Бақылау сұрақтары:
1.Дененің жылу сыйымдылығы, меншікті жылу сыйымдылығы, мольдік жылу сыйымдылығы дегеніміз не?
Массасы кез келген мәнді дененің температурасын 1К-ге арттыруға қажет жылу мөлшерін жылу сыйымдылық деп атайды. Біртекті денелердің жылулық қасиетін меншікті және мольдік жылу сыйымдылықтармен сипаттайды. Заттың бір килограмның температурасын бір градусқа жылыту үшін жұмсалатын жылу мөлшері, осы заттың меншікті жылу сыйымдылығы деп аталады. С әрпімен белгілейді. Дененің бір молінің температурасын
градусқа арттыруға қажет жылу мөлшерін мольдің жылу сыйымдылығы деп атайды
2.Термодинамиканың бірінші заңы қалай тұжырымдалады?
Термодинамиканың бірінші заңы- термодинамикалық жүйелер үшін керек энергияның сақталу заңы; бұл заң бойынша жүйеге берілетін жылу оның ішкі энергиясын өзгертуге және жүйенің сыртқы күштерге қарсы жұмысына жұмсалады. Энергиялардың бір түрден екінші түрге айналу кезінде энергиялардың сақталу және айналу заңы сақталады. Термодинамиканың бірінші заңы осылай тұжырымдалады: ішкі энергияның өзгерісі жүйеге берілген жылу мөлшері мен сыртқы күштердің жұмысының қосындысына тең. Егер жүйе жылу 0 немесе U1=U2: тұйық жұйенің ішкі энергиясы өзгермейді.
3.Қандай процесті адиабаталық деп атайды? Пуассон формуласын жазыңыз.
Сартқы ортамен жылу алмасусыз өтетін процесс – адиабаталық процесс деп аталады. Адиабаталық процессте жүйе сырттан жылу алмайды және өзі де сыртқы денелерге жылу бермейді. Адиабаталық процессте жұмыс тек жүйенің ішкі энергиясының өзгеру есебінен ғана істелуі мүмкін. Пуассон формуласы: - адиабаттар көрсеткіш. Р_n(k) =(λ^k⋅ⅇ^(-λ))/k!
4.Термодинамиканың бірінші заңын әр түрлі изопроцестер /изотермиялық, изобаралық, изохоралық және адиабаталық/ үшін жазыңыз.
Изопроцесстер дегеніміз- негізгі күй параметрлерінің біреуі тұрақты болып отыратын тең салмақты процесстер.
Изохоралық процесс (V=const). V=const кезіндегі идеал газ күйінің параметрлері арасындағы тәуелділік графигі изохор деп аталады. Изохоралық процесс кезінде газ сыртқы денелердің үстінен жұмыс жасамайды. Изохоралық процесс үшін газға берілетін бүкіл жылу, оның ішкі энергиясын көбейтіге жұмсалады. Q= A .
Изобаралық процесс (P=const). P=const кезінде идеал газ күйінің параметрлері арасындағы тәуелділік графигі изобар деп аталады. Изобаралық процессте газға массасы жылу санын беру кезінде , оның ішкі энергиясы келесі шамаға өсетін болады.
Изотермалық процесс (Т-const). Т=const кезінде идеал газ күйінің параметрлері арасындағы тәуелділік графигі изобар деп аталады. Т=const кезінде идеал газдың ішкі энергиясы өзгермейді. Изотермалық процесс үшін: Q=A
Газдың ұлғаюы кезінде температура төмендемес үшін, изотермалық процесс ішінде газдың, ұлғаю сыртқы жұмысына эквивалентті жылу санын шығаруы қажет.
5. Ср және Сv арасындағы байланыс.
Егер қыздыру тұрақты көлемде (V=const) болса, дене сыртқы денелерге қарсы жұмыс жасамайды, сондықтан термодинамиканың бірінші бастамасы бойынша барлық жылу дененің ішкі энергиясын арттыруға жұмсалады. Егер газды қыздыру тұрақты қысымда (P= const) өтетін болса, онда газ ұлғаяды да , сыртқы денелерге оң жұмыс жасайды. Демек, бұл жағдайда газдың температурасын бір градусқа арттыруға тұрақты көлем кезіндегіге қарағанда жылу көбірек керек болады, өйткені жылудың бір бөлігі газдың істейтін жұмысына кетеді. Сондықтан тұрақты қысымдағы жылу сыймдылық тұрақтылығы тұрақты көлемдегі жылу сыймдылығынан артық болуы керек.
Термодинамикалық процестерді қарастыру кезінде әрбір газ үшін тән болып саналатын Ср-дің Сv-ға қатынасын білу қажет:
γ= Ср/Сv=(i+2)/i
және формулалардан мынадай қорытынды шығаруға болады: мольдікжылусыйымдылық еріндік дәрежелерінің санымен ғана анықталады
және температураға тәуелді емес.
Cp=Cv+R
6. Изотермиялық және адиабаталық процестер үшін дененің жылу сыйымдылығын жазыңыз.
С=Q/ΔT
Адиабаталық процесс кезінде Q=0 . Себебі қоршаған ортамен жылу алмасу болмайды. ΔU=A . Егер жүйеде оң жұмыс жасалса, мысалы газ сығылатын болса, онда онын ішкі энергиясы ұлғаяды және температурасы өседі.
7. /24/-ші өрнекті қорытып шығар.
8. Ауаны идеал газ деп есептеп Ср және Сv жазыңыз, -ның мәнін табыңыз.