Дәріс 10 Тақырыбы: Арнайы мектептегі қол еңбегі/ сурет сабағын жетілдіру жолдары Ерекше қажеттілігі бар балалар үшін арнайы мектептегі кәсіби еңбекті оқыту
коррекциялық бағытта жүргізіледі. Келесі міндеттерді жүзеге асыру кәсіби еңбекке
даярлауды арықарай жетілдіруге септігін тигізеді:
-арнайы мектептегі еңбекке оқытудың материалді-техникалық базасын нығайту.
Мектеп оқу шеберханаларын жабдықтау тәрбиеленушілердің ауытқу құрылымы мен
тереңдігін ескере отырып жүргізілуі тиіс;
-ҚР спецификалық ерекшелігін ескере отырып еңбекке оқыту бағдарламасының
мазмұнын жетілдіру;
-еңбек сабағының мұғалімдерінің біліктілігін көтеру жұмыстарын жоспарлы, жүйелі
және мақсатты түрде ұйымдастыру;
-дамуында ауытқуы бар балаларды кәсіби еңбекке даярлау бағытын таңдауын
ғылыми негіздеу, арнайы мектеп түлектерін жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арнайы
зерттеу;
-оқушылардың өндірістік практиасын олардың болашақ жұмыс орындарында
ұйымдастыру, ол үшін мектептің базалық мекемелерімен байланысын нығайту маңызды,
өндірістік құрылымдарымен араласудың жаңа дәстүрден тыс формаларын іздестіру;
-оқуын жалғастырған арнайы мектеп түлектерін дифференциалді оқу-тәрбиелік
ықпал етудің әдістемелік жабдығын жасау;
-мүмкіндігі шектеулі балаларды өзіндік еңбек іс-әрекетіне даярлау ісінде жетекшілер
тәжірибесін кең пайдалану, сол саладағы жұмыстың үздік дамыған формаларын іздестіру
және практикаға ендіру;
-арнайы мектептегі психологиялық қызметін дамыту және жетілдіру.
Көрсетілген міндеттерді шешу мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы мектеп
жағдайында кәсіби еңбекке оқытуды жетілдіруге бағытталған.
Арнайы мектептегі сурет сабағын жетілдіру қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі
болып табылады. Оқушылардың контингенті күрт қиындауы, материал көлемінің артуы
т.с.с. жағдайлардың болуы оқу үрдісін жаңа талаптарға сәйкес ұйымдастыруды қажет
етеді. Сурет сабағы арқұылы балалардың ауытқулары түзетіледі, жағымды қасиеттер
қалыптасады, яғни қоғам өміріне дайындау барынша жүзеге асады десе болады.
Көптеген зерттеулердің нәтижесі көмекші ектептегі сурет сабағы ойдағыдай
өтпейтіндігін көрсетті. Атап айтқанда, практикалық бөлім кезінде оқушылар өздерімен -
өздері, бақылаусыз жұмыс істейтіндігі анқталды. Ең дұрысы, баланың іс-әрекетіне бағыт
беру, сұрақ қою арқылы сөйлеу тілін дамыту, өз жұмысын жоспарлай білуге үйрету.
Сурет сабағын жетілдірудің тағы бір көзі – пән аралық байланыс. Егер математика,
жазу немесе айналамен танысу сабағында алынған білім практика жүзінде сурет
сабағында бекітіліп отырса, онда меңгерілген материал берік әрі нық есте қалады.