1-деңгей Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы



бет85/90
Дата18.12.2023
өлшемі281,06 Kb.
#140417
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90
Байланысты:
дид ответы акмарал

Спорттық іс-әрекет. Бұл іс-әрекет баланың денсаулығын бекітуге және күш қуатын шынықтыруға бағытталады. Қазіргі мектептің негізгі міндеттерінің бірі – денсаулығы зор жас ұрпақты тәрбиелеу. Бастауыш мектепте оқушылардың спорттық іс-әрекет үйірмелер жұмыстарын, қимыл ойындарын, оқушылар қатарларының байқауын, т.б. өткізуге лайықты гигиеналық жағдай жасаумен байланысты.
Спорттық іс-әрекетке қатынасу барысында балалардың бой түзеп өсуі қалыптасады, гигиеналық дағдылар бойына сіңіріледі, еркі мен төзімділігін тәрбиелейді. Батауыш мектеп жасындағы оқушылардың спорттық іс-әрекеті спорттық мекемелерді, әскери – спорттық ойындарды, көпшілік жарыстарын қамтиды. Спорттық жұмыстардың басым көпшілігіне ойынның қатынасы бар. Мысалы, бастауыш сынып оқушылары оқушылар қатарларының және әндерінің байқауына зор ынтамен дайындалады және қатынасады. Мектепте таза ауада спорттық ойындар өткізіледі.
Сыныптан тыс жұмыстардың жалпы түріне үйірме жұмысы жатады. Үйірме жұмысы балаларды пәндік, техникалық, спорттық секцияларға біріктіреді. Бастауыш сыныптардағы үйірме жұмыстарының мақсаты – оқушыны ғылым мен техника әлеміне енгізу, жасампаздық қабілеттері мен дарындарын дамыту, оқушылардың тәжірибелік білігі мен дағдыларын қалыптастыру, үйірме жұмыстарында алған білімдерін сабақтарда пайдалануға үйрету. Бастауыш сыныптарда балалардың іске қызығуы тұрақты болмайды. Үйірме жұмыстары оқушылардың әр түрлі және кездейсоқ қызығуына да жауап беруі керек. Үйірме жұмысы жеке пән негізіндегі білім ғана емес, білімнің сан алуан аясын қамтиды.
Барлық үйірмелерде де балалардың белсенді тобы, бастаушылары болады. Үйірме арнайы жоспармен жұмыс істейді.Ол жоспарда I-IV сыныптардың оқу бағдарламалары, балалардың қызығуы, жалпы дамуы еске алынады. Үйірме жұмысының ұзақтығы 30-40 минуттай болғаны, ең кемінде айына бір рет өткені жөн. Нәтижеге жету үшін жұмысты мұқият дайындау керек.Әдетте бастауыш сынып оқушыларының бәрі үйірме жұмысына қатынасқылары келеді. Мұғалім әрқайсысына тапсырма тауып беріп, ұжымдық іске, қызығуына қарай балалар тобына қосуы керек. Мысалы, «Табиғат және қиал- ғажайыптары» деген үйірменің жоспарына «Алтын күз байлығы » атты мәжіліс өткізу кірді делік.Оқушылар күз туралы өлеңдерді жаттап алу, үйрену, музыкалық шығармаларды орындау, егінжай, бау-бақша өнімдерінен көрме ұйымдастыру, адамдардың күзгі еңбегі түрлері жөнінде әңгіме дайындау, осы жыл мерзіміндегі жануарлар өміріндегі ерекшеліктер туралы, күз туралы балалар әдебиеті көрмесін, балалар салған суреттер көрмесін ұйымдастыру сияқты тапсырмалар алады.Үйірме отырысын өткізуге дайындық барысында тек әр оқушының қоғамдық мәнін ғана емес, сыныптың оқушылар ұжымын қалыптастыруға ықпал жасайтын барлық балаларын түрлі іс-әрекетке қатынастыруға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет