1-дәріс. Қазіргі педагогикалық технологиялардың теориялық-әдіснамалық негіздері Мақсаты



бет1/22
Дата05.09.2023
өлшемі120,5 Kb.
#106101
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
1-15 лекциялар пед.техн


1-дәріс. Қазіргі педагогикалық технологиялардың
теориялық-әдіснамалық негіздері


Мақсаты: студенттерге қазіргі білім беру жүйесінде қолданылатын педагогикалық технологиялардың оқыту және оқу тиімділігін арттырудағы рөлін ұғындыру, педагогикалық технологиялардың теориялық-әдіснамалық негіздері туралы түсінік қалыптастыру.


Жоспар:

  1. «Білім берудегі педагогикалық технологиялар» ұғымының анықтамасы және олардың оқыту үрдісіндегі маңызы мен рөлі.

  2. Қазіргі оқыту технологияларына тән белгiлер және өзіндік ерекшеліктері

  3. Педагогикалық технологияларды iрiктеу мен жүйелеу критерийлерi.

  4. Педагогикалық технологияларға қойылатын әдіснамалық талаптар .



Негізгі ұғымдар: білім беру жүйесі, нәтижеге бағдарланған білім, болашақ маман, әдіснама, теория, дидактикалық ұстанымдар оқыту сапасы, оқу жетістіктері, технологиялар тізбегі және т.б.

Ғылыми тұрғыда «технология» ұғымы өндірістік және әлеуметтік технология деп талатын үлкен екі бағытқа жіктеледі. Әлеуметтік технология – өндірістік технологиядан әлдеқайда ауқымды, жүзеге асыру жағынан күрделі, қалыптасу, даму жағынан ұзақ мерзімді қажет ететін үрдіс. Білім берудегі педагогикалық технологиялар қызмет ету сипаты тұрғысынан әлеуметтік технологияларға біршама жақын.


Қазіргі заманғы ғылыми техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлде жаңа міндеттер қойып отыр. Педагог-ғалымдар қазіргі кезде қолданылып жүрген білім беру технологиясы терминін әр қырынан ашып көрсетуде. «Педагогикалық технология» термині ХХ ғасырдың 60-шы жылдары АҚШ пен Англияда қалыптасып, қазіргі уақытта практика жүзінде барлық дүниежүзі елдеріне таралып, білім беру саласында кең өріс алуда. Соңғы кездерде білім берудің жаңа даму бағытын қамтитын оқытудың елуден астам жаңа технологиялары практикаға енгізіліп, кеңінен пайдалануда.
Технология” – гректiң techne - өнер, шеберлiк, бiлiктiлiк, logos – оқу сөздерiнен шыққан. Технологияға В.Дальдың сөздiгiнде: “белгiлi бiр маңызды әрекетте, өнерде, шеберлiкте мақсатқа жету үшiн қолданылатын әдiс” деп анықтама берiлсе, Қазiргi батыс әлеуметтану сөздiгiнде: “белгiлi әрекетте, өнерде, шеберлiкте қолданылатын әдiс-тәсiлдердiң жиынтығы” деп көрсетiлген. ЮНЕСКО-ның құжаттарында оқыту технологиясына “техникалық және адам ресурстарын, олардың өзара бiрлiгiн ескере отырып, оқытудың тиiмдiлiгiн арттыруды мiндет етiп қоятын мұғалiмнiң бүкiл оқыту iсi мен оқушының бiлiмдi меңгеру әрекетiн ұйымдастырудың, қолданудың және анықтаудың жүйелi әдiстерi” деп анықтама берiлген.

Білім берудегі педагогикалық технологиялар «жаңа технология», «озық технология», «оқыту технологиясы» т.б. терминдермен аталуда. Ал бұлардың бір-бірінен айырмашылығы, өзіндік ерекшелігі жайлы ғалымдар арасында қызу пікірталас бар. Жалпы ғалымдар технологияға шеберлікпен өнім алу, нәтижеге жету, белгілі бір жоба, модельмен оқыту сияқты түрлі анықтамалар берген. Солардың ішінде кең тарағаны – В.П.Беспальконың тұжырымдары. Оның тұжырымдары бойынша технология төмендегідей шарттарды іске асыруы тиіс:



  • Оқытуда дайындықсыз әрекеттерді болдырмау;

  • Оқушының оқу-танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұны оқу-

тәрбие үрдісінің жобасына негізделуі қажет.Осыған орай В.П.Беспалько технология «тәжірибеде іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы»,- деп тұжырымдайды. Ал жалпы айтқанда, педагогикалық жүйе дегеніміз – белгілі бір қабілеті бар дара тұлғаны қалыптастыру мен педагогикалық үдерісті ұйымдастыруға қажет құралдар, әдістер мен тәсілдердің өзара байланысқан бірлігі. Олай болса, Г.К.Селевконың «оқыту технологиясы − оқытудың тиімді жолдары мен үдерісінде қолданылатын әдістер, тәсілдер мен қағидалар»,-деген анықтамасы білім беру технологияларының мәнін аша түседі.
Педагогикалық технология мәселесімен жан-жақты айналысып, зерттеу жүргізіп жүрген ресейлік ғалымдардың бірі – М.М.Левин. Ол педагогикалық технологияның негізгі қызметі – оқу үрдісінің білім беру мақсатын іске асыру және жеке тұлғаны дамыту екендігіне тоқталады. М.Чошанов технологияны дидактикалық жүйенің проссуалдық құрамдық бөлігі деп есептейді.Педагог-ғалым В.М.Шепель: ”Технология – белгiлi заттың бейнесiн өзгерту үшiн қолданылатын өнер, бiлiктiлiк, әдiс-тәсiлдер,”- дейдi. И.Г.Зайнышев: “белгiлi затты, тұлғаны сапалы өзгертуде қолданылатын бiлiм мен әдiс-тәсiлдер жүйесi” деген анықтамасын ұсынады. Е.И.Холостов болса, технологияны “белгiлi шығармашылықтан сапалы нәтиже алу үшiн қолданылатын әрекеттер жиынтығы” деп санайды. Ал Р.В.Овчарова оған “адамның әрекетiн, бiлiктiлiгiн, тәжiрибесiн еңбекке қажеттi заттарды, әлеуметтiк шындықты сапалы өзгертуге бағытталған әрекеттер жүйесi” деп қарауды ұсынады.
Ресейлiк ғалымдардың iшiнде технологияның мәнiн бiршама анығырақ айтқан Б.Т.Лихачев: ”Педагогикалық технология – оқыту тәсiлдерi мен тәрбие құралдарын, оқытудың түрлерiн жинақтап, арнайы бiрiктiрудiң жолдарын анықтайтын психологиялық-педагогикалық установкалардың бiрлiгi, сондықтан да ол – педагогикалық процестiң инструментарийi болып саналады”, - дейдi. Белгілі ғалым М.В.Кларин педагогикалық технологияға «педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық дара инструменталдық және әдіснамалық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесі» деген анықтама берсе, В.М.Монахов технологияны «оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудыратын оқу үрдісін ұйымдастыру және жүргізу»,- деп санайды.

Қазақстандық ғалым Ғ.М.Құсайынов педагогикалық технологияны «мұғалімнің жоспарланған оқыту мен тәрбиелеу жолындағы мақсаттар мен нәтижеге жету және сабақ беру үрдісіндегі ұжымдық оқыту әдісі. Себебі ұжымдық оқыту әдісі қазіргі заман талабына сай жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеп шығуға мүмкіндік береді. Педагогикалық оқу жоспарлары мен бағдарламаларында берілген оқу материалын оқушылардың өздері бірін-бірі оқыту арқылы меңгеру үрдісі» деп санайды.


Ж.А.Қараевтің пікірінше: «Технология дегеніміз – әдістемелік жүйе мен сәйкес дидактикалық үрдістер кешенінің тәжірибиеде жүзеге асырылатын жобасы, ал педагогикалық жағдаяттарға сай қолданылатын әдістер, тәсілдер оның құрамды бөлігі болып табылады. Педагогикалық технологияларға берілген анықтамалар мен түсініктерді топтастырып жинақтайтын болсақ, «Педагогикалық технология –қоғамның қазiргi таңдағы бiлiм беру саласына қойып отырған талаптарына сәйкес анықталған бiлiм мазмұнын жүзеге асыру үшiн оқыту мақсатына қол жеткiзу жолындағы тұтас дидактикалық жүйе құрайтын амалдар мен iс-әрекеттер тiзбегi»,- деп тұжырымдаймыз.
Көрiп отырғанымыздай, технология туралы қазiргi ғылымда орныққан дәл анықтама болмағанымен, олардың бәрiнiң тоғысатын ортақ арналары бар. Олар, бiрiншiден, технологияның шеберлiкпен, бiлiктiлiкпен байланыстылығы; екiншiден, технологияның сапалық өзгерiс жасау мақсатында қолданылатыны; үшiншiден, технологияның бiртұтас әдiс-тәсiлдер жиынтығынан құралатындығы. Олай болса, технологияның бiлiм мекемелерiнiң кез келген типiнде жаппай қолдануға қолайлы әрi тиiмдi оқу процесiн құрудың жолдарын iздестiрудiң нәтижесi ретiнде туған тұжырым екендiгi даусыз. Бiлiм беру, оқыту процесiндегi технология – қойылған мақсатқа тиiмдi жолмен қол жеткiзудi қамтамасыз етушi жүйе, яғни бiлiм мазмұнын жүзеге асырудың тәсiлi.
Технология, бiр жағынан, бiлiмдiк ақпараттарды өңдеп ұсынудың, өзгертудiң, ашудың әдiстерi мен құралдарының жиынтығы болса, екiншi жағынан, мұғалiмнiң қажеттi техникалық және ақпараттық құралдарды оқу процесiнде қолдана отырып, оқушыларға ықпал етуiнiң тәсiлдерi туралы ғылым. Жалпы педагогикалық технологияның дамуының қайнар көздерiн педагогикалық психологияның, әлеуметтану ғылымының, этнопедагогиканың жетiстiктерi мен озық педагогикалық тәжiрибелер, сондай-ақ өткен жылдардағы отандық, шетелдiк педагогикадағы жинақталған асыл қорлары құрайды. Сол себептi де технология өткеннiң жетiстiктерi мен жаңашылдықты тоғыстыратын, оқыту жүйесiнiң барлық мүмкiндiктерiн оқушының дамуына пайдалануды көздейтiн бiртұтас ұғымға айналады. Түйiндей келгенде, оқыту технологиясы мұғалiм мен оқушының мүддесiне қызмет ететiн, толық үндесiмге негiзделген оқытудың әдiстемелiк жүйесi болып табылады.
Оқыту технологиясына тән белгiлер:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет