Сұйық дәрілік түрлер – суда, спиртте, майда және басқа еріткіштерде дәрілік заттарды
араластыру немесе еріту арқылы алынатын дәрілік түр.
Дисперсологиялық жіктелуі бойынша сұйық дәрілік түрлер еркін дисперстік жүйеге жатады.
Бұл түрде дәрілік зат барлық үш агрегаттық: қатты, сұйық, газ тәрізді күйде бола алады. Сұйық
дәрілік түрлер дәріхананың жалпы экстемпоральды рецептурасының шамамен 50% құрайды.
Сұйық дәрілік түрлердің артықшылықтары:
- ағзаға тез сіңірілетін болғандықтан, олар терапевтік әсерді тез көрсетеді;
- кейбір препараттарды, мысалы, бромидтерді тек сұйық дәрілік түр ретінде босату керек,
себебі, бромидтер ұнтақ түрінде асқазанның шырышты
қабатында жоғары концентрация түзіп, тітіркендіргіш әсер көрсетеді;
- қолдануы қарапайым және қолайлы;
- ащы дәмді дәрілік заттардың дәмін жасыруға болады;
- технологиясы қиын емес.
Сұйық дәрілік түрлердің кемшіліктері:
- олардың сыртқы орта факторларының (ауадағы бос оттегіннің, жарықтың, температура
өзгеруінің) әсеріне тұрақтылығы төмен;
- олар микроорганизмдердің өсуіне және көбеюіне қолайлы орта болып саналады, сондықтан,
сұйық дәрілік түрлердің сақтау мерзімі қысқа;
- тасымалдауға ықшамды емес;
Сұйық дәрілік түрлердің жіктелуі
Сұйық дәрілік түрлердің келесі белгілері бойынша бірнеше топқа жіктеледі:
Қолдану тәсілі бойынша
;
1)
1. Ішуге қолданылатын дәрілер – Medіcamentum ad usum іnternum. Бұл микстуралар
(Mіxturae) және тамшылар (Guttae).
2)
2. Сыртқақолданылатындәрілер–Medіcamentumadusumexternum.
3)
3. Шаншуға (инъекцияға) арналған дәрілер – Medіcamentum pro іnjectіonіbus.
Дисперсті фазаның ұнтақталу дәрежесі және оның дисперстік ортамен
Достарыңызбен бөлісу: