Дауалау және күресу шаралары. Шаруашылыққа сырттан әкелінген мал 30 күн дауалық карантинде ұсталуы қажет. Оқшауханадан шығарар алдында ондай жануарлардың үстін 2% тотияйын, күйдіргіш натрий немесе басқа дезинфектантпен шылау керек. Аурудың алдын алу мақсатымен жемге, қосып гризеофульвин, метионинді күкірт береді.