№1 Дәріс №1 Дәріс физиканы оқытудың ЖӘне жаңа ақпараттық технологиялардың негізгі мақсаттары мен міндеттері



Дата31.12.2021
өлшемі264,5 Kb.
#21867
түріЛекция

№ 1 Дәріс

  • № 1 Дәріс
  • ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ЖӘНЕ ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Лекция жоспары: 1. Оқыту технологиясы. 2. Оқыту технологияларының түрлері, мақсаты және міндеттері. 3. Физиканы оқытуда ақпараттық технологияны қолдану. 4. Ақпараттық технология түсінігі. 5. Ақпараттық техника.

  • Оқытудың әдiстемелiк жүйесiн жетiлдiрудiң проблемасы педагогика ғылымының даму барысының барлық кезеңiнде өзектi мәселенiң бiрi болып келедi.
  • Технология идеясы жаңа ұғым емес. Оқыту процесiн технологияландыру туралы пiкiрдi осыдан 400 жыл бұрын Я.А.Коменский айтқан, яғни оның пiкiрiнше оқыту “технологиялық” болуы қажет. Оның мағынасы – ненi үйретсе де, ненi оқытса да оқу процесi табыссыз болмауы керек. Мұндай оқыту механизмiн Я.А.Коменский “дидактикалық машина” деп атады. Технологияға мақсат қою, осы мақсатқа жетудiң құралдарын iздестiру, бұл құралдарды қолданудың ережелерiн табу маңызды болды. Соған байланысты, мақсат - құрал – оның қолдану ережелерi – нәтиже модулi шықты. Бұның өзi – бiлiм берудегi кез-келген технологияның өзегi.
  • Оқыту технологиясы – оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсатқа жетудiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн оқытудың әдiс, құрал және түрлерiнiң жүйесi болып табылады.
  • Оқыту технологиясында мазмұн, әдiс және құралдардың өзара байланысы мен себептiлiгi жатыр, соған байланысты қажеттi мазмұнды, тиiмдi әдiстер мен құралдарды бағдарлама мен қойылған педагогикалық мiндетке сәйкес iрiктей бiлу мұғалiмнiң педагогикалық шеберлiгiне байланысты. Берiлген анықтамалардан “технология” – technе - өнер, шеберлiк және logos - ғылым, заң, яғни технология дегенiмiз – шеберлiк (өнер) туралы ғылым екенiн бiлуге болады.
  • Педагогикалық технологияның ерекшелiгiн педагогикалық жүйенi жобалау тұрғысынан анықтау үшiн студенттің бiлiм беру аймағында оқыту жүйесi мен оның жекелеген компоненттерiн жасаумен шектелмейтiнiн ескеру қажет. Сонымен қатар студенттің интеллектуалдық даму заңдылықтарын, оқу iс-әрекетiнiң қалыптасу ерекшелiктерiн және педагогикалық басқарудың тәсiлдерiн зерттейтiн құрал ретiндегi әдiснамалық қызмет те атқарады. Оқыту технологиясының әдiснамалық қызметi жалпы стратегиялық үлгi – оқытуды ұйымдастыру және жобаны жүзеге асыру арқылы анықталады.
  • Ақпарат (лат. Infоrmation-таныстыру, көрсету, түсіндіру, түсінік) – бұл адамдар арқылы таралатын нақты жағдай туралы хабар, түсініктеме; хабарлама алу арқылы азаятын, төмендейтін белгісіздік; басқарумен синтаксистік, семантикалық және прагматикалық сипаттамаларының біртұтас сигналдары тығыз байланыстағы хабарлама; кез келген объектілер мен процестердегі (өлі және тірі табиғаттағы) көп түрлілікті бейнелеу арқылы жеткізу. «Ақпаратты» айтқанда теледидар мен радио арқылы алынатын мәліметтер мен газет, кітап, кітапхананың мәліметтер қоры мен адамдармен сөйлесу арқылы және ғылыми журналдардан алынған белгілі бір білімдер туралы айтамыз.
  • Ақпаратты ауызша және жазбаша, электр сигналдары мен радиотолқындардың көмегімен тасымалдайды; оны сезім мүшелерінің, фото электр датчиктерімен және видеокамералардың көмегімен алады. Жекелеген мәліметтер мен мағлұматтарды өңдейді, жөндейді, жүйелейді, сұрыптайды және жаңа ақпараттар мен білімдерді алады.
  • Ақпараттың философиялық кең мағынасы – шын әлемнің бейнесі болып табылуы; бір шынайы объект келесі шынайы объект туралы мазмұны бар болатын мағлұматтар. Ақпарат түсінігі қандай да бір объектімен байланысты бейнелейтін қасиеттер деп те түсінуге болады.
  • «Ақпараттық технология» түсінігі информатика ғылымының қалыптасу процесі барысында ХХ ғ. соңғы онжылдығында пайда болды. Ақпараттық технологиялардың негізгі ерекшелігі – онда еңбектің құралы да, өнімі де ақпарат болып табылады, ал еңбектің құралына есептеуіш техника байланыстары мен құралдар жатады. Ақпараттық технология ақпаратты өндіру туралы ғылым ретінде басқа да материалдық ресурстармен бірге толығымен өмірде өндірістік ресурс ретінде қарастырыла бастағандықтан да пайда болды. Ақпаратты өндіру және оның жоғары деңгейі – білімді өндіру – жаңа өнеркәсіптік технологияларды жасау мен модификациялауға шешуші әсерін тигізеді.
  • Адамзат өркениетінің дамуының есебінен бастап, әдетте адамдар еңбек құралдары мен аңшылық құралдарын жасай бастаған уақытты айтады. Техникалық прогрестің ары қарайғы барлық отты бағындырудан бастап ядролық энергияны ашқанға дейінгі тарихы – ол табиғаттың орасан зор күштерін одан сайын да бағындыру тарихы болмақ. Мыңдаған жылдар бойында шешіліп келе жатқан мәселе – адамдардың дене күшін әртүрлі машиналар мен құралдар арқылы көбейту. Абак тастарынан бастап, қазіргі ЭЕМ-нің механикалық студенткмасы – Бэббидж машиналарынан аяқталатын ақпаратты өңдеу бойынша адамдардың табиғи мүмкіндіктерін күшейту құралдарын жасау әрекеттерінде ғылыми-техникалық прогрестің дамуының жалпы барысында аз бөлігін ғана құрайды.
  • Ақпараттық технологиялар – ЭЕМ-нің көмегімен ақпаратты жинау, енгізу, тасымалдау, сұрыптау, іздеу, реттеу, өзгерту және өңдеу жұмыстарының тізбегі. Ақпараттық технологияның өндірістік технологиядан айырмашылығы оны адамның қатысуынсыз роботтар іске асыратын үздіксіз процеске айналдыруға болмайды.
  • Өйткені ол құжаттың көшірмесін алу, есепке енгізу, есеп шығару секілді жұмыстармен қатар шығармашылық ізденісті ететін шешімдер қабылдау, мәселені жүргізу жолын өзгерту, бірнеше мүмкіндіктерді салыстыра отырып, олардың ішінен ең тиімдісін іріктеп алу сияқты таңдау жұмыстарын кеңінен жүргізумен өте тығыз байланысты болады. Сондықтан ақпараттық технология «адамдық факторға» үлкен көңіл бөледі және оның шеберлік деңгейінің өсуіне әсер етеді.
  • Қазіргі кездегі ақпараттық технология ұғымын мәліметтер өңдеуге байланысты үш түрге жіктеуге болады. Олар: есепке алу, талдау және шешім қабылдау. Осы уақытқа дейін бұл жұмыстар адамның басқаруымен қағазға жазылған құжатты өңдеу түрінде өтетін, ал енді басқару, ұйымдастыру жұмыстарын ЭЕМ көмегімен автоматты түрде атқару жаңа ақпараттық технологияның тууына себепші болды. Бұл жаңа технологияның бұрынғы технологиядан (құжатты машинкада басу, байланысты телефонмен жүргізу, сөзді диктофонға жазу) айырмашылығы – тізбектеле орналасқан ақпараттық техника, «жылы жүзді» бағдарламалық жасақ және дамыған компьютерлік байланысты кеңінен қолдану.
  • Сонымен, жаңа ақпараттық технологиялар мынадай мүмкіндіктерді орындауы тиіс:
  • әрбір адам мәліметтерді дұрыс орналастыра білуі (бағдарламалық емес) керек;
  • мәліметті өңдеу барысында оларды өңдеу, сақтау, іздеу, бейнелеу және өзгерістен қорғаудың бірыңғай үлгісіне келтіріп, жинақталған мәліметтер қоймасын пайдаланатын ақпараттық қолғабыс көрсету;
  • кез келген құжатты қағазсыз өңдеу ісін ұйымдастыру, мұнда қағазға құжаттың ең соңғы нұсқасы ғана түсіріледі, ал басқалары электрондық машинаның мәлімет жинақтағыштарында сақталады да, экранда көрсетіледі.
  • адам үшін көптеген жеңілдіктері бар есепті шығарудың сұхбаттау режимін (интерактивті режим) жүргізу;
  • бір-бірімен байланысқан ЭЕМ-дерді пайдалана отырып, құжатты ұжымдық түрде даярлау;
  • есепті шығару барысында мәліметтерді бейнелеу тәсілін жылдам өзгерту мүмкіндігі болу.
  • Ақпараттық техника – ақпаратты өңдеуге керекті техникалық аспаптар жиыны. Ақпараттық технологиялар (АТ) – есептеуіш техниканың жабдықтарын қолданудың арқасында ақпараттарды жинақтайтын, сақтайтын, іздейтін, өңдейтін әдістер мен тәсілдердің жиынтығының жүйесі.
  • Кейбір кеңінен тараған ақпараттық технологиялар. Кеңінен тараған компьютерлік технологияларға мәтіндік берілгендерді өңдеу, кестелік және графиктік берілгендерді өңдеу жатады.
  • Мәтіндермен жұмыс істеу барысында мәтіндік процессорлар қолданылады. Бүгінгі таңда мәтіндік процессорлардың көптеген түрлері бар. Олардың қолдану мақсаты бірдей, бірақ мүмкіндіктері мен орындау жабдықтары әр түрлі.
  • Кеңінен тараған мәтіндік процессорлар қатарына Word, Writе және т.б. атап өтуге болады. Оларды пайдалану технологиясы WIМР интерфейсіне негізделген. Word мәтіндік процессорының мүмкіндігі Write процессорына қарағанда әлдеқайда жоғары.
  • Мәтіндік процессорлардың атқаратын функциялары: мәтінді теру, қарап өту, компьютердегі тасымалдаушыларда сақтау, шрифтер мен кегельдерді таңдау, орфографияны тексеру, мәтіндерді парақтарға бөлу, бірнеше бағандарда немесе бір бағанда мәтіндерді баспаға шығару және т.б. Форматтау жабдықтарының көмегімен құжаттардың стилі мен символдардың өлшемдерін өзгертуге, абзацтарды ерекшелеуге, баспаға шығармай тұрып кез-келген құжатты қарап өтуге, баспаға шығатын құжаттың көшірмелерінің саны мен қағаз өлшемінің түрін таңдауға және көптеген т.б іс-әрекеттерді орындауға болады.
  • Графикалық процессорлар графикалық бейнелерді төмендегі сәйкес ақпараттық технологиялар көмегімен құруға және модификациялауға мүмкіндік береді:
  • Коммерциялық графиктер;
  • Иллюстративті графиктер;
  • Ғылыми графиктер.
  • Коммерциялық графиктердің ақпараттық технологиялары кестелік процессорлар мен деректер қорында және кейбір жергілікті файлдарда сақталынған ақпараттарды екі-үш өлшемді кеңістікте дөңгелек диаграмма, бағандық гистограмма, сызықтық графиктер және т.б. түрінде бейнелеуді қамтамасыз етеді.
  • Иллюстративті графиктердің ақпараттық технологиялары әртүрлі мәтіндік құжаттарды регулярлы – әртүрлі геометриялық фигуралар (векторлық графика), регулярлы емес пайдаланушының суреттері (растрлы графика) түрінде құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кейбір ақпараттық технологиялардың (Согеll Draw, Storyboard, 3d Studіо) кескіндерді слайд түрінде, арнайы эффект беріп оларды қозғауға болатын мүмкіндіктері бар.
  • Ғылыми графиктердің ақпараттық технологиялары картография тапсырмалары мен химиялық, математикалық формулалары бар ғылыми есептеулерде қолданылады. Мұнда да барлық символдардың түрін, түсін, қалыңдығын және т.б таңдауға кең мүмкіндік бар (Matcad, Аutocad).
  • Кестелік түрдегі құжаттар кез-келген типтегі кәсіпорынның құжаттар айналымының негізгін құрайды. Сондықтан ЭАЖ құруда және онымен жұмыс істеуде кестелік АТ орны маңызды. Электронды кестелерді есепке алу, редактрлеу, өңдеу, баспаға жіберу, сақтау іс-әрекеттерін кестелік процессорлар атқарады. Бүгінгі таңда кеңінен тараған кестелік процессорлар қатарына МS Ехсеl, SирегСаlс, VisiСаlс, Lotus-1-2-3, QuattoPro және т.б жатқызуға болады.
  • Кестелік процессорлар көмегімен көптеген қаржылық (бухгалтерлік есеп, сатуды болжау, нарық өсімін, жалақыны есептеу, салық мөлшерін және т.б.), административтік тапсырмаларды орындауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет