Суппозиторийлер - официналды дәрілік түр. МФ X басылымы бойынша, суппозиторийлер бөлме температурасында қатты, дене температурасында балқитын немесе еритін ,дене қуысына енгізуге арналған дозаланған дәрі түрі.
Дене қуысының құрылысының ерекшеліктеріне байланысты суппозиторийлерге тиісті сыртқы көрініс пен көлем беріледі. Ректальды, вагиналды және таяқшалы суппозиторийлерді ажыратады.
ректальді суппозиторийлер тік – ішекке енгізу үшін қолданылады.Цилиндр немесе сигара түрінде болады. үшін салмағы 1 ден 4,0г аралығында, максималды диаметрі 1,5 см.Егер салмағы көрсетілмесе, онда суппозиторий салмағы 3,0 г.балаларға арналған суппозиторийлер салмағы 0,5-ден 1,5 г аралығында болу керек.

вагинальді суппозиторийлер– қынапқа; тіл тәрізді-pessaria,шар тәрізді-globuli,жұмыртқа тәрізді-ovula болуы мумкін. салмағы 1,5-нан 6,0 г аралығында, егер суппозиторий салмағы көрсетілмесе онда 4,0 г салмақта дайындалады.
таяқшалар – несеп жолына және басқа да тар қуыстарға енгізуге арналған.Ұшы үшкірленіп келген цилиндр формалы,диаметрі 0,2-0,5см,салмағы 0,5-1,0г аралығында болады.
Суппозиторийлер салмағының үлкен маңызы бар, себебі суппозиторий енгізілген мүшенің кілегей қабығының барлық бетін сұйықтық жабуы керек, сол кезде ғана препараттың сіңірілуі тегіс және бірдей болады.