1. Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалаудын негізгі багыттары. Нормативті кужаттар. Рецепт, аныктамасы, манызы, курылымы. Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалау



Pdf көрінісі
бет1/39
Дата30.12.2023
өлшемі1,62 Mb.
#145127
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
ОФТ 90



1. Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалаудын негізгі багыттары. 
Нормативті
кужаттар. Рецепт, аныктамасы, манызы, курылымы.
Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалау 

дәрілік заттардың, қосымша 
заттардың және материалдардың сапасына, технологиялық процесс пен дәрілік 
препараттарға қойылатын талаптар жиыны болып табылады. 
Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалау, негізінен
, төрт бағытта 
жүргізіледі:
1) Дәрілік препараттар дайындауға рұқсат етілетін адамдар тобын шектеу 
(фармацевтік жұмысқа құқығы болуы тиіс); 
2) Дәрілік препараттар жазылымының құрамын нормалау; 
3) Дәрілік препараттарды дайындау үшін қолданылатын дәрілік және 
қосымша заттар сапасының нормаларын белгілеу; 
4) Дәрілік препараттар өндіру жағдайларын және технологиялық өндірістің 
процестерін нормалау. 
Рецепт
(recіpe – лат. алу) дәрілік препаратты дайындау немесе босату туралы дәрігердің 
жазбаша нұсқауы болып табылады.
Іnscrіptіo
(лат. бетіне жазу, сыртына жазу) бөлімінде емдеу мекемесінің атауы, мекен-
жайы, телефоны көрсетіледі. Емдеу-профилактикалық мекемесінің коды толық жазылып, 
мөртабан басылады. Рецептіде дәрігердің аты-жөні, үй мекен-жайы және телефон нөмірі 
жазылуы тиіс. Бұл мәліметтер фармацевттехнолог үшін дәрілік препараттың дозасын, 
қолдану тәсілін, дәріханада жоқ ингредиенттерді алмастыру мүмкіндігін анықтау, нақтылау 
үшін қажет. 
Nomen aegrotі 
– аурудың аты және тегі. Рецептіде аурудың аты-жөні және жасы міндетті 
түрде көрсетілуі тиіс. Әсіресе пациенттің жасы туралы мәлімет қажет, себебі, дәрігердің 
улы және күшті әсер ететін заттарды дұрыс белгілеуін бақылау фармацевт-технологқа 
жүктеледі.
Datum
– рецепт жазылған күн (күні, айы, жылы). 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет