1-деңгей Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы


Сабақ құрылымы және оған қойылатын талаптарға сипаттама



бет41/90
Дата18.12.2023
өлшемі281,06 Kb.
#140417
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   90
Байланысты:
дид ответы акмарал

5. Сабақ құрылымы және оған қойылатын талаптарға сипаттама
Сабақтың құрылымы деп оның тұтастығы мен әр алуан варианттылығын, негізгі көріністерінің сақталуын қамтамасыз ететін сабақ элементтерінің жиынтығын айтады. Сабақтың құрамдас бөліктері өзара тығыз байланысты болады және белгілі тәртіпте жүзеге асырылады. Сабақ құрылымы қойылған мақсатқа, оқу материалының мазмұнына, қолданылатын оқу әдістері мен тәсілдеріне, оқушылардың дайындық деңгейіне және оқу процесінде сол сабақтың алатын орнына байланысты анықталады.
Сабаққа қойылатын ең негізгі талаптардың бірі – оның мақсаттылығы. Сабақтың мақсаты оқушыға түсінікті болуы керек. Сабақтың ұйымдастырылуы оқушыны қызықтырып, белсендігін арттыруы тиіс. Мектеп мұғалімі оқушының танымдық белсенділігін арттыруға жеткілікті сабақ ұйымдастыруы керек. Сабақтың жалпы мақсаты, мазмұны мен құрылымы жаңа сабақтарда байқалуы керек.
Сабаққа қойылатын екінші бір басты талап – сабақ мазмұнын дұрыстап орналастыра білу. Сабақ мазмұнының барлық түрлерін жоспарлы, белгілі жүйеде оқыту керек. Сондықтан әрбір сабақтың негізгі мазмұнын білу арқылы, солардың төңірегінде материалдар жинастыру керек.
Сабаққа қойылатын үшінші талап – сабаққа қажетті жабдықтар мен әдістерді, оқытудың тәсілдерін, сабақ кезінде тәрбие берудің тиімді әдістерін таңдап алу. Сабаққа аса қажетті жабдықтарды, әдістер мен тәсілдерді таңдап алу мұғалімнің шеберлігіне байланысты жұмыс. Мұғалім жұмысының табысты болуы оқушылардың жалпы дайындығына, олардың жеке ерекшелігіне, сабаққа керекті жабдықтардың тиімділігіне және оқу материалының ерекшелігін мұғалім қаншалықты дәрежеде айта білді, оқу
жұмысында танымдық мәселелерді оқушылар алдына қаншалықты дәрежеде
қоя білуіне тікелей байланысты.
Сабаққа қойылатын төртінші талап – оқушылардың оқу әрекетін әр түрлі формада ұйымдастыру. Өз бетінше білім алу, өзін-өзі бақылау, бағалау, оқу әрекетін жекеше ұйымдастыруды дамыту талабын алға қояды және сабақтарда оқушылар көрнекіліктерді қолданады және топтық жұмыс формасын пайдаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет