1-дәріс. Қазақ әдеби тілінің жалпы сипаты



бет6/24
Дата29.09.2023
өлшемі130,7 Kb.
#111582
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
әдеби тіл лекция тезистер

Әдебиеттер:

  1. Өмірәлиев Қ. XV-XIXғ. қазақ поэзиясының тілі. А., 1976

  2. Сүйінішәлиев Қ. VIII-XVIIIғ. Қазақ әдебиеті. А., 1989

  3. Қазақ әдеби тілі тарихының проблемалары. А., 1987

  4. Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. А., 1996

  5. Әбілқасымов Б. XVІІІ-XІX ғасырлардағы қазақ әде­би тілінің жазба нұсқалары. — Алматы: Ғылым, 1988.



5. Дәрістің тақырыбы мен сұрақтары:
XV-XVII ғ. Қазақ жазба тілінің көрінісі

1. XV-XVIIғ.ауызша әдеби тіл. лексика-грамматикалық, стильдік ерекшелігі


2. Қ. Жалайырдың «Жамиғ ат-тауарих» шежіресінің тілі, лексикасы, фразеологиясы зерттелуі көне жазбалар мен қазақ әдеби тілінің арасындағы тарихи сабақтастық пен жалғастық.

Тірек сөздер: төл ауызша әдеби тіл, ақын-жазушылар, дидактикалық толғау, жаугершілік лексика, көне сөздер, шешендік сөздер, кірме сөздер, төл сөздер, ресми іс қағаздар.

Р.Сыздықова бұл ғасырлардағы әдеби тілді танытатын өкілдер мен олардың поэзиясы туралы үш түрлі принципті көзқарасын ұсынады:


1) ХV-ХVІ ғасырларда өмір сүрген Жиренше, Асан, Доспамбет, Шалкиіз, Қазтуған, Шобандар ноғайлы-қазақ жыраулары болып саналуы тиіс (Бұл көзқарасты алғаш рет ғылыми тұрғыда проблема етіп көтерген зерттеуші Қ.Өмірәлиев екенін айта кеткен орынды – Б.М.).
2) Белгілі бір өлке тұрғындарына (Батыс Қазақстан) біршама түсінікті болып келетін жырлар. Бұл жырларда кейбір лексикалық және грамматикалық көнеліктерінің өзгермей жетуі жанрлық ерекшелікке байланысты, етістіктердің өзге тұлғалармен алмасуына жанр түрі (мысалы, -ар-дың басқа тұлғамен) көп мүмкіндік бермеген.
3) Авторлы әдебиеттің фольклормен қатарласа өмір сүруіне қарамастан, автордың өзіне тән жырлау мәнері, сүйіп қолданатын көркемдеуші элементтері сақталады, сонымен қатар бұл туындыларда нақты оқиға, оның бол­ған жері, нақты адамдардың аттары айтылатындықтан, фольклорлық шығармалардағыдай өзгертіп айту еркіндігі шектеледі. Бұл авторлық даралықтың белгілері болып табылады (Қазақ әдеби тілінің тарихы. - Алматы, 1993, 78-б.).
ХV-ХVІ ғасырлардағы туындыларда ноғайлы элементтері біраз сақталған, әсіресе, Шалкиіз, Доспамбет, Шобандарда мұндай ерекшеліктер қатары мол. Тіл тарихын білу үшін осындай ноғайлық элементтер сол қалпында оқылғаны дұрыс екенін айтқан Р.Сыздық соңратын, сымарыш ету, сақын сөздерін келтіреді. Бұл дәуірдегі әдеби тілдің өзіндік лексикалық, сөз жасауға, сөз өзгертуге байланысты грамматикалық сипаты бар, белгілі бір нормалану дәрежесі қалыптасқан. Бізім, менім, жүрерлер, не білейім, келе жата, бұз, бұзмай, атлы, кешу, ханлар тәрізді грамматикалық тұлғалар ноғайлы дәуірінікі екені сөзсіз. Әсіресе ноғайлық элементтер жырлардың лексикасында көп кездеседі: нарты, дестір, ителу, жарқа, кежігу, қоңқалау, атлы, кешмек, т.б.
Кежідегі адамға, Түн ұйқысын таптырмас жолдарындағы кежінің түп-төркінінде кежеуілторуыл, күзет, шолғын (Жезқ., Ж.арқа, Сем.,Ақс.) жатыр. Күзеттегі, шолғындағы адамға ұйқы жоқ дегенді білдіреді. Доспамбеттегі асты кілең, үсті мұз дегендегі «кілең» сөзінің мағынасын Ә.Нұрмағамбетов «іріктелген, ең жақсы, сұрыпталған» және «негіз, өзек»-ке меңзейді (Ә.Нұрмағамбетов. Бес жүз бес сөз. - Алматы: Рауан,1994.-304 б.).
Тілдік талдаулар жасағанда басшылыққа алу үшін, тіл тарихындағы ақиқатты көрсету үшін ноғайлық элементтерді сол қалпында алып, қарастырған – шарт. Бұл - қыпшақ тілдерінің ноғайлы-қыпшақ тобы мен қазақ тіліне және ноғайлы мен өзге түркі тілдеріне тән ортақ, айырым белгілерді анықтау мақсатында да қажет шешім екені айтылып жүр.
Ноғайлы дәуірі тілін зерттеудің қиындықтарын туғызатын себептер жеткілікті. Атап айтқанда:
- бұл дәуірдегі әдеби үлгілердің фонетикалық күйін сипаттау мүмкін емес, өйткені олар сол дәуірде хатқа түспеген.
- тіпті грамматикалық құрылысының да дәл сол күйінде болғанына нақты көз жеткізу қиын, өйткені тағы да кезінде жазылып, хатталмаған.
- бар ерекшеліктердің пайда болу уақытын дөп басып көрсету мүмкін емес, себебі олардың кейін жамалуы ықтимал.
- текстологиялық ала-құлалықтарға орын берілуде. «ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы» кітабы мен «Бес ғасыр жырлайды», «Ай, заман-ай, заман-ай» кітаптарында жекелеген сөздер мен сөз тіркестері әр түрлі беріліп жүр. Бұл уақыт өткен сайын нақтылықты алыстатып, тілдік деректердің шынайылығын төмендете береді. Мысалы: Жәмішіден қос артып (ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы); Жәмішіден қос айтып (аталған соңғы екі кітапта).
Бұл ноғайлы деп аталып жүрген дәуірдің ең негізгі тілдік көрсеткіші - «Қырымның қырық батыры» жыры. Жырды алғаш жырлаған белгілі жырау – Мұрын Сеңгірбекұлы. «Қырымның қырық батыры» жырының дүниеге келуі Сыпыра жырау есімімен байланыстырылады. Сыпыра жырау бұл жырдың өзінен кейінгі тағдырын Әбіл жырауға аманат еткен. Әбіл өзінен кейін Нұрымға, ал ол болса Мұрын жыраудың қолына табыстайды.
Жыр қырық тараудан тұрады. Әр тарауы жеке-жеке бір батырға арналған. «Қырымның қырық батыры» өзінің тегі жағынан қырғыыздың атақты «Манасына» ұқсайды. Көлемі жағынан одан үлкен, тіпті ғалымдар көлемі жағынан «мың бір түннен» де үлкен деп есептейді. Негізгі сюжеті шеттен келген басқыншылардан елін, жерін қорғаған батырдың ерлігін дәріптеуге құрылған. Сюжетінің саны әр түрлі аталып жүрген (27,26,28 жырдан тұрады) «Қырымның қырық батыры» жырларының құрамына 41 батыр туралы 35 жыр бар деп есептеп, «Тана» жырының жеке батырлар тобына емес, «Қарадан батыр ұрпақтары» тобына жататындығын анықтаған және қолжазба қорынан «Құттықия», «Едіге», «Манашы», «Жаңбыршы», «Шынтас», «Шынтасұлы Төрехан», «Сұлтанкерім», «Қартқожақ», «Құлыншақ» жырларын топқа енгізген - ғалым Қ.Сыдиқов. Бұл жыр туралы зерттеулер мен мәліметтер Орталық Ғылыми кітапханасында сақталған. Жырды әр жылдары А.Хангелдин, Б.Жақыпбаев, М.Хәкімжанова, М.Исаева, Д.Мұрыновтар жазып алған.
Жырлар батырлар туралы болғандықтан, жауынгерлік лексиканың кездесуі заңды. Жырларда кездесетін жауынгерлік лексиканы іштей бірнеше лексика-семантикалық топтарға бөліп қарауға болады:
1) Әрекет, іс-қимылды білдіретін сөз тіркестері: талқан ету (жеті қатар жебесін атып талқан етеді); ор қояндай өкірту (Алшағырдай қалмақты, ор қояндай өкіртіп); ордасында шалу (Ордасында шалады, өлтіріп кегін алады); басы бөліну (Басы бөлінді қалмақтың); атқан оғы өту (Шарайнаға қарамай, атқан оғы өтеді), т.б. Бұл қолданыстардың бәрі дерлік еркін сөз тіркестері емес, лексикалық мағына иеленген, лексикаланған тіркестерге айналған. Найзасын ендірді, жауды жайратты, найзасын саптады, жаудың оттарын сөндірді, күлін көкке ұшырды, елін шабу, жауды жапыру, ойын салу, т.б. қимылды, қақтығыс кезіндегі іс-әрекетті білдіреді.
2) Қару-жарақ атаулары: мылтық, адырғы, дулыға, сауыт, қалқан, жебе, садақ, оқ, шарайна, айбалта, ақ сүңгі, қу жебе, көк жебе, сұр жебе, ақ найза, ақ семсер, ақ алмас семсер, т.б. Қару-жарақ атауларының жекелеген жырларда эпитетсіз жұмсалғаны байқалады. Ал керісінше кейбір жырларда бір ғана жебенің өзі бірнеше түрлі эпитетпен қолданылады:

- көк,
- сұр,




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет