1-деңгей Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы


Тұлғаға бағдарлап білім беру- қазіргі қазақстандық мектептегі педагогикалық мәселесін талдау жасау



бет88/90
Дата18.12.2023
өлшемі281,06 Kb.
#140417
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90
Байланысты:
дид ответы акмарал

27.Тұлғаға бағдарлап білім беру- қазіргі қазақстандық мектептегі педагогикалық мәселесін талдау жасау
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл үдеріс білім парадигмасының өзгеруімен қатаржүреді. Білім берудің ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я. А. Коменскийдің, И.Гербарттың дəстүрлі объект – субъектілі педагогикасының орнын басқасы басты, ол балаға оқу қызметінің субьектісі ретінде, өзін-өзі өзектілендіруге, өзін танытуға жəне өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық үдерістің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер – оқытушы мен оқушының тұлғалық – бағытталған өзара əрекеті болып табылады. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Егер «жеке тұлға» ұғымының мазмұнын талдап, түсінік беретін болсақ, біздің ойымызша, төмендегідей анықтама неғұрлым дəл келеді:
«Жеке тұлға» – бұл адамның психикалық, рухани мəні, ол əр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тəн: o адамның əлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы; o өзіне жəне өзімен-өзінің, дүниеге жəне дүниемен қатынастарының жүйесі; o іс жүзіне асырылып жүрген əлеуметтік рөлдер қызметінің жүйесі, мінез-құлық əрекеттерінің жиынтығы; o айналадағы қоршаған əлемді жəне онда өзін-өзі жете түсінуі; o қажеттілік жүйесі; o шығармашылық мүмкіншілігі мен қабілеттерінің жиынтығы; o сыртқы жағдайлар əсерінің жиынтығы жəне т.б. (Г. К. Селевко)
Тұлғаға бағдарлы технология мектептегі білім беру жүйесінде баланың табиғи əлеуетін жүзеге асырып, жан-жақты дамуы үшін ұрыс-жанжалсыз жəне қауіпсіз жағдай тудыруды басты мақсат етіп қойып отыр. Бұл технологияның негізінде ізгілік философиясы жатыр. Педагогтің міндеті – өз мүмкіншілігін барынша жүзеге асырғысы келетін, өмірде болатын əртүрлі жағдайлардан жауапкершілікпен жол таба білетін тұлғаны тəрбиелеу. Тұлғаға бағдарлы технология адамды танып-білуге ізгіліктілігімен, жүйкелік емдік бағытымен, баланың жан-жақты, азат, шығармашылық жағынан дамытуды мақсат етіп қоюымен ерекшеленеді.
Тұлғаға бағдарлы технологиялары бойынша өтілген сабақтарда мұғалім жеке тұлғаның дамуы үшін жағымды жағдай тудыруы қажет. Оқу үдерісі барысында мұғалім балалардың кез келген сұрақтарына жауап беріп, өздеріне деген сенімдерін нығайтқаны дұрыс. Мұғалім əр оқушының жəне бүкіл сыныптың алдында тұрған мақсат пен міндеттерді шешуге көмектесіп қана қоймай, бүкіл топтың көңілкүйін сезіне алады. Мұғалім топтық қарым-қатынас жасауда белсенділік көрсетуі қажет. Тұлғаға бағытталған оқыту – бұл педагогикалық қызметтегі əдіснамалық бағдар, ол өзара байланысты түсініктер, идеялар мен тəсілдер арқылы өзіндік тануын, өзін-өзі қалыптасуын жəне бала тұлғасының қабілеттерінің жүзеге асуын, оның қайталанбас даралығының дамуын қамтамасыз етеді жəне қолдайды. Жеке тұлғаға бағытталған əдіс негізіндегі педагогикалық технологиялар: Жеке бағытталған білім беру технологиясы (Якиманская И.С.); Дербес дамытудың технологиясы (Селевко Г.К.); Ынтымақтастықтың педагогикасы; Адамгершілік жеке технологиясы ( Амонашвили Ш.А.); Ойын технологиялары; Дамыту технологиялары; Проблемалық тəлім-тəрбие; Деңгейлік саралау технологиясы. Тұлғаға бағытталған оқыту – бұл
Оқушымен жеке жұмыс мүмкіндігі; Оқушы тұлғасын тану жəне қадірлеу; Қабілеттеріне қарай топтарға бөлінген балаларды оқыту; Балалармен ынтымақтастық; Оқытудың түрін, мазмұнын, формасын таңдауға мүмкіндік беру; Оқушылардың танымдық стратегиясын дамыту; Оқыту үдерісінде балалардың тұлғалық тəжірибесін есепке алу. Мақсаттарды қойғанда басты назар неге аударылады? • Əр бастауыш сынып оқушысыныңжеке танымдық қабілеттерін дамыту; • Бастауыш сынып оқушысының жеке (субъектік) тəжірибесін көбірек анықтау, ынталандыру, пайдалану, «мəдениеттендіру»; • бастауыш сынып оқушысының алдын ала жоспарланған ерекшеліктерін қалыптастырмай, оның өзін-өзі тануына, өмірде өз орнын табуына жəне қабілеттерінің іске асуына көмек көрсету. Бастауыш сынып мұғалімдері сабақта қолданатын икемді, жалықтырмайтын, түсінікті даралау мен саралаудың формалары бастауыш сынып оқушысының таңдаған танымдық қызығушылығын, олардың көрінуінің тұрақтылығын, оқушының оны оқу қызметінің тəсілдері арқылы жүзеге асырудағы өзіндік жұмысы мен белсенділігін анықтауға мүмкіндік береді. Бастауыш сынып мұғалімдерінің ұстанымы  Оқытудың субъектік тəжірибесін ынталандыру;  Əр оқушының даралығын дамыту;  Əр бастауыш сынып оқушысының жеке басының ерекшеліктерін, өзіндік құндылықтарын тану; Оқушы ұстанымы • Оқу-тəрбие үдерісінің элементтерін еркін таңдау; • Өзін-өзі тану, өз орнын табу, өз қабілеттерін жүзеге асыру. Технологиялық аспект Модульдік оқыту; Сұхбат; Іскерлік ойын ( имитациялық, зерттеушілік, іздеушілік); Тренинг; Кейс əдісі. Бақылау формалары: Курс портфелі (портфолио); Эссе; Əр түрлі шығармашылық тапсырмалар; Əр түрлі тестілік материалдар. Нəтижелері. Тұлға – оқыту мен тəрбиелеуде басты тұлға болып табылады. Осыған байланысты бүкіл білім беру ісі оқушыларға, оның тұлғасына бағытталған, оқыту мақсаттары, мазмұны мен ұйымдастыру формасы жағынан оқушының барлық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Жеке тұлғаға бағыт


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет