Ақыл-ойды дамыту. Бейнелеу іс-әрекеті бұл болмысты өзіне тән бір бейнеде тану.
Барлық танымдық іс-әрекет сияқты, ол оқушыладың ақыл-ойына әсер береді.
Көзбен көріп қабылдауды, бақылауды мақсатты түрде дамытусыз бейнелей білу
мүмкін емес. Қандайда да бір заттың суретін салу; мүсінін жасау үшін алдын-ала онымен
жақсы танысу, оның формасын, көлемін, конструкциясыын, түсін, бөліктернің
орналасуын есте сақтау керек.
Оқушылар сурет салғанда бұрын қабылдағандарын, өздеріне таныс жайыттарды
қайта жаңғыртады. Олардың көпшілігі суреттерді және басқа да жұмыстарды түсініктері
бойынша жасайды.
Мұндай түсініктердің болуы қиял жұмысына азық болады. Бұл түсініктер бейнелеу
обьектілерін ойын үстінде, серуендерде, арнайы ұйымдастырылған бақылауларда және
т.б. тікелей танып білу процесінде пайда болады. Оқушылардың көп нәрселер туралы
заттардың қасиеттері мен сапасы туралы түсініктері практикалық іс -әрекет арқылы
нақтылана түседі. Бұған көру, сезіну, қол қимылын қатыстырған жөн.
Оқушылардың ақыл-ойының дамуынна қоршаған дүниедегі заттардың әр түрлі
формалары және кеңістіктегі жайы, әр түрлі көлемдері білімдерін ұлғайтып, түзетеді.
Сурет салумен, мүсіндеумен айналыса отырып, оқушылар түрлі материалдарды
біледі, қасиеттерімен әсерлеу мүмкіншілігімен танысады, олармен жұмыс істеу
дағдыларына ие болады. Оқушылар сондай-ақ адамдардың іс-әрекеттеріндегі кейбір
құралдармен (қарындаш, қылқалам, қайшы) жұмыс істеу тәжірибесін үйренеді. Ал осы
әрекеттерді меңгеру оқушылардың ақыл-ойының дамуына, түзелуіне септігін тигізеді.
Арнаулы мектеп оқушыларныа бейнелеу іс-әрекетін үйрету, талдау, синтездеу,
салыстыру, жалпылау сияқты ойды қажет ететін операцияларды қалыптастырмайынша
мүмкін емес. Бақылау процесі кезінде оқушылар заттардың пішінін, көлемін, заттағы
бөлшектерінің орналасуын, түр-түсін ажыратуға үйретеді. Пішіні жағынан әр түрлі
затарды бейнелеу оларды талап етеді. Пішіні жағынан заттардың ұқсастығы негізінде
суреттегі мүсіндеудегі бейнелеу әдістернің ортақтығы пайда болады. Мысалы, алманы,
жемісті жаңғақты жасау үшін дөңгелек салу дағдысын пайдаланады.
Бейнелеу сабағында оқушылар талдау нәтижесінде неғұрлым жалпылама және
олардың рецктернің, кеңітік белгілерінің аттарын үйрену сөздік қорының баюына септігін
тигізеді;
Иллюстрацияларды, суретшілердің картиналарынан репродукцияларды көру кезінде
өз пікірін айтуы сөз байланысының қалыптасуына жағымды ықпал етеді; суреттерді
талдау кезінде бейнелі салыстыруларды, өлеңдерді, көркем сөздерді пайдалану
оқушылардың мәнерлі, әдеби тілмен сөйлеуге жәрдемдеседі.