1. Дене жаттығуларының адам ағзасының физиологиялық жүйелеріне әсері



Дата16.04.2023
өлшемі23,04 Kb.
#83318

Дульденов Азамат 2 апта

1. Дене жаттығуларының адам ағзасының физиологиялық жүйелеріне әсері.


Физикалық жаттығулар бірқатар белгілері бойынша мынадай топтарға бөлінеді. 1. Бұлшық ет массасы көлемінің белсенділігіне байланысты:
І. бұлшық еттің 13 бөлігінен азырақ қатысуымен орындалатын жергілікті жаттығулар садақпен ату; 2 аймақты жаттығуларда бұлшық еттер массасының 12 бөлігіне шейін қатысады. қолдың көмегімен жасалынатын гимнастикалық жаттығулар; 3 бұлшық еттердің 12 бөлігінен көбірек бөлімі қатысатын кең аймақты жаттығулар.
ІІ. Бұлшық ет қызметінің тәртібіне байланысты: 1 изометриялық тәртіпте бұлшық ет қызметінің басым болуы жөніндегі статикалық жаттығулар жүкті ұстап тұру; 2 ауксотониялық тәртіпте бұлшық ет қызметі басым болатын – динамикалық жаттығулар.
ІІІ. Физиологиялық сапаның қайсібірі басым болуына байланысты: 1 жылдам күш жаттығулары, бұл кезде бұл кезде бұлшық еттер бір уақытта үлкен күш пен жиырылу жылдамдығын көрсетеді секіру,лақтыру; 2 бұлшық еттер аз ғана күш пен жылдамдықта ұзақ уақыт жұмыс қабілеттілігін сақтайтын төзімділікке жаттығулар ұзақ қашықтыққа жүгіру, шаңғы тебу)
ІV. Уақыт бірлігінде орындалатын жаттығуларда жұмсалатын энергия мөлшеріне байланысты: І жеңіл; 2 орта; 3 сылбыр; 4 ауыр; 5 өте ауыр жаттығулар.
V Энергияны қамтамасыз ету механизмінің басымдылығына байланысты: І анаэробты; 2 аралас; 3 аэробты.

2. Cпорт физиологиясында жұмысқа қабілеттілік өте маңызды орын алады. Жұмысқа қабілеттілікті арттыру және қозғалыс дағдыларын қалыптастыру үшін үнемі жаттықтырудың мәні өте зор. Өйткені жаттығулар адам организмі қызметін тереңірек қайта құрады. Жаттықтыру кезінде организм қызметінің дамуы мен оның жоғары сатыға көтерілуі әр түрлі болады. Бұлшық еттер жұмысы энергия шығынын көбейтеді. Мәселен, бұлшық еттің 70-90% қатысатын ауыр жұмыстарда энергия шығыны 12-20 кДж/м, ал 30-60% қатысатын жеңіл және орташа жұмыстарда 8-12 кДж/м-ге тең келеді. Энергия шығыны «отырып» істейтін дене еңбектерінде (бұлшық еттің 5-15%-да шамамен 1-4 кДж/м) аз болады. Энергия шығынының мөлшері интегралды көрсеткіш болғандықтан ол еңбек және спорт физиологиясында жиі қолданылады.


Дененің энергия шығыны бұлшық еттер қызметінен ғана тумайды, оған адамның эмоциялық күйі де әсер етеді. Ол организмнің негізгі зат алмасу деңгейін қалыптағыдан 10% көтереді. Дене жаттығулары кезінде жұмыс атқарушы бұлшық еттерге оттегі, глюкоза және т.б. қажетті заттар дер кезінде жеткізіліп, организмнен ыдырау өнімдері жедел шығарылады. Сондықтан тыныс алу және жүрек-тамыр жүйелерінің қызметтері күшейеді.
Қарқынды жұмыс кезінде сүт қышқылы толық тотығып үлгермейді. Сондықтан ол жұмыс аяқталғанда да оттегіні пайдаланып тотыға береді. Мұны «оттектік қарыздылық» деп атайды, ол ауыр жұмыс істегенде 15-20 литрге жетеді.
Организм мүшелері қимыл рефлекстер арқылы әрбір әсерленіске қатысады. Мұнда кері байланыстар қозғалыс жүйесінің вегетативтік әсерленістеріне ерекше ықпалын айқындайды. Жұмыс (жаттықтыру) туралы алдын ала ойлаудың өзі вегетативтік өзгерістер тудырады. Ол қозғалыс әрекетінің ми қыртысы арқылы ұйымдастырылағынын көрсетеді.
Дене жаттығулары ықпалынан қан айналысы қатты өзгереді. Бұлшық ет жиырылуы әуелі қан ағысының жылдамдығы арқылы қамтамасыз етіледі. Жұмыс кезінде жүректің минуттық қан көлемі 4-8 есе артады, сөйтіп газ алмасуы 5-10 есе жеделдейді. Жүректің систолалық көлемі ауыр жұмыстарда 1,5-3 есе көбейеді, ал жүректің жиырылу жиілігі (ЖЖЖ) минутына 160-240 ретке жетеді. Нәтижесінде қанның ағысына жеңілдік туады. Өйткені жұмысқа кіріскен бұлшық еттердің ұсақ талшықтарының көбісі ашылып, тамырлар тонусы төмендейді. Дені сау және еңбекке жарамды адамдарда қанның диастолалық қысымы аз өзгереді немесе 5-15 мм сын. бағ. көтеріледі. Систолалық қысым 150 және тіпті 200 мм сын. бағ. жетеді, ол істелетін жұмыстың алымына сәйкес келеді.
Жұмыс кезінде жүректің жиырылу жиілігіне организмнің сезім күйі мен тұлға қалпы әсер етеді. Отырған кезбен салыстырғанда тұрып жұмыс істегенде жүрек шамамен 10-15 рет жиі жиырылады. Ер адамдар мен әйел адамдарда жүректің жиырылу жиілігі қозғалыс әрекеті нәтижесінде әр түрлі өзгереді. Мәселен, әйелдер мен ер адамдарға бірдей жүктеме берілген кезде біріншілерінде жүрек жиырылу жиілігі орта шамамен минутына 10-15 рет артық болады. Дене жұмысы кезінде жүректің жиырылу жиілігіне қоршаған ортаның температурасы да әсерін тигізеді. Температура 25-30 ºС, не одан жоғары болса, ол минутына 10-15-ке жоғарылайды. Жаттықтыруға дейін және жаттығу барысында ЖЖЖ анықтау, тіркеу организмнің физиологиялық күйін бақылауға мүмкіндік туғызады.
Дене жаттығуларымен айналысу кезінде организмнің газ алмасуын қамтамасыз ететін тыныс алу жүйесі де өзгереді. Берілген жүктемеге сәйкес өкпе вентиляциясы (желдетілуі) және оттегіні пайдалану арта түседі. Қалыпты жағдайда өкпенің 5-8 л/мин вентиляция көлемінен 3-4% оттегі пайдаланылады. Ал дене жүктемесінің әсер етуі кезінде өкпе вентиляциясы минутына ондаған литрге көбейеді, оттегіні пайдалану 4-8%-ға тең болады. Өкпе вентиляциясы тыныстың тереңдеуі мен жиіленуі арқылы көбейеді. Жұмыс істегенде тыныс тереңдігі адамға тән өкпенің тіршілік сыйымдылығының 30-40%-нан тұрады. Тыныс жиілігі жұмыс кезінде тыныштық күйдегі мөлшермен салыстырғанда 2-3 есе өседі.
Қарқынды жаттықтыру кезінде алғашқыда бейімделу кезеңі байқалады, онда тыныс тарылып, жеткілікті дәрежеде өкпенің желдетіліп үлгермеуінен тыныс жолдарында жағымсыз күй пайда болады. Содан кейін бұл құбылыстар жойылады, алайда 20-30 минуттан кейін «өлі нүкте» туады. Мұнда аталған жағымсыз жайлар күшейіп, адам жаттықтыруды жалғастырудан бас тартуы мүмкін. Егер оны жеңіп жаттықтыру жалғастырылса, бұл сезім тыйылады. Сөйтіп, «екінші тыныс алу» ашылады. Мұның физиологиялық мәні вегетативтік әрекеттің қайта құрылуында
Жаттықтыру кезінде жұмысқа қабілеттілікті қамтамсыз ету үшін энергия қорын іске тартатын эндокриндік жүйенің белсенділігі артады. Әр түрлі қозғалыс процестерін орындағанда гипофиз-бүйрекүсті бездерінің (симпато-адреналдық жүйенің) белсенділігі күшейеді. Көптеген жағдайда атқарылған жұмыстың ауыртпалық дәрежесіне сәйкес келеді. Өйткені бұл ішкі секреция бездерінің гормондары адамның бейімделу әрекетін жүзеге асырады.
Жұмыс кезінде қанда тироксиннің мөлшері көбейеді. Дене жүктемесінің ұзақ уақыт әсер етуі салдарынан қанда инсулиннің мөлшері азаяды және оның ыдырауы күшейеді. Сонымен эндокриндік жүйенің аталған өзгерістері жоғарыда көрсетілген бейімделу реакциясын көрсетеді. Егер жаттықтыру жүргізілген ортада температура жоғары болса дене температурасы онан сайын өседі. Ауыр дене жұмысында температура 1,0-1,5 ºС-ға жоғарылайды. Мәселен, орта жылдамдықпен жаяу жүргенде дене температурасы 0,5-0,6 ºС, ал ұзақ жүргенде не жүгіргенде ол 39-40 ºС дейін көтеріледі.
Өте салқын микроклиматта жаттықтыру дене температурасының төмендеуіне, тіпті дененің тоңазып, жаттықтыруды жалғастыру мүмкін болмайтын күйге әкелуі ықтимал. Адам температурасын тыныштық күйде және жаттықтыру кезінде өлшеу арқылы, көптеген әр түрлі орта жағдайларында бейімделуді қамтамасыз ететін ұсыныстар енгізіледі.
Дене жұмысы салдарынан қан жүйесінде көптеген өзгерістер байқалады. Қанның газ тасымалдау қызметі (эритроциттер, гемоглобин мөлшері) артады, оның жасушаларының жаңару қарқыны үдейді, қанның морфологиялық құрамын реттейтін жүйке орталықтарының тонусы күшейеді. Сонымен қатар эритроциттің осмостық төзімділігі артып, қанның тұтқырлығы көбейеді, оның оттектік сыйымдылығы кеңейеді. Сөйтіп қан жүйесі жүктемеге сәйкес бейімделеді.
Сайып келгенде адам организмі өзінің табиғаты арқылы қарқынды бұлшық ет әрекетіне бейімделеді. Динамикалық қарқынды физикалық жүктеме организмнің жүйке, жүрек-тамыр, тыныс алу жүйелеріне қолайлы әсер етіп, қоршаған ортаның жағымсыз факторларына төзімділікті арттырады.

3. Бұлшық ет жұмысы кезіндегі қимыл жаттығуларының әсерінен қан айналым, қан, тыныс алу, биоэнергетикалық, зәр шығару, эндокринді жүйелердің өзгеру ерекшеліктері.


Бұлшық ет қызметін энергиямен қамтамасыз ететін жүйе. Глюкоза сүт қышқылына дейін ыдырап, 20 секундта 57 ккал энергия береді. Негізгі энергиямен қамтамасыз ету субстраттармен тотығу кезінде жүзеге асады. 2 аэробты жол: Тотығу көмірсулар мен майлардың жасушаларының митохондриясында жүреді де, 2-5 минуттарда максимумына жетіп, 5 калкгсек энергия жұмсалады. Осыған байланысты жаттығуларды мынадай түрлерге бөледі. Анаэробты жаттығуларда энергия 75%-тен 95 %-ке дейін анаэробты жолмен түзіледі. Бұл жаттығуларды орындағанда негізгі физикалық сапа күш пен тездік болып табылады. Аэробты жаттығуларда энергия өнімділіктің аэробты механизмі басым болғандықтан, оның негізгі физикалық сапасы төзімділік болып табылады. Тотығу кезінде оттегі қолданылатындықтан бұл жаттығулардың қуаттылығын оттегін пайдалану деңгейімен бағалайды. Егер оттегін пайдалану мөлшерін, оттегінің барынша қажеттілігінің деңгейіне жеткізсек, онда жаттығудың қарқындылығын салыстырмалы аэробты қуаттың деңгейімен сипаттауға болады. Бұлшық еттердің 50 % -тен көбірегі жұмыс істегенде жоғарғы мөлшерін талап етуін – оттегінің барынша қажеттілігі дейміз. Оның мөлшері машықтанбағандарда 2,5-3,5 лмин. Болса, машықтанаған адамдарда 5-6 лмин болады. Оттегінің барынша қажеттілік мөлшері қан және қан айналымы жүйесінің бұлшық етке оттегін тасымалдауына, сондай-ақ қолдануына байланысты. 18-20 жаста оттегінің барынша қажеттілігінің көлемі өте жоғары болады да, жасы ұлғаюына қарай төмендейді. 70 жастағы адам 20 жастағы оттегі қажеттілігінің 60%-ін ғана құрайды. Сүт қышқылының пайда болуы мен ыдырауы негізінде қалыпқа келу процесі өтетін болғандықтан, жұмыстың қарқындылығын сүт қышқылының деңгейімен анықтауға болады. Ол жүрек етінде энергия көзінде айналып, глюкоза синтезделеді. Жұмыс қарықынын сүт қышқылының деңгейімен анықтау үшін анаэробты алмасудың табалдырығы деген түсінік енгізілген. Бұл қандағы сүт қышқылының мөлшері 36 мг%-ке жеткендегі жүк қарқындылығының деңгейі болады. Сүт қышқылынығ деңгейі анаэжробюты алмасудан төмен болса, жаттығулардың қарқындылығы аэробты жаттығулар болып саналады. Егер сүт қышқылының деңгейі 37 мг%-тен 80 мг%-ке дейін ауытқыса – бұл аралас жаттығулар, ал 80 мг%-тен жоғары болса анаэробты жаттығулар бөлінеді. Жүктеменің қарқындылығын бағалау үшін жүректің соғу жиілігінің көлемі анықталады да, мынадай себептерге байланысты тексеріледі. Бұл кезде оттегінің қажеттілігі артып, жүрек-тамыр жүйесінің қызметі күшейеді де, жүректің соғу жиілігі ұлғаяды. Жүректің соғу жиілігінің көлемі 140 сағмин-тен аспаса, олар аэробты жаттығуларда жатады. Егер жүректің соғу жиілігі 175 соғмин-тен жоғары болса анаэробты спортты жаттығулар болады.

4. Қимылдарды баскарудағы жүйелі механизмдердің ерекшеліктері Қозғалыстың автоматтандырылуы (дағдылы әрекеттенуі)


Спорттық қозғалыстар техникасын толық жетілдіру қозғалыс актысының көптеген бөлімдерінің автоматтандырылуымен, яғни адамның еріксіз, мақсатқа лайық және ішкі ортаның әсерінен дағдылы әрекеттенуімен өте тығыз байланысты. Адам организмінде еріксіз туындайтын рефлекторлық актылар көптеп кездеседі. Бұлар вегетативтік және кейбір қозғалыс қызметтерін (кірпік қағу, жұту т.б.) реттейтін түрлі туа пайда болған шартсыз рефлекторлық реакциялармен байланысты біріншілік автоматизмдер. Осымен қатар бұрын саналы, ерікті өтіп, тек одан кейін ғана автоматты түрде іске асырылуы мүмкін болатын реакциялар, яғни екіншілік автоматизмдер де бар. Міне, осыларға соның ішінде қозғалыс дағдылары жатады. Қалыптасқан қозғалыс дағдылары берік бекітілген уақытша байланыстармен сипатталады және олардың көптеген бөлімдері еріксіз, яғни автоматты түрде орындалады.
Адамдағы ұсақ бұлшық еттік құрылымдар қызметі жеке функционалдық моторлық бірліктер немесе олардың кішігірім топтары секілді көбіне сезілмейді. Арнайы жаттықтырусыз көптеген жеке бұлшық еттер қызметі де сана сферасында көрінбейді. Тек тұтас дене мен ірі мүшелердің ғана қозғалыстары анық сезіледі. Дағдылардың вегетативтік компоненттері санада өте әлсіз көрініс береді.
Жүйке жүйесінде қозғалыстың автоматтандырылған және автоматтандырылмаған компоненттерін басқару процестері бір-бірімен тығыз байланысты. Үйрету және жаттықтыру кезінде қозғалыстың орындалуының жалпы сипатына саналы бақылау жасаудың маңызы өте зор. Спортшының қозғалыстың жалпы құрылымымен байланысты алдына қойған міндеттерін саналы қалыптастыруы жүйке орталықтарындағы, бұлшық еттер мен вегетативтік мүшелердегі адамға жете сезілмейтін көптеген автоматтандырылған процестерге жағымды ықпал етеді. Дене жаттығуларын орындау ерекшеліктерін санаға дейін жеткізуде (мысалы, спортшының жіберген қателігінің сипаты) процесс кезінде немесе жаттығуды дереу аяқтағаннан кейін алынған жедел ақпараттың маңызы зор (В.С.Фарфель). Дағдылы әрекеттенген қозғалыс актысының бөлімдері қозғалысты аяқтаған соң жекелей немесе кейін толығымен сезілуі мүмкін болатынын атап өткен жөн. Мысалы, кенеттен оқыс жағдайдағы қақпашы немесе күрескер әрекеті.
Адамдағы сезім алаңы салыстырмалы тар болып келгендіктен, ол бір мезгілде көптеген сипаты бойынша әр түрлі қозғалыс актылары компоненттерін қабылдай алмайды. Сезім алаңын моторлық актының бір бөлімі алса, одан сол уақытта басқасы шығады. Сондықтан да қозғалыс техникасын үйрету кезінде неғұрлым бұл компоненттердің көпшілігін автоматты түрде орындағанға дейін жеткізу керек. Сонда спортшының сезім алаңында жаттығуды орындаудың негізгі міндеттерімен байланысты ең басты қозғалыстар енетін болады.
Дене жаттығуларын орындаудың энергетикалық үнемділігі
Қозғалыс әрекеті кезіндегі энергия жұмсалуының үнемділігіне қозғалыс пен вегетативтік қызметтердің үйлесімділігі есебінен жетуге болады.
Энергия жұмсалу бірінші кезекте дене жаттығуларын орындау техникасын жетілдіру есебінен төмендейді. Толық жетілдірілмеген техника кезінде жүйке орталықтарындағы иррадиация (қозудың таратылуы) салдарынан қозғалысқа артық бұлшық еттер мен қозғалыс бірліктері қатысуы мүмкін. Мұндай жұмыс энергия шығынының жоғарылауымен сипатталады. Қозғалыс актысын орындау техникасының жетілуіне байланысты жүйке жүйесіндегі концентрация (қозудың жинақталуы) процестері нәтижесінде жұмысқа тек қажетті бұлшық ет талшықтары тартылады. Нәтижесінде энергия жұмсалу төмендейді.
Қозғалыс техникасын жақсы меңгерген спортшыларда энергия жұмсалудың үнемделуі тек қозғалыс ғана емес біраз шамада вегетативтік қызметтердің үйлесімділігінің артуымен де байланысты.
Олар қозғалыс әрекеті процесінде шартсыз рефлекстер механизмі бойынша белсендіріледі (мобилденеді). Сонымен бірге қозғалыс дағдысының қалыптасуы кезінде вегетативтік шартсыз рефлекстердің өту сипаты, олардың бұлшық ет жұмысына емес аталмыш қозғалыс әрекетінің сол түріне бейімделуі өзгеруі мүмкін. Нәтижесінде жүрек, тыныс алу, бұлшық ет және т.б. вегетативтік мүшелердің энергия пайдалануы төмендейді.
Дағдылардың қалыптасуы процесінде жүре пайда болған вегетативтік мүшелер қызметінің бұл ерекшеліктері қозғалыс актысының шартты рефлекторлық тыныс алу, жүрек-тамыр және т.б. вегетативтік компоненттерін құрайды.

5. Шартты рефлекстерді жасау үшін қажетті ең негізгі жағдай – индифренттік тітіркендіру мен шартсыз, сол реакцияны міндетті түрде тудыратын тітіркендірудің әсер ететін уақытының бір-біріне дәл келуі. 2. Бөтен тітіркендіргіш шартсыз тітіркендіргіштердің әсеті басталар алдында әсер етуі керек. Екі тітіркендіргіш әсері бір уақытта берілсе шартты рефлекстің жасалуы едәуір қиындайды. Ал алдымен шартсыз, одан кейін индифренттік тітіркендіргіш әсет етсе, шартты рефлекс алынғанмен, ол өте тұрақсыз болады.. Жасалған шартты рефлексті ұзақ уақыт сақтау үшін, оны мезгіл-мезгіл шартсыз тітіркендіргішпен бекітіп отыру қажет. 3. ми қыртысы клеткаларының жеткілікті жоғары қозғыштығы болуы керек. Ол үшін ми қыртысы түрліше басқа әсерлерден бос болу керек. 4. Шартты рефлекс қолданылатын тітіркендіргіштің қасиеті мен күшіне де байланысты. Бөтен тітіркендіргіштің күші қыртыста қозу ошағын тудыруға жететін болуы керек. Бірақ шамадан тыс, артық та болмауы керек.


Шартты рефлекстердің қалыптасу механизмі. Шартты рефлекстер шартсыз рефлекстер негізінде пайда болады дедік. Шартты рефлексті қалыптастыру үшін шартты әрекетті өздігінен тудырмайтын тітіркендіргіштер әсері шартсыз, нақтылы әрекетті (шартсыз рефлексті) тудыратын тітіркендіргіштердің алдын алу керек. Мысалы, алдымен шам жағып, ізінше азық беру қажет. Егер әсер керісінше болса (алдымен шартсыз, соңынан шартты тітіркендіргіш әсер етсе), шартты рефлекс қалыптаспайды. Шартты рефлекстің қалыптасуы екі сатыда жүреді. Оның алғашқысы - жайылу (генерализация), екіншісі - нақыштану сатысы. Шартты және шартсыз тітіркендіргіштер бірнеше рет қосарлана қайталанса, алдымен бағдарлау, байыптау әрекеті, И.П.Павловтың айтуынша «бұл не?» реакциясы, байқалады. Бұл кезде құстың қимыл-әрекеті тежеліп, ол басын тітіркендіргіш көзі орналасқан жаққа бұрады, оның тынысы мен жүрегінің қағысы өзгереді. Ал рефлекс қалыптаса, беки келе аталған реакциялар әлсірей бастайды да, жойылып кетеді.
Шартты рефлекстер кезінде ми қыртысы мен мидың басқа бөлімдерінің арасында уақытша байланыстар түзіледі. Шартты рефлекстер - ағза мінез-құлығының ең қарапайым көрінісі. Шартты рефлекстер бірімен-бірі белгілі бір реттілікпен жүзеге асатын бірнеше кезеңдерден тұрады. Шартты рефлекстер аркылы адам тамағын табуға, кауіпті жағдайлардан қорғануға әрекет жасайды. Мүның бәрі де жоғары жүйке қызметі аркылы жүзеге асады. Шартты рефлекстің қалыптасуының алғашқы сатысында байыптау әрекеттерінің маңызы зор болады, олар орталық жүйке жүйесі торшаларының белсенділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Шартты және шартсыз тітіркендіргіштер бірнеше рет тіркес әсер еткеннен кейін сигналға алғашқы жауаптар байқала бастайды. Бұл кезде рефлекс тиянақты болмайды. Реакция тек шартты тітіркендіргішке ғана емес, оған ұқсас тітіркендіргіштерге де туындай береді (жайылу сатысы). Тітіркендіргіштер әсері тіркес қайталанып отырса, шартты рефлекс бекіп, нығайып, тек шартты сигналға ғана жауап қайтарылады (нақыштану сатысы).
Жоғары жүйке қызметі - үлкен ми сыңарлары, ми қыртысы және қыртыс асты бөліктері арқылы атқарылатым адамның күрделі іс-өрекеті мен мінез-құлқының, танымдық іс әрекеті процестерінің физиологиялық механизмдерін қамтамасыз ететін жүйкелік реттеудің жоғарғы түрі. Жоғары жүйке қызметі өте күрделі рефлекторлық жолмен жүріп, ағзаны, адам мінез-құлқын реттеп отырады. Жоғары жүйке қызметі арқылы адам және жануарлар сыртқы ортамен тығыз байланыста болады. Жоғары жүйке қызметі өз алдына ілім ретінде И.М. Сеченов пен И.П. Павлов зерттеген.
Шартты және шартсыз рефлекстер. Рефлекс дегеніміз организмнің ішкі және сыртқы орта әсерінен орталық жүйке жүйесі арқылы жауап қайтаруы. Рефлекс пайда болу жағдайына байланысты: Шартты және шартсыз рефлекстерге бөлінеді. Шартсыз рефлекстер туа пайда болады. Оның негізгі маңызы организмнің сыртқы орта жағдайына бейімделуін қамтамасыз етуі. Шартсыз рефлекстер организмнің тіршілігінде үлкен орын алады. Шартсыз рефлекстердің өтуі үшін арнайы жағдайлардың болуы қажет емес. Олар рефлекторлық доға арқылы жүзеге асады. Шартсыз рефлекстер тұқым қуалаушылық факторларға негізделеді. Шартсыз рефлекстер: Жай және күрделі болып екіге бөлінеді. Жай рефлекстерге көздің қарашығының жарыққа жауабы ,ыстық затқа саусақ тигенде қолды тез арада тартып алу жауабы, шөлдеу, ашығу, жұтыну.
Күрделі рефлекстер өтуі үшін бірнеше рефлекс тізбектеле қатысады. Шартсыз рефлекстің өтуі үшін бірнеше рефлекс тізбектеле қатысады. Шартсыз рефлекстердің мұндай түрін түйсік (инстинкт) деп атайды. Түйсікті сезім – мінез-құлықтың күрделі тұқым қуалау актілерінің жиынтығы болып саналады. Мінез-құлық деп организмнің ішкі және сыртқы факторлар әсеріне өзінің іс-әрекетін өзгерте алу қабілетінен жауап игеруін айтады.Күрделі шартсыз рефлекстерге организмнің тітіркендіргішке жауап реакцияларынан басқа, шартсыз –шартты жүйелер қатысады. Мысалы, күрделі шартсыз рефлектерге тамақтану , қорғаныш, жыныстық бағдарлау рефлекстер жатады. Бағдарлау рефлексінің маңызы ерекше. Бұл рефлекс сезім мүшелерде «Бұл деген не?»деген сұрақ туады. Шартсыз рефлекс организмнің бүтіндігін сақтайды және сыртқы орта жағдайларына бейімделуін қамтамасыз етеді. Бейімделудің күрделі түрі тек шартты рефлекстер адамның туған күнінен бастап , оның өмірінің соңына дейін пайда бола береді. И.П.Павлов « Шартты рефлекстер»1903 жылы ұсынған .Оның анықтамас бойынша организм тіршілігінде өмір бойы пайда болатын және толғаусыз тітіркендіргіштердің шартсыз рефлекстермен сәйкес келуі нәтижесінде құралатын рефлекс деп аталады. Шартты рефлекстер шартсыз рефлекс негізінде құралады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет