1-деңгей Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы


Бастауыш сыныптағы критериалды бағалау жүйесі



бет42/90
Дата18.12.2023
өлшемі281,06 Kb.
#140417
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   90
Байланысты:
дид ответы акмарал

6.Бастауыш сыныптағы критериалды бағалау жүйесі
Қазіргі уақытта еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеттерінің бірі- білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Яғни, білім берудегі қазіргі мақсат: өзінің және қоғамның мүддесіне өзін-өзі белсенді етуге дайын, әрдайым өзгермелі даму ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті, шығармашыл, білімді тұлғаны қалыптастыру. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.Бастауыш сыныптарда оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары бағдарламаға сай жүргізіліп, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың жаңа мүмкіндіктері ашылды. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздардан үлкен жауапкершілікті талап етеді.Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден–бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша бағалау. Критерий сөзінің өзі — қандай да бір нәрсеге қойылған талаптарға сәйкестігін бағалау жөнінде шешім қабылдау белгісін, негіздемелерін, ережелерін білдіреді. Критериалды бағалаудың негізгі принциптерінде оқу тапсырмасын орындау нәтижесі қалай дұрыс көрінуі керек екендігі туралы нақты түсінік беріледі, ал бағалау оқушының осы мақсатқа жақындау дәрежесін анықтау шкаласы болып табылады.Сонымен қатар критериалды бағалау формативті және жиынтық бағалау деп екіге бөлінеді. Формативті бағалау — сабақта және үйде күнделікті жұмыс барысында білім мен дағдыларды меңгерудің ағымдағы деңгейін анықтау, оқыту процесінде оқушылар мен мұғалім арасындағы жедел өзара байланысты жүзеге асыру. Ол оқушыларға жаңа материалды зерттеу кезінде тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындағанын және оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне жететінін түсінуге мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау— оқу ақпаратының белгілі бір бөлігін оқып, аяқтағанда білім мен оқу дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтай Критериалды бағалаудың негізгі міндеттерінің ішінде төмендегі міндеттерді бөлуге болады:
– оқу үдерісінің әр кезеңінде әр оқушының дайындық деңгейін анықтау;– жеке прогресті анықтау, қадағалау, оқушының жеке даму траекториясын түзету;
– оқушылардың күтілетін оқу нәтижелеріне қол жеткізу үшін ауқымды дамытуға ынталандыру;
– әр түрлі қызмет түрлерін орындау үшін алынған бағалардың маңыздылығын саралау;
– оқу материалын меңгеру сапасын және оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету
Критериалды бағалау:
Мұғалімдерге:
Сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құрастыруға;
Өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға;
Оқу үрдісінің сапасын жақсартуға;
Әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқушы үшін оқытудың жеке траекториясын алуға;
Бағалаудың әр түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;
Оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді
Оқушыларға: Нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге;
Рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға;
Ата- аналарға: Баласының білім деңгейлерін бақылай алуға;
Баласының оқу үрдісін бақылай алуға;
Баласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді;
Критериалды бағалау бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие. Өйткені, қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет