1-деңгей Органикалық синтезі пәнінің мазмұны мен мақсаты



бет65/72
Дата23.09.2023
өлшемі5,06 Mb.
#110001
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   72
Байланысты:
1-äå?ãåé Îðãàíèêàëû? ñèíòåç³ ï?í³í³? ìàçì?íû ìåí ìà?ñàòû

Зайцевтің ережесі
Галогенсутектерді галогеналкандардан немесе суды спирттерден бөлу кезінде сутегі негізінен ең аз гидрленген (сутегі атомдарының ең аз саны бар) атомдық көміртектен бөлінеді, ол түзілген кезде пайда болады.
Орысшасы
При отщеплении галогеноводородов от галогеналканов или воды от спиртов водород преимущественно отрывается от наименее гидрогенизированного (имеющего меньшее число атомов водорода) атома углерода, при этом образуется непредельное соединение с наибольшим числом заместителей при двойной связи.


27) Өндірісте алкендердің алынуы және оның синтезі
Алкендер — молекула құрамында бір қос байланысы бар, жалпы формуласы СnН2n болатын қанықпаған көмірсутектер.
Алкендердің ең қарапайым өкіліқұрамында екі көміртек атомы бар — этилен С2Н4. Алкендердің гомологтық қатары этиленнен басталатындықтан, алкендер этилен қатарының көмірсутектері немесе олефиндер деп те аталады. Алкендердің жалпы формуласын СnН2n (n= 2) деп есептеп, этиленнің молекулалық формуласын табуға болады:
C2H2•2=C2H4
ықшамдалған құрылымдық формуласы:
CH2=CH2
Алкендер химиялық белсенді болғандықтан табиғатта өте сирек кездеседі. Алкендердің газ тәрізді мүшелерін мұнайға серік газдардан немесе мұнай өңдегенде және көмірді кокстегенде бөлінетін газдардан алады. Алкендерді алкандардан және олардың туындыларынан да өндіреді.
1. Алкандарды крекингілеу. Өнеркәсіпте алкандарды 700°С-қа дейін қыздырғанда, алкендер түзіледі:
С8Н18 → С4Н10 + С4Н8
2. Алкандарды дегидрлеу. Өнеркәсіпте алкендерді жоғары температурада сутек бөле отырып, сәйкес алкандарды айырып алады. Мысалы, этаннан этилен алуды қарастырайық:
H3C — СН3 → CH2 = CH2 + H2
Сутек бөліне журетін айырылу реакциялары дегидрлену деп аталады.
Лабораторияда алкендерді бірнеше жолмен алуға болады:
3. Спирттерді дегидраттау. Өршіткі ретінде концентрлі күкірт қышқылы, фосфор қышқылы, алюминий оксиді сияқты су сорғыш заттар қолданылады.
Су бөліне жүретін айырылу реакциялары дегидратациялану деп аталады.
4. Галогеналкандарды дегидрогалогендеу. Галогеналкандарға сілтілердің спирттегі ерітінділерімен әсер еткенде алкен түзіліп, галогенсутектер бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет