1-дәріс. Қазақстандағы жоғары білім берудің дамуы Жоспары



бет1/3
Дата25.09.2024
өлшемі24,96 Kb.
#145670
  1   2   3
Байланысты:
1-дәріс


1-дәріс. Қазақстандағы жоғары білім берудің дамуы


Жоспары:
1. Қазақстандағы білім беру жүйесінің дамуының негізгі бағыттары (тенденциясы).
2. Болон үдерісі қазақстандық жоғары білімнің еуропалық білім беру кеңістігіне ықпалдасуы (интеграциялануы) ретінде.
3.Отандық білім беру жүйесін реформалаудың негізгі қағидалары.
4. Жоғары білімнің көпдеңгейлі жүйесінің сипаттамасы.
5. Жоғары білім беру ұйымдарының (мекемесінің түрлері).

XXI ғасыр жоғары технология мен білім ғасыры. Білім беру адамзаттық өркениеттің дамуында маңызды фактор болғаны белгілі. Бүгінде жаһандық проблемалар туындауда: жалпыадамзаттық мәселелер (әлемдік термоядролық соғыс, т.б.); адам мен табиғаттың қатынасы; қоғам мен адамның аса қауіпті ауруларды жоюдағы өзара қатынасы. Осы мәселелерді шешудің жолдары қандай? (жаңа технология, адамның ойлауын өзгерту, әлемдік масштабта келісілген және жоспарлы әрекетке көшу). XX ғасырдың соңында экономикалық дамудың жоғары кезеңі басталды. Жаһандық қозғалыс басталды: материалдық экономикадан интеллектуалдылыққа өту немесе ол экономикаға негізделген білім. Оған мына факт дәлел болады: табысты дамыған елде ұлттық байлықтың: 15% материалдық құндылық, 20% - табиғи ресурс, 65%- білім, білімді адамдар құрайды. Тек білімнің ғана емес, адам факторының рөлі өсуде. Техникалық күш жоғары болған сайын, адамның кәсібилігі ғана емес, оның адамгершілік мәдениеті, гуманизмі, жауапкершілігі де жоғары болуы керек.


Қазақстан қазіргі жаһандану заманында дамудың нарықтық қатынастар талабына жауап беретін жаңа кезеңдеріне аяқ басты. Бұл сапалы жоғары білім берудің мақсатын қайта қарауды қажет етеді. Мемлекетіміз өзінің табиғи байлықтары көзіне сүйене отырып бәсекеге қабілетті 30 - алдыңғы қатарлы елдің құрамына енуді көздейді.
Сапалы жоғары білімді көздей отырып Қазақстан Европалық жоғары білім стандарттарына бет бұрды. Мысалы, 1997 жылы Қазақстан ТМД елдерінің ішінде ең алғашқы болып мемлекет аралық дипломдарды өзара қабылдау туралы айтылған жоғары білім туралы Лиссобон конвенциясын енгізген.
Бүгінде Қазақстан жоғары білім беру жүйесі Болон үдерісі принциптеріне сүйеніп қайта қарастырылуда. Болон үдерісі - еуропалық жоғары кәсіби білімде біртұтас жалпы-еуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға бағытталған жаһандану үрдісінің көрінісі. Алғашқы еуропалық университеттің отаны - Болонья қаласының (Италия) құрметіне аталған Болондық декларациямен (1999 ж.) бекітілген. 2004 жылға дейін Болондық үдеріске 40 ел мүше болды. Мүше-мемлекеттердің ағымдағы мәселелерін талқылау мақсатында мерзімдік кездесулерді ұйымдастыруды көздейді. Болон үдерісі демократиялық жоғары технологиялық ақпараттық нарықтық қоғам талаптарына сай келетін және жеке бағыттылықты, таңдау еркіндігін және өзіндік білім жолын игерумен, білім жинаудың ақпараттық- ізденімпаздық сипатын қалыптастыруды мақсат тұтады. Болон үдерісінің басты мақсаттарының құрамында еуропалық мәдени құндылықтарды дамытудағы университеттердің негізгі басты орнын мойындау; жоғары білімді қоғам талаптарына сай бейімдеу қажеттігі; білім орталықтарына қол жеткізу мақсатындағы азаматтардың жұмылуы; түлектердің кәсібін айқындауда түсінуге жеңіл, салыстыруға боларлықтай дәрежелер мен мамандықтар қабылдау; әртүрлі мәдениеттерге, тілдерге, ұлттық жүйелерге сый-құрметпен қарау; университеттік автономияны және академиялық еркіндіктерді дамыту; үздіксіз білім беру; Болон үдерісі мүшелерінің арасында сенім философиясын орнату жатады. Ресми заңдық тұрғыда Болон процесі Батыс Еуропа мен Қазақстанда қалыптасқан кәсіби білім деңгейін біркелкі «бакалавр-магистр» формуласымен теңестіріп, қазақстандық жоғары білім құжаттарының Еуропада мойындалуына жол ашып, мүмкіндік береді.
Болон үдерісі (Болондық қайта құрылулар) – жоғары білім министрлерінің Декларациясына сәйкес, еуропалық жоғары білім жүйесін жақындату процесін белгілеу үшін жиі пайдаланылып жүрген термин. (Париж, 1998; Болонья, 1999; Прага, 2001; Берлин 2003). Болон үдерісі – жалпы қызмет қағидасына негізделген жоғары білімнің біріңғай еуропалық жүйесінің құрылу үдерісі.
Қазақстан 2010 ж. 11 наурызынан бастап бірінші орталық-азиялық мемлекет болып (Болондық үдерістегі) Еуропалық білім беру кеңістігінің толық мүшесі болды.
Болондық декларацияның 46 елінің өкілдері Қазақстанның қосылуы туралы шешімді қолдады. Біздің мемлекетіміз Еуропалық жоғары оқу орындарының аймағына енген 47-ші ел болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет