21
олардың физикалық ұсынысынан ажыратудан тұрады. Деректер туралы мұндай
ұсыныстарды қолдану ДҚ қойылатын негізгі талаптарды – бағдарламалар мен
деректердің тәуелсіздігін орындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қолданбалы бағдарламаларды өзгерту кезінде сәйкес сыртқы ұсыныстар
өзгеруі мүмкін, бірақ деректердің логикалық үлгісі
өзгермейді және демек,
басқа қолданбалы бағдарламалар өзгермейді. Ішкі ұсынысты өзгерту кезінде
(сақтау құрылымы) логикалық үлгі өзгермейді, демек,
қолданбалы
бағдарламаларда өзгермейді.
Сәйкес ұсыныстарды қолдану сонымен қатар, деректер қорымен жұмыс
жасайтын, әртүрлі тұлғалардың өкілеттілігін нақты шектеуге мүмкіндік береді.
Сәйкес ұсыныстар деректер қорының «көрінуін»
олармен жұмыс
жасайтын түрлі тұлғалармен сипаттауға мүмкіндік береді:
- сыртқы ұсыныс – пәндік аймақ маманының (қолданушы) ұсынысы;
- ішкі ұсыныс және логикалық үлгі – қолданушы үшін нақты қосымша
жасақтайтын, қолданбалы бағдарламалаушының ұсынысы;
- логикалық үлгі және ішкі ұсыныс – деректер қорын әкімшілендіретін,
жүйелік бағдарламалаушы ұсынысы.
Деректерді (деректер қорын) жобалау
зерттелетін нақты өмір
құбылыстарын ЭЕМ жадында деректер түрінде тізбектей бейнелеу үрдісін
білдіреді (4.3 сурет).
4.3 сурет
–
Жобалаудың ортақ сұлбасы
Жүргізілетін зерттеулер үшін мүдделерді ұсынатын, нақты өмірдің
нақты құбылыстарын пәндік аймақ деп атаймыз.
Деректер қорын жобалау (үлгілеу) көп сатылы үрдіс болып табылады.
Бұл үрдістің негізгі сатылары 4.4 суретте келтірілкен.