші сынаптар үшін аптасына 2 сағат және екінші-төртінші сыныптар үшін аптасына 3 сағат;

  • факультативтер: 5-9 сыныптар сыныптар үшін аптасына 5 сағат;

  • кәсіби пәндер: 10-11 сыныптар үшін аптасына 8 сағат;

  • қолөнер курастары: 10-11 сыныптарға аптасына 4 сағат;

  • таңдауы бойынша курстар: 10-11 сыныптарда аптасына 5 сағат.

Қазақстан Республикасындағы орта білімді дамыту концепциясы маңызды нормативтік құжат болып табылады. Онда білім беру саласының жағдайына сыни тұрғыда баға берілген. Концепция білім берудің басты үш мақсатын (шығармашылық, дүниеге көзқарас, терең білім) алуға қояды және мектептегі оқу-тәрбие процесінің негізгі мақсатын айқындайды. Қазақстан мектептерінің қызметіндегі басты бағыт оқушылардың білім, білік, дағдыларын біртіндеп қалыптастыру және олардың талдау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту болып табылады. Осыған байланысты концепция білім берудің әрбір кезеңінің негізгі мақсаттарын анықтайды:

  • Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие: мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларына орай білім алуда балалардың тең дәрежелі мүмкіндікке ие болуын қамтамасыз ету;

  • жалпы орта білім: азаматтардың міндетті жалпы орта білім алуына және оның сапалы болуына конституциялық құқықпен қамтамасыз ету;

  • бастауыш және орта кәсіптік білім: бастауыш орта кәсіптік білім беру орындарын бітірушілердің еңбек рыногында бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз ету, сонымен бірге үлкендерді кәсіби даярлау мен қайта даярлаудан өткізу;

  • жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім: орта мектепті, бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарын бітірушілерді кәсіби дайындауға, жоғары оқу орындарын бітірушілерді қайта даярлауға жағдай жасау.

Концепция еліміздегі білім беру жүйесінің одан әрі дамуын қарастырады. Бұл қадамдағы бағытты 2000 жылдың қыркүйегінде еліміздің Презинденті бекіткен мемлекеттік «Білім» бағдарламасы көрсетеді. Бағдарлама жалпы орта білім саласында мынадай негізгі міндеттерді көрсетеді:

  • мектеп жасындағы барлық балаларды оқумен қамту;

  • мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандарттарын жүзеге асыру;

  • оқыту әдістері мен мазмұнын жақсарту арқылы мектептердегі білім сапасын арттыру;

  • педагогтар мен оқушы жастардың денсаулығын сақтау шараларымен қамтамасыз ету.

  • Мемлекеттік «Білім» бағдарламасы оны жүзеге асырудың жолдарын анықтайды: білім мазмұнының демократиялық және гуманистік бағытта жаңаруын, оқушы жастардың сапалы білім алуға ұмтылуын; оқу-әдістемелік құралдар мен оқулықтарды жетілдіру; білім беру саласының қызметкерлері мен оқушы жастарды әлеуметтік қорғауды күшейту; мұғалімдердің жалақасын көтеру арқылы әлеуметтік рөлі мен беделін жоғарлату.

  • Жоғарыда көрсетілген нормативтік құжаттарда тілдерді үйрену мәселесі маңызды орын алады. 1997 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңда елімізде мемлекеттік тіл - қазақ тілі, ұлтаралық тіл – орыс тілі деп көрсетілген. Тілдер туралы заңды дұрыс жүзеге асыру үшін: халыққа мектептер мен оқыту тілін таңдауға кең құқық берілуі; Республиканың барлық мектептері мен мектепке дейінгі оқыту орындарында мемлекеттік тілдің пән ретінде тереңдетіліп жүргізілуі; орыс тілін жан-жақты оқытуға қажетті жағдай жасау; мектептер қос тілді меңгерген мұғалімдермен қамтамасыз ету керек.

  • Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында бастауыш білім беру жайында айтылып өткен. Осы Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 5-1) тармақшасына және 56-бабына сәйкес әзірленді және бастауыш білім беру мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне, білім алушылардың дайындық деңгейіне және оқу мерзіміне қойылатын талаптарды айқындайды.Бастауыш білім берудің базалық мазмұны - типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан білім беру ұйымдарында оқып білуге міндетті бастауыш білім беру мазмұнының құрамы, құрылымы мен көлеміне назар аудару керек. Бастауыш білім беруде бағалау, бағалау критерийлері, білім беру мониторингі, білім беру құндылықтары, білім беру қызметіне баса назар аудару керек екенін осы стандарттан көруге болады. Бағалау – білім алушылардың оқуда күтілетін нәтижесі болып табылса, ал бағалау критерийлері – сол оқу жетістігін бағалауға негіз болатын нақты өлшеуіш. Мұғалім осы стандартты негізге ала отырып; қазақ, орыс және шетел тілдерінде білім беру процесін ұйымдастыру үшін қажетті жағдай жасауға; оқушылардың алған білімдерін қолдана білуін дамытуды көздейтін бастауыш білім берудің академиялық және практикалық бағыттылығының үйлесімділігіне; оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, білім мен дағдыны кезең – кезеңімен ұйымдастыруға, баланың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге қолайлы жағдай жасауы керек. Білім беру кезінде иновациялық технологияны қолданып, жан – жақты дайындықты қамтамасыз ету керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет