1-дәріс. Қазіргі педагогикалық технологиялардың теориялық-әдіснамалық негіздері Мақсаты



бет19/22
Дата05.09.2023
өлшемі120,5 Kb.
#106101
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
1-15 лекциялар пед.техн

1.Қызығушылықты ояту. Оқушы тақырыпқа байланысты өз білімін анықтайды, еске түсіреді. Тіпті қағазға жазып, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады. Яғни тақырыпқа қызығушылық басталып, зерттеу қалыптасады, белсенділігі артады.
2.Мағынаны тану.Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды.
3. Ой толғаныс: Оқушылар өз ойлары мен байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта біліп, өзара алмасады. Өзгелердің ой кестесін үйренеді.Үйренгендерін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді.Бір-бірімен ой алмастырады, ой түйістіреді, әр түрлі шығармашылықпен көріне алады.
Сабақта осы бағдарламаның әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы көптеген нәтижелерге қол жеткізуге болады. Мұнда ең бастысы оқушылар өз ойын шыңдап, кез-келген даму деңгейіне сыни көзбен қарай алады. Бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасауды және бірін-бірі тыңдай білуді үйренеді. Өздеріне сенімсіздік білдіріп, бұйығып отыратын оқушылар да өз ойларын аз да болса жүйелеп еркін айтатын болады. Сабақта оқушыларды орталықтарға бөлу кезінде сабаққа деген қызығушылығы артып, бір-бірімен пікір алмасып, еркін сөйлеуге үйренеді және сөздік қорлары молаяды.
Оқушы–ізденуші тұлға. Кез-келген пәнге оқушы қызығушылығын арттыру үшін дәстүрлі әдеттерге қоса хабарлама, көрнекі көрсету,безендіру әдістерін қолдану, сонымен қатар зертханалық және сарамандық тәжірибелерді дұрыс ұйымдастыра білу мұғалім шеберлігінің бір көрінісі.Адам топ ішінде ғана толығады десек, оқушылардың топтасып жұмыс істеуі өз әсерін береді. Ойды ой жетелейді. Сабақтың байланысып, бір-бірімен сабақтасып жатуына бағдарлама әдістерін пайдалану септігін тигізеді.Сонымен бірге оқушыларды сабаққа ынталандыру сабақ жоспарының түрлеріне де байланысты. Мәселен, жарыс сабақ, сахналау сабақ және ойын сабақтарын қолдану баланың дүниетанымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау белсенділігін дамытады. Оқыту барысында оқушылардың өз бетімен білім алу құзыреттілігін қалыптастыру, олардың әрекеттік, танымдық, креативтік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін жобалау технологияларын қолдану да тиімділік көрсетеді. Алуан түрлі іс-әрекет барысында шынайы қарым-қатынасқа жақындайтын жағдаяттар туғызуға мүмкіндік беретін, түрлі дидактикалық материалдар (сөзжұмбақтар, ребустар, карталар, кестелер, диаграммалар) кеңінен қолданылатын ойын технологиялары: имитациялық-модельдік, жағдаяттық-рөлдік, «пайданы өз мүддесіне ыңғайлау» («глобальная симуляция»), «дөңгелек үстел», «брифинг», баспасөз-конференциялардың да оқытудағы орны ерекше екендігі сөзсіз.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда «ойталқы», «ойға шабуыл» ( «идеялар көзі», «сыншылар» мен «сарапшылардың» қатысуымен шешім жасаудың қалыпты түрлеріне қарама-қарсы, жаңа дара идеяларды табуды көздейтін) сияқты тәсілдерді қолдану арқылы оқушының ойлау және сөйлесім әрекетінің белсенділігін арттыратын проблемалық оқыту әдістері мен сын тұрғысынан ойлауды дамыту тәсілдері де қазақ әдебиетін оқытуда тиімді деп табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет