1. Мәліметтер базасы түсінігі, мәліметтер базасымен басқару жүйелері қызметі
Мәліметтер қоры (МҚ) – кейбір пәндік аймақта объектілердің жағдайы мен олардың ара қатынасын көрсететін, компьютердің сыртқы жадысында сақтауға және үнемі қолдануға арналған ұйымдастырылған мәліметтер жиынтығы.
Мәліметтер – бұл компьютерде сақтау қажет және үнемі әртіүрлі жауап алуға қатынайтын, бар ақпаратты жаңартатын, ескіні жоятын және жаңаны қосатын кез келген ақпарат.
Мәліметтер қорын басқару жүйесі - деректер қорын өңдеуге арналған бағдарламалық кешен; пәндік аймаққа тәуелсіз, яғни бұл жалпы мақсаттағы бағдарламалық жасақтама (БҚ).
Мәліметтер қорын басқару жүйесінің функциялары:
Мәліметтер қорынан ақпарат іздеу
Күрделі емес есептерді жүргізу
Қорытынды есептерді баспаға шығару
Мәліметтер қорын өңдеу
2. МББЖ түрлері және негізгі функциялары
МҚБЖ – мәліметтер қорын құру, жүргізу және қолдануға арналған тілдік және бағдарламалық құралдардың жиынтығы. Қолданылу түріне байланысты МҚБЖ дербес және көпшiлiк қолданушы деп бөлінеді. Дербес МҚБЖ бір компьютерде жұмыс істейтін желiлiк мәліметтер қорын құруды қамтамасыз етеді. Дербес МҚБЖ-не Paradox, dBase, FoxPro, Access т.б. жатады.
Көпшiлiк қолданушы МҚБЖ клиент - сервер архитектурасында жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерді құруға мүмкіндік береді.
Көпқолданылушы МҚБЖ-не Oracle, InterBase, Microsoft SQL, Server, Informix және т.б жатады. МҚБЖ-нің негізгі үш функциясын бөліп көрсетуге болады:
- Мәліметтерді анықтау (Data definition) – сіз өзіңіздің мәліметтер қорыңызда қандай ақпараттар сақталынатынын анықтай аласыз, мәліметтер құрылымын және типін, сонымен қатар бұл мәліметтер бір-бірімен қалай байланысқанын көрсете аласыз.
Кейбір жағдайларда сіз, сонымен қатар, мәліметтерді тексеру форматы мен критерийін бере аласыз;
- Мәліметтерді өңдеу – мәліметтерді әр түрлі тәсілдермен өңдеуге болады. Мәліметтерді онымен байланысқан басқа бір ақпаратпен байланыстырып, нәтиже мәнін есептеуге болады;
- Мәліметтерді басқаруда – сiз мәліметтермен кім танысуына болатынын көрсетіп, оларды өшіріп немесе жаңа ақпарат қоса аласыз. Сонымен қатар, мәліметтерді ұжымдық қолдану ережелерін анықтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |