1сұрақ :Қазақстанның тас дәуірі мынадай кезеңдерге (мәдениеттерге) бөлінеді:
Палеолит. Ежелгі тас дәуірі.
1) Ерте палеолит (төменгі) - б.з.б. 2,6 млн-б.з.б. 40 мыңжылдықтар
а) Олдувэй - б.з.б. 2,6-800 мыңжылдықтар.Епті адам өмір сүрген,тас арқылы әртүрлі заттар жасаған чопер,чоппинг.
ә) Ашель - б.з.б. 800-140 мыңжылдықтар.Қол шапқыштар жасаған,бифвас пен моновас пайда болған адамдар терімшілікпен айналысқан.
б) Мустье - б.з.б. 140-40 мыңжылдықтар.Тік жүретін адам болған.От пайдалануды үйренген
2) Кейінгі палеолит (жоғарғы) - б.з.б. 40-12 мыңжылдықтар.Саналы ойлау қабілетіне ие бола бастаған.
Мезолит (орта тас дәуірі немесе палеолиттен неолитке өту кезеңі) - б.з.д. 12-5 мыңжылдықтар.Аң аулау,балық аулауды білген қайық жасаған.
Неолит (жаңа тас ғасыры) - б.з.д. 5-3 мыңжылдықтар. Тас өңдеу гүлденген кезең.
2 сұрақ :Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында нығайды.Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы ішкі феодалдық қысқыстарға нүкте қойып,үнемі ер өліп,өріс бұзылып отыратын тайпалық талас тартысқа тыйым салды.Ел ішіне бейбіт заман орнатты.Оның сыртқы саясатындағы негізгі бағыт бұрынғыша Сырдария бойындағы қалаларды өзіне қаратып алу жолындағы күрес болды.
Сол мақсатына жеткен Қасым Сырдария бойындағы қалаларды алады.Ішкі саясаты жылына бір рет мәслихат өткізіп отырған.Ел ішіндегі дау Қасым Ханның Қасқа Жолы жинағындағы заң арқылы шешіліп отырған:
• мүлік заңы (жер дауы, мал-мүлік дауы);
• қылмыс заңы (кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық қылу);
• әскери заң (қосын жасақтау, аламан міндеті, қара қазан, тұлпар ат, ердің құны т.б.).
• елшілік жоралары (майталман шешендік, халықаралық қарым-қатынастағы сыпайылық, әдептілік, ибалылық);
• жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке, думан үстіндегі ережелер, ат жарыс, бәйге ережелері, жасауыл, бекеуіл, тұтқауыл міндеттері).
3 сұрақ:1924 жылғы сəуірде “Сауатсыздықты жою” қоғамы құрылды. Ол еңбекшілердің қолдауымен ерікті мүшелік негізінде жұмыс жүргізді. 1926 жылғы мамырда Халық Комиссарлар Кеңесі “Қазақ АКСР бірыңғай еңбек мектептерінің жарғысын” қабылдады. Үш жылдық жəне төрт жылдық мектептердің үлес салмағын көбейту бағыты ұсталды. Қыздарға арналған мектептер Шымкентте, Алматыда, Түркістанда, Ордада ашылды. 1931 жылғы желтоқсанда “15-50 жас арасындағы сауатсыз халыққа жалпыға бірдей міндетті сауат ашу” енгізілді. Ұлы Отан соғысы алдында еңбекке жарамды халық арасында сауатсыздықты жою аяқталды.
1930-1931 оқу жылында отырықшы аудандарда, 1931 жылдың көктемінде көшпелі аудандарда жалпыға бірдей білім беру енгізілді. Барлық жерде жалпыға бірдей білім беру жөніндегі қоғамдық қорлар құрылды. Білім беру ісіне қамқорлық жасауды Қазақстан комсомолы мойнына алды. Ұлттық зиялы қауым қайраткерлері ана тілінде оқулықтар мен оқу құралдарын жазуға кірісті.А.Байтұрсынов суретті әліппе,Ж.Аймауытов ана тілін жазды.1928 жылы алғашқы кәсіптік білім беру дамып Қазақстанда тұңғыш педагогика институты ашылды оған Абайдын аты берілді.