Орындаған:Зейнуллаева Айым
Тексерген:Тажибаев Т.Б
Эссе
Денсаулық психологиясы
Табиғаттың ең қымбат жемісі дені сау адам болып табылады. Адам өміріндегі ең маңызды құндылық – денсаулық. Әрбір адам өз денсаулығы үшін жауапты және денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда.
Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.Денсаулықты сақтауда және оған аса қатты мән беруде денсаулық психологиясының атқаратын рөлі орасан зор. Денсаулық психологиясы сау адамды өзінің сараптауының орталығына қояды, оның жеке психологиялық ерекшеліктері, психикалық ресурстары, қоршаған ортаның патогендік факторларының әсерінен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.
Денсаулық психологиясының негізгі міндеттерінің бірі - адамның денсаулығын сақтауға, нығайтуға және дамытуға ынталандыру тәсілдерін дамыту. Денсаулық психологиясының ілеспе міндеті - денсаулықтың рухани, психикалық, әлеуметтік және соматикалық компоненттерін сақтау, нығайту және тұтас дамыту. Психологиялық денсаулық балалық шақта қалыптасады және оны өмір бойы сақтау - басты міндет болып табылады. Оны дамыту мүмкін емес, оны сақтау керек. Денсаулық сақтау – бұл өнер. Ал өнерді адам үйренуі тиіс. Дәлірек айтсақ, өз-өзін тәрбиелеп, өнерлі болуы керек. Денсаулықтың жайы да сол. Денсаулықты сақтау үшін оны сақтаудың жолын үйреніп әрі соны өмірде қолдана білуіміз қажет. Денсаулық екіге бөлінеді: біріншісі физикалық денсаулық, екіншісі психикалық денсаулық. Психикалық денсаулық дегеніміз – адамның көңіл-күйі. Айналадағы болып жатқан өзгерістер адамның көңіл-күйіне әсер етеді. Адамдардың саған деген көзқарасы, көпшіліктің арасында өзіңді қалай сезінуің сенің жан саулығыңа әсер етеді. Экология да денсаулыққа зиянын тигізуі мүмкін. Ауа ластанған болса, өкпеге кесірін тигізеді. Радияциясы көп жерлерде балалар қандай да бір аурумен дүниеге келеді. Әл-Фараби атамыздың денсаулық жайлы айтқан нақыл сөзі: «Адамның денесінің жетілуі – оның денсаулығы: егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денді сауықтыру керек» деген. Бұл біздің өмірлік ұстанымымыз болу керек.
Қорытындылай келе, деннің сау болуы да, болмауы да әркімнің өзіне байланысты. Себебі күнделікті қандай тағам тұтынатынымызды, немен шұғылданатынымызды, адамдармен қандай қарым-қатынаста болатынымыз өз еркімізде. Әр адамның денсаулығы өз қолында!
Достарыңызбен бөлісу: |