Суппозиторийлер - бөлме температурасындағы қатты дозаланған, құрамында бір немесе одан да көп әсер ететін, тиісті негізде ерітілген немесе диспергирленген, дене қуысына енгізуге арналған және дене температурасы кезінде еритін дәрілік түр.Суппозиторилердің белгіленуі бойынша жіктелуі: Ректальді, вагинальды және таяқшалы суппозиториялар бар.
Ректальді суппозиторийлер әдетте конустық немесе торпеда тәрізді формада болады және жергілікті әсерді қамтамасыз ету үшін де, жүйелік әсерге қол жеткізу үшін де пайдаланылуы мүмкін. Егер салмағы көрсетілмесе, онда салмағы 3 Г болатын суппозиторийлер дайындалады.
масса 1,1-4 г
максимальді диаметр 1,5 см
Қынап суппозиторийлері(вагинальді) негізінен шар тәрізді немесе жұмыртқа тәрізді нысаны бар және, әдетте, жергілікті әрекетке арналған. Егер салмағы көрсетілмесе, онда вагинальды суппозиторийлер 4 г массамен дайындалады.
Масса 1,5-6 г
Таяқшалардың ұштары өткір және диаметрі 0,2 — 0,5 см аспайтын цилиндр пішінді болады.
Суппозиторийлердің салмағы мен өлшемдері оларды енгізу жолдарына сәйкес келуі тиіс. Таяқшаларды зәр шығару арнасына, жатыр мойны арнасына, жыланкөзге енгізеді.
Суппозиторий өндіру кезінде пайдаланылатын негіздер липофильді, гидрофильді және дифилді болып бөлінеді.
Липофильді негіз ретінде суппозиторийлерді алу үшін какао майы, парафинмен және гидрогенизирленген майлармен какао майының қорытпалары, өсімдік және жануарлар гидрогенизирленген майлар, қатты май, ланоль, гидрогенизирленген майлардың балауызы бар қорытпалары, қатты парафинмен және медициналық қолдануға рұқсат етілген басқа да негіздер қолданылады.
Гидрофильді негіз ретіндежелатин-глицерин гелдерін, түрлі молекулалық масса полиэтиленоксидтерінің қорытпаларын және медициналық қолдануға рұқсат етілген басқа да негіздерді пайдаланады.
Дифильді негіздер липофильді және гидрофильді қасиеттері бар және құрамында беттік-белсенді заттар бар жасанды композициялар болып табылады. Дифильді негіздерге Витепсол, Лазупол, Суппорин М түріндегі жоғары май қышқылдарының күрделі эфирлері және медицинада қолдануға рұқсат етілген басқа да негіздер жатады.