2) Дәрілік препараттарды орта ғасырларда дайындау (V- XVІІ)
Араб алхимиктері су моншасын, айдалатын куб жасап шығарып, қайнау, декантацияны, дистилляцияны, сублимацияны, ерітуді, коагуляцияны сипаттап, азот және тұз қышқылдарын, этанолды, хлорлы әкті алды.
3) Дәрілік препараттарды жаңа дәуірде дайындау (1640-1917)
Фармация бөлек ғылым, мамандық болып саналды. Университеттерде арнайы кафедралар, мамандар тағайындалып шығарыла бастады.
4) Қазақстанда алғашқы фармацевтер мен дәрілердің дәріханалық технологиясының қалыптасуы
1841-1842 жылдары Орал қаласында алғашқы дәріхана ашылды. Ол ұзақ уақытқа дейін Қазақстан территориясында жалғыз болды. Одан әрі дәрілер ақылы бостатын дәріханаларда босатылды. Алғашқы дәріханалар Семей және Петропавл қалаларында ашылды, ал 1875 жылға қарай олардың саны алтыға жетті.
2. Дәрілік түрлердің агрегаттық күйі, енгізу жолдары бойынша және дисперсиялық жүйе ретінде жіктелуі
Агрегаттық күйіне байланысты дәрілік түрлердің жіктелуін академик ғалым Ю.К.Трапп ұсынған. Барлық дәрілік түрлер агрегаттық күйіне байланысты төрт топқа бөлінеді: қатты, сұйық, жұмсақ және газ тәріздес. Қатты дәрілік түрлерге – жинақтар, ұнтақтар, таблеткалар, пилюлялар, суппозиторийлер, шариктер, таяқшалар, түйіршіктер, микротүйіршіктер; жұмсақ дәрілік түрлерге – жағар майлар, пластырлер; сұйық дәрілік түрлерге – микстуралар, тамшылар, басуға (дәрілі дымқыл дәке), шаюға арналған ерітінділер; газ тәріздес дәрілік түрлерге – газдар, булар, аэрозольдер жатады. Агрегаттық күйі бойынша жіктелу геометриялық түрді сипаттайтын болғандықтан, дәрілік түрлерге алғашқы сипаттама беру үшін қолайлы (конустық, цилиндрлік суппозиторийлер).
Агрегаттық күйі дәрілік препаратқа белгілі бір түр беру мүмкіндігіне де байланысты болады. Мысалы, жұмсақ массалардан жасалуы мүмкін емес пилюлялар, шариктер. Бұл жіктелу дәрілік түрдің әсер ету жылдамдығын анықтауға мүмкіндік береді. Сұйық дәрілік түрлер қатты дәрілік түрлерге қарағанда тез әсер етеді, себебі, қатты дәрілік түрлер сіңірілу алдында ағзаның биологиялық сұйықтықтарында еруі тиіс. Бірақ, агрегаттық күйіне байланысты дәрілік түрлердің жіктелуінің бірқатар кемшіліктері бар. Мысалы, бір дәрілік түр құрамындағы қосымша заттардың физикалық қасиетеріне байланысты әртүрлі топқа жатуы мүмкін (мысалы, майлы негізде дайындалған суппозиторийлер – жұмсақ дәрілік түрге, ал полиэтиленоксид негізінде дайындалған суппозиторийлер – қатты дәрілік түрге жатады).
Барлық дәрілік түрлерді енгізу жолына байланысты үлкен екі топқа бөледі: энтеральді (ас қорыту трактысы арқылы) және парентеральді (ас қорыту трактысынан өтпей).
Дәрілік түрлердің энтеральді түріне келесі жолдар жатады: ауыз қуысы арқылы, тіл астына, тік ішек арқылы. Ең кең тараған тәсілдің бірі – пероральді (лат. per – арқылы, os, orіs – ауыз), ауыз қуысы арқылы (per os). Бұл ең қарапайым және қолайлы енгізу жолы. Ауыз қуысы арқылы қабылданған дәрілік құралдар ащы ішекте салыстырмалы түрде баяу сіңіріледі.
Пероральді жолдың модификациясы – жергілікті және жалпы әсер көрсету мақсатында қолданылатын енгізудің сублингвальді (тіл астына) түрі болып табылады. Дәрілік құралдар ауыз қуысының кілегей қабаты арқылы тез сіңіріліп, асқазанішек трактысы және бауыр барьерлерінен тыс жалпы қан айналым шеңберіне түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |