№1 дәріс Арнайы мектепте қол еңбекті және бейнелеуді оқытудың мақсаты, міндеті, мазмұны


заттарды қиып, оларды салыстару арқылы мөлшері бойынша әртүрлі екенін  көрсету;  



Pdf көрінісі
бет16/16
Дата31.10.2022
өлшемі397,85 Kb.
#46360
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
лекция каз

 
заттарды қиып, оларды салыстару арқылы мөлшері бойынша әртүрлі екенін 
көрсету; 
 
негізгі заттарды, басты кейіпкерлерді анықтап, оларды әрекет орнымен
жағдайымен байланыстыру. Басты нәрсені мөлшермен, түспен, композициялық 
орналастырумен белгіленеді; 
 
персонаждарға тән сипатын және олардың әрекеттерін жест, поза, бояу 
арқылы көрсету; 
 
жазықтық бетіне заттарды орналастыру: биіктігін, кеңдігін белгілей отырып 
көлденен немесе тігінен бір сызық бойымен; екі планды композиция құрастыру; жоғары – 
төмен; 
 
бейнелеу нысанына деген қатынасын, ауа райын көрсету үшін түстерді 
дұрыс таңдап, үйлесімді қолдану (алтын күз, теңіз жағасы). 


Арнайы (түзету) мектептегі сыныптың оқушылары бұл міндеттерді әртүрлі 
орындайды. Олардың қиындығы білім, дағды деңгейімен байланысты, оған сюжетті-
тақырыптық аппликация мазмұнының шығармашылық вариативтілігі тәуелді болады. 
Аппликация сюжеттері баланың даму деңгейіне тәуелді әртүрлі боп қабылданады, мысалы 
«Көктем» тақырыбын бейнелеу кезінде дамуында ауытқу бар балалар түсінігінің 
қалыптасуына байланысты мазмұнын анықтайды. Біреулер жаңадан шығып келе жатқан 
шөптің суретін салса, басқалары құстардың қайтып оралуын және ұя салуын бейнелейді. 
Тақырыптық қағаз жиынтығы жыл мезгілінің колориттік өзгешілігін, 
құбылыстардың шынайлығы мен фантастикалығын, олардың өзара байланыс ерекшелігін 
анықтауға көмектесу керек. Ол үшін түрлі түсті қағаздың көп болуы әдемілікті 
асыратындығын, ала-ғұла боп көрінетінін және осының барлығы талғамның жетілмеуінің 
көрінісі болып табылатынын ұмытпау қажет. 
Екі-үш түстің үйлесімін қолдана отырып тонды аппликация құрастыруға болады, 
мысалы «Қысқы кеш»» қоңырқай фон үстіне ақ қоянның силуэтін, айналасына ағаш 
бұтақтарын орналастыру. Осындай контрасты түстердің үйлесімі жарықты, ауаны сезінуге 
ықпал етеді және дамуында ауытқу бар балаларда жағымды эмоция тудырады.
Аппликация шығармашылығына баулу төменгі сыныптардан басталады. Бұл жас 
кезеңінде балалардың эмоциональді қалпы алып-ұшып тұратыны белгілі, сондықтан 
шығармашылық іс-әрекетпен айналысуға үйрету жағымды ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет