1-деңгей Органикалық синтезі пәнінің мазмұны мен мақсаты


Неге қатты затты ұсақтайды?



бет13/72
Дата23.09.2023
өлшемі5,06 Mb.
#110001
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   72
Байланысты:
1-äå?ãåé Îðãàíèêàëû? ñèíòåç³ ï?í³í³? ìàçì?íû ìåí ìà?ñàòû

16. Неге қатты затты ұсақтайды?

Реакция басталғанға дейін қатты заттар реактивті заттардың жанасу аймағын ұлғайту үшін ұсақталады, содан кейін реакция жылдамдығы артады. Сондықтан мәрмәр ұнтағы қатты бөлікке қарағанда тұз қышқылында ериді.
17. Тұнбаны сүзу, жуу, кептіру процестерін түсіндір
Тұнбаның табиғатына қарай сүзуге әртүрлі сүзгіштер пайдаланады.Аморфты тұнбалар үшін сыңылауы 1,5-5 шамасындағы қара,қызыл ленталы;ұсақ кристалды үшін 15-14 ақ,көк ленталы қағаз сүзгі.Ірі және ұсақ кристалды үшін 15-40 шамасындағы № 1-2 маркалы шыны сүзгіштер.Ұсақ тұнбалар үшін 4-15,6-8 шамасындағы № 3-4 маркалы фарфор сүзгіштер пайдаланылады.Тұнбаның табиғатына байланысты кейбір тұнба жуатын ерітінділер: ерігіштігі жоғары тұнбаларға ерігіштігін төмендету мақсатында құрамында тұнбамен аттас ионы бар электролиттер, органикалық еріткіштер; коллоидтық жүйелер түзуге бейімді тұнбаларға пептизацияны баяулату мақсатында күшті электролиттер;гидролизденетін тұнбаларға гидролизді басу мақсатында қышқылдар, негіздер үстемелеп қосады. Тұнбаны декантация әдісімен жуған тиімді. Декантация дегеніміз тұнбаны жууға дайындалған ерітіндіден 10-15 мл қосып, оны жақсылап араластыру, тұнбаны қайта тұндырып, тұнба үстіндегі ерітіндіні (тұнбасыз) сүзу үрдісі. Тұнбаны толық жуу үшін бұл операцияны 5 -6 рет қайталайды. Тұнба жуу үшін ерітінді дайындалады. Дистилденген суға тұнбамен бір аттас ионы бар қосылыс қосады, бірақ бұл қосылыс тұнбаны қыздырғанда ұшып кету тиіс. Мысалы, барий сульфаты тұнбасын өте сұйылтылған күкірт қышқылы ерітінділерімен жуады, себебі бұл қосылыстар қыздырғанда ұшып кетеді. Тұнба жуғанда жуатын ерітіндінің көп мөлшерін алуға болмайды, себебі тұнба шығыны артады. Тұнба шығыны таразы сезімталдығынан аспауы тиіс (1∙10-4г).Тұнбаны қыздырмай кептіру. Кейбір тұнбаларды қыздырмай гравиметрлік форманы алуға болады. Бұл жағдайда тұнбаны эфирмен, спиртпен жуып, тұнбадан ауаны сору арқылы кептіреді. Бұл әдіс өте сирек кездеседі, мысалы, натрийді цинк-уранил ацетатының кристаллогидратымен NaZn(UO2)3(СH3COO)9∙6H2O күйінде анықтайды. Тұнбаны төмен температурада кептіру. Органикалық реагенттерден түзілген көптеген тұнбаларды 100 °С қыздырып, гравиметрлік форма алуға болады. Мысалы, никельді диметилглиоксиммен, көптеген оксихиноляттармен тұндырылған тұнбалар.Тұнбаларды қыздыру. Жалпы жағдайда гравиметрлік форманы алу үшін тұнбаны жоғартемпературада қыздырады, көбіне 600-1100 оС. Қыздыру температурасы және уақыты тұнбаның табиғатына байланысты.Қыздырғанда тұндырылған формасы мен гравиметрлік формасы бірдей болатын тұнбаларды (мысалы, барий сульфаты, күміс хлориді), қыздыру үшін 300-600С жеткілікті, мұнда қыздыруды сүзгішті жандырып, суды жою үшін қолданады. Барий сульфаты, мысалы жоғары температурада қыздырғанда термиялық ыдырауы мүмкін: BaSO4 → BaO + SO3. Сондықтан қажетті температураны ұстаған дұрыс.Егер гравиметрлік форма тұндырылған формаға сәйкес келмесе,онда 600оС-ден жоғары температура қажет, сол сияқты магнийді анықтағанда оны MgNH4PO4∙H2O күйінде тұндырады, оның гравиметрлік формасы магний пирофосфаты Mg2P2O7.Анықталатын заттың гравиметрлік формасына қойылатын талаптар: Құрамы химиялық формуласына сәйкес келуі тиіс.Химиялық тұрақты болуы тиіс.Анықталатын компоненттің гравиметрлік формадағы массасы аз болуы тиіс.Тұнбаны тұрақты массаға дейін қыздырады. Тұнбаны қыздыру мақсаты: еріткіштен және ұшқыш компоненттерден құтылу; құрамы белгілі өлшеу формасын алу үшін қыздырады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет