1. Денедегі заттар мен энергия алмасуы, жас ерекшеліктері



бет5/6
Дата26.12.2023
өлшемі27,05 Kb.
#143728
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1. Денедегі заттар мен энергия алмасуы, жас ерекшеліктері-emirsaba.org (1)

Д витамині (кальциферол) организмде жетіспеуінен мешел немес рахит (грек. рахис – омыртқа) ауруы пайда болады. Ол Англияда жиі тараған ауру, сондықтан оны ағылшын ауруы деп та атайды. Күн сәулесә аз болатын аймақта, қыс кезінде туған балаларда мешел жиі байқалады.
Мешелмен ауырған балада кальцидің және фосфордың алмасуы бұзылады, сондықтан олардың сүйектері дұрыс өсіп жетілмейді. Сүйектер жұмсарып, борпылдақ болады, дене салмағының ауырлығынан аяқ сүйектері қисаяды, бас сүйегі мөлшерден тыс үлкен болып, тістері кешігіп өседі.
Д витаминінің жетіспеуінен әйелдің, кей кезде ер адамның да жыныстық қабілеттері бұзылуы мүмкін.
Дені сау дұрыс өскен балалардың қанында фосфор 5 мг % болады, ал мешелмен ауырғанда 2-3 мг%-ға дейін азаяды. Дәрігерлер қанның фосфор көрсеткіші бойынша мешелдің пайда бола бастағанын анықтай алады. Науқастың алдын алу үшін Д витаминін немесе осы витаминге бай сары май, жұмыртқаның сары уызы және бауырды күнделікті тағам мәзіріне енгізіп керек жәе баланы далаға күн сәулесі түсетін жерде көп жүргізу керек. Өйткені Д витамині күннің ультракүлгін сәулесінің әсерінен провитаминнен теріде өндіріледі. Күннің ультракүлгін сәулесі терезенің шынысынан өтпейді, бірақ киімнен өтеді, сондықтан қыста суық болса да баланы қалың киіндіріп далаға шығару керек. Бұл витаминнің тәуліктік қажетті мөлшері 25 мкг.
Е витамині (токоферол). Токоферолдың a, b, g түрлері бар, бірақ а – токоферол ғана белсенді. Бұл витамин өте тұрақты, қайнатқанда ыдырамайды, 170 ` C температурада бұзылмайды.
Токоферол жыныс мүшелерінің өсіп, дамуы үшін қажет. Ер азаматтарда оның мөлшері азайғанда сперматогенез, яғни ерлердің ұрық клеткасының өндірілуі тежеледі, спермотозоиттардаың жіпшелері жоғалып, қозғалу қабілеті жойылады. Жыныс гормондары өнбейді, ересек ер адамдардың сыртқы жыныс белгілері (сақал, мұрт) пайда болмайды. Егер әйелде Е авитаминоз болса, ол балакөтеру қабілетінен айырылады. Ондай әйелде ұрықтану болғанымен, ұрықтың өсу қарқыны төмендейді де тіршілігін жоғалтып, түсік түседі. Жүкті әйелдің Е авитаминозы пайда болса, дұрыс бала табуы мүмкін, бірақ сүті болмайды және аналық мейірімі дамымайды.
Е авитаминозы болған кісілердің жолақ еттерінде гликоген аз жиналады, натрий тұзы көбейеді, ал калий, магний, фосфор тұздары азаяды. Ондағы миозин мөлшерінің пішіні өзгеріп, кішірейеді, ет дистрофиясы байқалады.
Е витаминінің антиоксиданттық қасиеті бар, ол клетка мембранасының беріктігін қамтамасыз етеді. Токоферол А витаминімен, каротинмен арақатынаста болып олардың қышқылдардың әсеріне төзімділігін арттырады.
Токоферол жануар және өсімдік текті азықтарда болады. Ол етте, жұмыртқада, сүтте, сары майда, көкеністе, нанда, мақта майында көп болады.
Е витамині денедеқор болып жиналады. Ол гипофизде, плацентада (бала жолдасында), бауырда, бұлшық етте көбірек жиналады, сондықтан оның қоры жыл мерзіміне байланысы жоқ. Е авитаминозы сирек кездеседі.Тәуліктік қажет мөлшері 1 – 1,5 мг
К витаминінің филлохинон (Кк) және фарнохинон (К 2) деген екі түрі бар. Екеуі де қанның ұюына қатысады. Бұл витамин денеде аз болғанда протробиннің өндірілуі тежеледі, қанның ұю қабілеті мен белоктың түзілуі нашарлайды, адам қансырайды. Бұл витамин табиғатта Кжәне К2 витамині түрінде кездеседі.
К витамині ішек қуысында, бактериялардың әрекетімен түзіледі. Жейтін тамақтың құрамында да болады. Оның ішек қабырғасын, қан тамырына өтуіне бауыр өті жол ашады.
Жаңа туған баланың ішегінде микрофлора әлі болмағандықтан, К витаминінің мөлшері жеткіліксіз, бірақ нәресте оны ана сүтімен толықтырады. Егер ана сүті жарытпаса, балада геморрагия сырқатын тудырады.
К витамині азық – түліктің бәрінде дерлік бар, әсіресе шпинатта, капустада көп болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет