Жетістіктері



бет1/2
Дата08.12.2023
өлшемі27,01 Kb.
#135263
  1   2

Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ- түрік университеті
Әлеуметтік -гуманитар ғылымдар факультеті
Педагогика және психология кафедьрасы

Тақырыбы: Әлемді өзгерткен педагог-әйелдер


Мария Монтессори және Миртилла Майнер
Орындаған: Марип Гозал
Тобы: ППП-211
Қабылдаған: Рысбекова А.

Түркістан 2023


Мария Монтессори


Жетістіктері: ақыл-есі кем балаларды оқытуда алғашқы болды, Ортофрения институтын құрды.
Оның тарихы: Италиялық педагог, сонымен қатар дәрігер, философ және ғалым. Ол бүгінде танымал болған көптеген оқу мекемелерін ашып, Эллен Кейдің философиялық-педагогикалық идеялары мен тұжырымдарын тәжірибеде кереметтей жүзеге асырды.
Мария Монтессоридің педагог ретінде қалыптаспауы да мүмкін еді. Өйткені бұл талантты әйелдің карьерасы мүлдем басқа салада басталған болатын. Мария тарихқа Италияның медицина курсын аяқтаған тұңғыш әйел, сонымен қатар ғылым докторы ғылыми дәрежесін алған әйел ретінде кірген. Дәрігерлік тәжірибе мен ақыл-есі кем және жүйке жүйесі ауруларымен зардап шеккен балалармен жұмыс істеу арқылы Мария педагогика саласына келген. Монтессеридің елеулі еңбектерінің бірі Римде Ортефрения институтын құруы болып табылады. 1889 жылы Туриндегі конференциядағы өзінің баяндамасында Монтессори нейропсихологиялық патологиясы бар балалар мәселесі медицина саласына жатпайтынын, яғни педагогика саласына қатысты екенін дәлелдеді. Бұл баяндаманың нәтижесі Монтессори басқарған Римде ұйымдастырылған Ортофрениялық институт болды. Оның институт қабырғасында ұйымдастырған және іске асырған әдістемелері күтпеген нәтижелер берді. Тәуелсіз комиссияның тексеруі нәтижесінде Монтессори оқытқан ақыл-есі кем балалар жазу, оқу мен есептеу дағдылары бойынша қалыпты дамып жатқан балалардан асып түскенін анықтайды. Монтессори ақыл-есі кем балаларды алғашқы болып оқытуға ниеттенгендердің бірі болды. Римдік Ортофрения институтын құрғанға дейін ешкім де мұндай балаларды оқыту қажеттілігі туралы ойламаған да еді. Олар мамандандырылған балалар үйінде қандай да бір педагогикалық назарсыз қалып отырған. Тіпті балалардың көбінде ойыншықтар да болмайтын.
Дүниеге келген сәби еркіндік пен тәуелсіздікке ұмтылады. Монтессори бұл процесті адам өмірінің биологиялық ұстанымы ретінде сипаттайды. Баланың тәні қалай дамыса, рухы да үйренуге бейім тұрады. Бұл жерде ересек адам балаға көмекші ретінде жұмыс істеуі керек. Монтессори педагогикасында ата-ана баланың көмекшісі ретінде қарастырылады. "Өзімнің істеуіме көмектес" – бұл баланың ата-анаға айтатын сөзі. Үйренетін адам – бала болғандықтан, мұғалім – баланың өзі болмақ. Ата-ана баланы оқуға ынталандырып, кейін бақылаушы рөліне өтуі керек. 

Бала оқитын жерін өзі таңдауы тиіс. Ата-ана балаға осындай мүмкіндікті сыйлауға ұмтылуы қажет. Аталған әдіс бойынша, балабақшада өте нәзік фарфор тәрбие құралы ретінде қолданылады. Балалар нәзік затты қалай қолдану керектігін түсініп, оның бағасына жетуді үйренуі керек. 
Мария Монтессори жүйесінің өзегі – әр бала өзінше, арнайы дайындалған ортада, жеке жоспар бойынша дамиды. Ата-ананың міндеті – баланың барынша дамуына көмектесу. Бала қателік жіберсе, қай жерден қателескенін түсінеді, бірақ, ересек адам тарапынан жаман баға алмайды, нашар сөз естімейді.  Мария Монтессоридан педагогтар үшін 19 өсиеті:
Баланы қоршаған ортасы тәрбиелейді.
2. Баланы жиі сынаса, ол кінәлауды үйренеді.
3. Баланы жиі мақтаса, ол бағалауды үйренеді.
4. Балаға дұшпандықты көрсетсе, ол төбелесуді үйренеді.
5. Баламен шынайы болған жағдайда, ол әділдікке үйренеді.
6. Баланы жиі келемеждесе, ол ұялшақ болуды үйренеді.
7. Бала қауіпсіздікті сезініп өссе, ол сенуді үйренеді.
8. Баланы жиі масқара етсе, ол өзін кінәлі сезінуді үйренеді.
9. Баланы жиі құптап отырса, ол өзіне жақсы қарауды үйренеді.
10. Балаға мейірбандықпен қараса, ол шыдамды болуды үйренеді.
11. Баланы жиі жігерлендірсе, ол өзіне өзі сене бастайды.
12. Бала достық ахуалында өмір сүріп, өзінің қажеттілігін сезінсе, ол бұл әлемде махаббатты табуды үйренеді.
13. Баланы жамандамаңыз, көзінше де, сыртынан да.
14. Баланың жақсы қасиеттерін дамытуға ден қойыңыз, нәтижесінде жаманшылыққа орын қалмайды.
15. Қашан да балаға құлақ салып, сұрақтарына жауап беріңіз.
16. Қателік жіберген баланы құрметтеңіз. Сол кезде ғана ол қатесін түзете алады.
17. Ізденістегі балаға - көмек көрсетуге және іздегенін тапқан балаға -білінбеуге дайын болыңыз.
18. Бұрын игерілмеген дүниені мейіріммен, төзімділікпен және махаббатпен игеруге көмектесіңіз.
19. Баламен қарым қатынас жасағанда ең жақсы мәнер қолданыңыз. Оған өзіңізде бар ең жақсы қасиеттеріңізді ұсыныңыз.

Миртилла Майнер


Миртилла Майнер 1815 жылы Брукфилдте өте кедей отбасында дүниеге келді, онда қыздан басқа 12 бала өсті. Алайда терең діндар ата-аналар балаларын шын мәнінде жақсы білім қажет етпейтінін айтқанымен, адал адам етіп тәрбиелеуге тырысты. Балалар өз бетімен оқуы керек болды. Миртилла жиі ауырып, сабақты жіберіп алатын, сондықтан үнемі оқитын. Кітапқа ақша жетпесе, қыз құлмақ жинап, осы жұмыстан тапқан ақшаны өзі ұнататын тақырыптар бойынша басылымдар сатып алуға жұмсады.ь Кедей отбасынан шыққан қыз үшін жол өте аз болды. Нью-Йорк штаты.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет