1 Деректер қорына кіріспе


  дәріс. Көпқолданушылық ДҚБЖ жүзеге асыру кезінде



Pdf көрінісі
бет4/26
Дата02.10.2023
өлшемі1,23 Mb.
#112432
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

дәріс. Көпқолданушылық ДҚБЖ жүзеге асыру кезінде 
қолданылатын, әртүрлі архитектуралық шешімдер
Мақсаты
: есептеуіш техникасының негізгі қасиеттерімен де, сонымен 
қатар бағдарламалық қамтаманың дамуымен де байланысты, бір деректер 
қорымен бірнеше қолданушылар жұмысының технологиясының негізгі 
нұсқаларын көрсету.
Жоғарыда аталып өткендей, деректер қоры ұғымы әуел бастан бірнеше 
қолданушылары бар көптеген есептерді шешу мүмкіндігі бар деп болжалды. 
Осыған байланысты, заманауи ДҚБЖ маңызды сипаттамасы жұмыстың 
көпқолданушылық технологиясының бар болуы. Осындай технологияларды 
түрлі уақыт мезетінде әртүрлі жүзеге асыру есептеуіш техникасының негізгі 
қасиеттерімен де, сонымен қатар бағдарламалық қамтаманың дамуымен де 
байланысты. Осы технологияларға хронологиялық ретпен қысқаша сипаттама 
берейік.
Осы технологияны қолдану кезінде деректер қоры, ДҚБЖ және 
қолданбалы бағдарлама (қосымша) бір компьютерде (мэйнфреймде немесе 
дербес компьютерде) орналасады (3.1 сурет). Ұйымдастырудың мұндай тәсілі 
үшін желінің қолдауы қажет емесе және барлығы автономиялық жұмысқа 
саяды. Жұмыс келесі түрде құрылған:
1)
Файлдар жиыны түріндегі деректер қоры компьютердің қатты дискіде 
орналасады.
2)
Сол компьютерде ДҚБЖ және ДҚ жұмысқа арналған қосымшалар 
орнатылған.
3)
Қолданушы қосымшаны жуктейді. Қосымшамен ұсынылатын 
қолданушы интерфейсін пайдалана отырып, ол ақпараттарды іріктеу\жаңарту 
үшін ДҚ жүгінуді бастамшылық етеді.
4)
ДҚ барлық жүгінулер ДҚБЖ арқылы жүреді, олар ДҚ физикалық 
құрылымы туралы барлық мәліметтерді өз ішінде қапшықтандырады.
5)
ДҚБЖ, қолданушылар сұраныстарын орындайды қамтамасыз ете 
отырып (деректерге жасалатын қажетті операцияларды жүзеге асыра отырып), 
деректерге жүгінуді бастамшылық етеді.
6)
Нәтиже ДҚБЖ қосымшаға қайтарады.
7)
Қолданушы интерфейсін қолдана отырып, қосымша сұраныстардың 
орындалу нәтижесін бейнелейді.


14 
3.1 сурет
 – 
Орталықтандырылған архитектура 
Мұндай архитектура DB2, Oracle, Ingres ДҚБЖ бірінші нұсқаларында 
қолданылды [3.1].  
Жұмыстың көпқолданушылық технологиясы мультибағдарламалық 
режиммен (бір уақыт мезетінде процессор және сыртқы құрылғылар жұмыс 
жасай алады, мысалы, бір қолданушының қолданбалы бағдарламасында 
сыртқы жадыдан деректерді оқу жүріп жатса, басқа қолданушының 
бағдарламасы процессормен өңделіп жатады), немесе уақытты бөлу режимімен 
(қолданушыларға кезекпен олардың бағдарламаларын орындау үшін уақыт 
кванты бөлінеді) қамтамасыз етіледі. Мұндай технологиялар үлкен ЭЕМ-дің 
(IBM-370, ЕС-1045, ЕС-1060) «үстемдігі» уақытында таралды. Бұл үлгінің 
негізгі кемшілігі қолданушылар саны өскен кезде өнімділіктің күрт төмендеуі 
болып табылады.
Есептердің қиындығының жоғарлауы, дербес коспьютерлердің және 
локальды 
есептеуіш 
желілердің 
пайда 
болуы 
жаңа 
файл-сервер 
архитектурасының пайда болуының алғышарты болып табылды. Желілік 
рұқсаты бар деректер қорының бұл архитектурасы, деректер қорының 
файлдары сақталатын, бөлінген сервер ретінде компьютерлердің біреуінің 
тағайындалады деп болжайды [3.2]. Қолданушылар сұранысына сәйкес файл-
серверден файлдар, деректерді өңдеудің негізгі бөлігі жүзеге асатын, 
қолданушылардың жұмыс бекеттеріне беріледі. Орталық сервер, деректердің 
өзін өңдеуге қатыспай, негізінен тек файлдарды сақтаушы қызметін атқарады.
(3.2 сурет). 


15 
3.2 сурет
 – 
«Файл-сервер» архитектурасы 
Жұмыс келесі түрде тұрғызылған: 
1)
Деректер қоры файлдар жиыны түрінде арнайы бөлінген компьютердің 
(файлдық сервер) қатты дискісінде орналасады.
2)
Клиенттік компьютерлерден тұратын, локальдық желі болады, олардың 
әр қайсысында ДҚБЖ және ДҚ жұмыс жасайтын қосымшалар орнатылған.
3)
Клиенттік компьютерлердің әр қайсысына қолданушылардың 
қосымшаларды жүктеу мүмкіндігі бар. Қосымшамен ұсынылған қолданушылық 
интерфейстерді 
пайдалана 
отырып, 
ол 
ДҚ 
жүгінуді 
ақпаратты 
сұрыптауға\жаңартуға бастамшылық етеді.
4)
ДҚ барлық жүгінулер ДҚБЖ арқылы жүреді, ол өзінің ішінде, файлдық 
серверде орналасқан, ДҚ физикалық құрылымы туралы барлық мәліметтерді 
бумаға жинайды.
5)
ДҚБЖ, файлдық серверде орналасқан, деректерге жүгінуге 
бастамшылық етеді, соның нәтижесінде ДҚ файлдарының бір бөлігінің 
клиенттік компьютерде көшірмесі алынады және өңделеді, ол қолданушының 
сұранысын қамтамасыз етеді (деректерге жасалатын қажетті операциялар 
жүзеге асады).
6)
Қажет болған кезде (деректердің өзгерген жағдайында) деректер ДҚ 
жаңарту мақсатымен файлдық серверге кері қайтады.
7)
Нәтижесін ДҚБЖ қосымшаға қайтарады.
8)
Қолданушы интерфейсін қолдана отырып, қосымша сұраныстардың 
орындалу нәтижесін бейнелейді.
«Файл-сервер» архитектурасының шеңберінде күнделікті қажетті ДҚБЖ 
деп аталатын, мысалы, dBase және Microsoft Access секілді, атақты бірінші 
нұсқаларын орындалды.
 [3.2] әдебиеттерде бұл архитектураның келесі негізгі кемшіліктері 
көрсетіледі:
1)
Бір деректерге бірдей уақыт мезетінде көптеген қолданушылардың 
жүгінуінен жұмыс өнімділігі кенет төмендейді, себебі деректермен жұмыс 


16 
жасап отырған қолданушы жұмысын аяқтағанға дейін күту қажет. Кері 
жағдайда, бір қолданушылармен жасалған, басқа қолданушылармен 
өзгертілген, өзгертулер өшірілуі мүмкін.
2)
ДҚ рұқсат кезіндегі барлық ауыртпалық клиент қосымшасына түседі, 
себебі кестедегі ақпаратты іріктеуге сұранысты беру кезінде ДҚ барлық 
кестесінің көшірмесі клиенттік машинаға алынады және іріктеу клиентте 
жүзеге асады. Осылайша, клиенттік компьютер және желі ресурстары тиімсіз 
жұмсалады. Нәтижесінде желілік трафик өседі және қолданушы компьютерінің 
аппараттық қуаттылығына талап жоғарылайды.
3)
Ережеге 
сәйкес, 
жеке 
жазбалармен 
жұмысқа 
бағытталған, 
навигациялық амал қолданылады.
4)
Файл-сервердегі ДҚ, тікелей аспаптық құралдардан тұратын (мысалы, 
Paradox және dBase файлдарына арналған Borland фирмасының Database 
Desktop утелиттерінен), қосымшаларға тоқтамай, жеке кестелерге өзгерістер 
енгізу әлдеқайда жеңілдеу; мұндай мүмкіншілік, іс жүзінде ДҚБЖ беректер 
қоры физикалық ұғымға қарағанда логикалық ұғымға жақын, жағдайымен 
жеңілденеді, себебі ДҚ деп, дисктегі жеке каталогта бірге жүретін, жеке 
кестелер жиынын түсінеміз. Осының барлығы, қымқыру және зиян келтіру 
тұрғысынанда және қате өзгерістер енгізу тұрғысынанда қауіпсіздік деңгейінің 
өте төмендігі туралы айтуға мүмкіндік береді.
5)
Транзакцияның жеткіліксіз дамыған аппараты бір жазбаға бір уақыт 
мезетінде өзгерістер енгізу кезінде ақпараттың мағыналық және сілтемелік 
тұтастығының бұзылуындағы ықтимал қате көзінің қызметін атқарады.
«Клиент – сервер» технологиясын қолдану бір желіге біріктірілген, 
олардың біреуі ерекше басқарушы қызметін атқаратын (желі сервері болып 
табылатын), біршама компьютерлер санын талап етеді.
Демек, «клиент – сервер» архитектурасы қосымша қызметтерін 
қолданушы (клиент деп аталатын) және сервер қызметі деп бөледі. Клиент 
қосымшасы, реляциялық ДҚ әлемінде өндірістік стандарт болып табылатын, 
құрылымдық SQL (Structured Query Language) сұраныс тілінде, ДҚ орналасқан, 
серверге сұраныстарды құрастырады. Алшақтатылған сервер сұранысты 
қабылдайды және ДҚ оны жаңа мекен-жайға жібереді. SQL-сервер – 
алшақтатылған деректер қорын басқаратын, арнайы бағдарлама. SQL-сервер 
сұранысты түсіндіруін, деректер қорында оның орындалуын, сұранысты 
орындауда нәтиженің құрастырылуын және оның клиент-қосымшасына 
берілуін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге клиенттік компьютер ресурстары 
сұраныстардың физикалық орындалуына қатыспайды; клиенттік компьютер тек 
сұранысты серверлік ДҚ жібереді және нәтижесін алады, содан кейін оны 
қажетті түрде түсіндіріп, қолданушыға ұсынады. Клиенттік қосымшаға 
сұраныстың орындалуының нәтижесі жіберілетіндіктен, желі бойынша тек 
клиенттке қажетті деректер ғана жүреді. Нәтижесінде желіге түсетін ауырпалық 
жеңілдейді. 
Сұраныстың 
орындалуы, 
деректер 
сақталатын 
жерде 
жүретіндіктен, үлкен деректер пакетін тасымалдау қажеттілігі жоқ. Сонымен 
қатар, SQL-сервер, егер ол мүмкін болса, азғантай уақыт мезетінде азғантай 


17 
шығынмен алынғын сұранысты оңтайландырады [3.2,3.3]. Жүйе архитектурасы 
3.3 суретте келтірілген. 
Осының барлығы жүйенің жылдамдығын көтереді және сұраныс 
нәтижесін күту уақытын төмендетеді. Сервермен сұранысты орындау кезінде 
деректер қауіпсіздігінің деңгейі де жоғарылайды, себебі деректердің 
толықтығының ережесі сервердегі деректер қорында анықталады және осы ДҚ 
қолданатын, барлық қосымшалар үшін бір болып табылады. Осылайша, бірдей 
деректерді бір уақыт мезетінде әртүрлі қолданушылармен өзгерту мүмкіндігін 
болдырмау жоққа шығарылады және апаттық жағдаймен аяқталған, ДҚ 
өзгертулер енгізу кезінде бастапқы мәндерге кейін шегіну мүмкіндігі 
ұсынылады [3.2, 3.3]. 
3.3 сурет
 – «
Клиент – сервер» архитектурасы 
Сонымен, нәтижесінде жұмыс келесі түрде тұрғызылды:
1)
Файлдар жиыны түріндегі деректер қоры арнайы бөлінген 
компьютердің (желі серверінің) қатты дискісінде болады.
2)
ДҚБЖ де желі серверінде орналасады.
3)
Клиенттік компьютерлерден тұратын, локальды желі болады, олардың 
әрқайсысында ДҚ жұмыс жасауға арналған қосымшалар орнатылған.
4)
Клиенттік 
компьютерлердің 
әрқайсысында 
қолданушыларға 
қосымшаларды жүктеу мүмкіндігі бар. Қосымшамен ұсынылған қолданушы 
интерфейсін қолдана отырып, ақпараттарды іріктеу\жаңарту үшін, серверде 
орналасқан, ДҚБЖ жүгінуді түсіндіреді, яғни клиенттен серверге желі бойынша 
тек сұраныс мәтіндері ғана беріледі.
5)
ДҚБЖ өз ішінде, серверде орналасқан, ДҚ физикалық құрылымы 
туралы барлық мағұлматтарды оқшаулайды.
6)
Серверде жатқан деректерге жүгінулерді бастамшылық етеді, 
нәтижесінде серверде деректердің барлық өңдеуі жүзеге асады және тек 


18 
сұраныстың орындалу нәтижесінің клиенттік компьютерге көшірмесі алынады. 
Осылайша, ДҚБЖ қосымшаға нәтижені қайтарады.
7)
Қолданушы интерфейсін қолдана отырып, қосымша сұраныстарды 
орындау нәтижесін бейнелейді.
8)
Сервер мен клиенттер арасындағы функцияларды шектеу қалай 
болатынын қарастырайық.
9)
Клиент-қосымшасының функциялары: 
- серверге сұраныстарды жіберу; 
- серверден алынған, сұраныс нәтижелерін түсіндіру; 

нәтижелерді 
біршама 
формада 
(қолданушы 
интерфейсі) 
қолданушыларға ұсыну. 
10)
Серверлік бөліктің функциялары: 
- клиент-қосымшасынан сұраныстарды қабылдау.
- сұраныстарды түсіндіру. 
- ДҚ сұраныстарды тиімдеу және орындау.
- нәтижелерді клиент-қосымшасына жіберу.
- қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз ету және рұқсатты шектеу.
- ДҚ толықтығын басқару. 
- жұмыстың көп қолданушылық режимінің тұрақтығын жүзеге асыру.
«Клиент–сервер» архитектурасында «өндірістік» деп аталатын ДҚБЖ 
жұмыс жасайды. Олар өндірістік деп, тек осы кластың ДҚБЖ ғана орташа 
көлемдегі және ірі көлемдегі мекемелердің, ұйымдардың, банктердің 
ақпараттық жүйе жұмысын қамтамасыз ете алатын болғандықтан аталады. 
Өндірістік ДҚБЖ қатарына MS SQL Server, Oracle, Gupta, Informix, Sybase, 
DB2, InterBase және т.б. жатады [[3.2]]. 
Ережеге сәйкес, SQL-сервер жеке қызметкермен немесе қызметкерлер 
тобымен (SQL-сервер әкімшіліктері) қызмет көрсетіледі. Олар деректер 
қорының физикалық сипаттамаларын басқарады, тиімділікті, баптауларды және 
ДҚ түрлі компоненттерінің қайта анықталуын жүргізеді, жаңа ДҚ құрады, 
барларын өзгертеді және т.б., сонымен қатар түрлі қолданушыларға айрықша 
құқықтар береді (нақты ДҚ, SQL-серверге белгілі-бір деңгейдегі рұқсатқа 
рұқсат береді) [[3.2]]. 
Берілген 
архитекетураның 
"файл-сервер" 
архитектурасымен 
салыстырғандағы негізгі жетістіктерін қарастырайық: 
1)
Желілік трафик барынша кішірейеді.
2)
Клиенттік қосымшалардың күрделілігі азаяды (ауыртпалықтың үлкен 
бөлігі серверлік бөлікке түседі), демек, клиенттік компьютерлердің аппараттық 
қуаттығына талап төмендейді.
3)
Арнайы бағдарламалық құралдың – SQL-сервердің – бар болуы 
жобалық және бағдарламалаушылық есептің маңызды бөлігінің шешіліп 
тұруына алып келеді.
4)
Демек ДҚ толықтығы мен қауіпсіздігі де жоғарылайды.
Кемшіліктер қатарына аппаратық және бағдарламалық жасақтамаларға 
жоғары финанстық шығындарды, сонымен қатар, әртүрлі орындарда 
орналасқан клиенттік компьютерлер снының көбі барлық клиенттік-


19 
компьютерлерде клиенттік қосымшаларды уақытылы жаңартулардың белгілі-
бір қиындықтарын тудыруды жатқызуға болады. Дегенмен, «клиент – сервер» 
архитектурасы өзін тәжірибеде жақсы ұсынды, қазіргі уақытта, осы 
архитектураға сәйкес тұрғызылған, ДҚ көптеген саны бар және жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет