1-дәріс. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар оқу пәні ретінде



бет52/57
Дата11.12.2023
өлшемі1,04 Mb.
#136985
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Байланысты:
дәріс-1

Венн диаграммасы. Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.
РАФТ. Бұл стратегияны «кейіпкерге хат» деп алса да болады. Формасын түрлендіруге мүмкіндік бар: хат, хабарландыру, жеделхат, өтініш, бұйрық, жарнама. Оқушы жұмысқа кіріспес бұрын мəтіннің мазмұнын жетік түсінуге тырысады, ол үшін оны бірнеше қайтара оқып, ой елегінен өткізеді. Рафт оқушылардың тілін дамытады, қиялын өрбітеді, өз ойларын қағаз бетіне түсіру арқылы эссе жазуға жетелейді, ресми іс қағаздары жөнінде түсініктері қалыптаса түседі. Жуан-жіңішке сұрақтар: оқушылар мəтінмен жұмыс істей отырып, мəтін мазмұны бойынша өздері тың сұрақтар құрастырады. Бұл дегеніміз, оқудың барлық əдістерін меңгеру болып табылады. Өйткені, оқушы алдымен қатесіз, түсініп оқуға тырысады, қойған сұрағына өзі жауап беруге дайын тұрады, басқа балалардың сұрақтарын мұқият тыңдап, сұрақ құрастырудың қиын жұмыс екенін біліп, ең үздік сұрақтарға ілтипат білдіреді.
Қосжазба күнделігі: мəтінде берілген оқиғаларға өзінің пікір жазады, ендеше, оның сөздік қоры молаяды, кейіпкердің жан дүниесін түсінуге тырысады.
«Эссе» стратегиясы бойынша өз ойынан əр түрлі пікірлер құрастырып, оны дəлелдеуге үйренеді.
Сауалнама-интервью стратегиясы да жаңа білімді меңгертуге үлкен септігін тигізеді. «Сауалнама-интервью» стратегиясы бойынша өтілген тақырыпқа талдау, салыстыру, зерттеу жұмыстары бойынша оқушы білімін жинақы түрде қорытындылауға болады.
Осы жобамен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлануға үйретеді. Педагогикалық технология оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс-əрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді.
Технологияның мақсаты – оқушылардың шығармашылық ойлауын сыни тұрғыдан дамыту.
Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін- өзі тануға, жаңалық ашуға, жаңа тəсілдер табуға ұмтылуы, ізденуі. Шығармашылық қабілет əр баланың табиғатында болуы мүмкін. Мұғалімнің міндеті – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, сабақта жəне сабақтан тыс уақытта дамытуда СТО жобасының көптеген стратегияларын қолдануға болады:
• Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау, арнаулы бір тақырыпқа пікірталас тудыру /ой қозғау, «инсерт» кестесі/
• Берілген тапсырманы түрлендіру бағыттағы жұмыс /эссе, шығарма, сауаттылықты ашатын хаттар, т.б. стратегиялар/
• Əңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу, мəтіндегі ұқсастық пен айырмашылықты табуға /Венн диаграммасы, аялдамамен оқу стратегиясы/
• Қиялдау арқылы сурет салғызу /сурет салу стратегиясы/
• Кейіпкерге мінездеме беру, өз ойын жазғызу /авторға, кейіпкерге хат жазу стратегиясы /
• Шығармада екі кейіпкердің қарама-қарсы элементтерін сипаттау /қарама-қайшы элементтер стратегиясы/
• Өлең шумақтарын құрастыру /5 жолды өлең, Рафт стратегиясы/ Ал сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатымен келесі жұмыстар жүргізуге болады:
• Мұражайға апару;
• Əр түрлі кездесудер өткізу;
• Əр түрлі тақырыптарда сайыс, пікірталас өткізіп, алған əсерлері бойынша шығарма жазғызу;
• Балаларға арналған журнал-газеттерге жаздырып, оны сабақ кезінде үнемі пайдалануға мүмкіндік беру;
• Əрбір оқылып отырған шығармалардың авторлары туралы толық мағлұмат жинату, реферат жазғызу.
Оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық, пəндік апталықтар, пəндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор.
Осындай жұмысты үнемі жүргізу оқушыларды шығармашы- лыққа баулуға, шəкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор əсерін тигізеді. Қорыта айтқанда, оқушының шығармашылық қабілеті практикалық əрекеттері, іздемпаздығы арқылы дамиды.
Оқушылардың шығармашылық қабілетінің дамуын ұқыпты қадағалап, тəжірибе негізінде жинақтап, өсу динамикасын бақылап, зерттеуге бастауыш сынып мұғалімдеріне мектеп психологының көмегі көп тиеді. Психологпен диагностика жүргізіліп, мониторинг жасалынып, қорытынды шығарылады.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту проблемасын ұқыпты қадағалау, оқу үдерісінің тиімді болуында қандай көрініс табады? Жалпы үлгерім, яғни олардың шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған жұмыстар білім сапасына əсер етеді.
Қазіргі уақытта білімді, қабілетті, əдепті, іскер, мейірімді мұғалім ғана оқушысына жақсы қасиеттерді сіңіре отырып, сапалы білім бере алады.
Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы бойынша өткізілетін сабақ құрымын төмендегідей көрсетуге болады:
Сабақтың мақсаты:
а) қызығушылықты ояту – сұрақ қою;
б) мағынаны ажырату – жауаптар іздеу, мəселені зерттеу;
в) ой толғаныс – ойлау үдерісінің ең жоғарғы сатысында мəселені талқылау, яғни үш фазада сабақты бөліп өту, оқыту мен оқу үдерісін осындай үш сатыда ұйымдастыру.
Сабақтарда стратегияларды оқу бағдарламасына сəйкес бірізді жүйелі түрде қолдануға болады. Сабақта жиі қолдануға болатын əдістер мынадай:
І – қызығушылықты ояту фазасында ой қозғау (шақыру).
ІІ – мағынаны ажыратуда түртіп алу жүйесі, 5 жолды өлең.
ІІІ – ой-толғаныс фазасында Венн диаграммасы, еркін жазу, т.б. стратегиялар арқылы баланың дамуына, оның бойындағы жеке қабілеттердің ашылуына, шығармашылықпен ізденуіне жол салынады.
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде оқушылар арасында:
- бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым- қатынастың негізі қаланады;
- өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;
- бір-біріне құрметпен қарауға;
- өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;
- өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;
- мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;
- достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолда- рын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге;
- белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланады.
Мектеп өмірінде мұғалімдердің аталмыш жобамен жұмысқа дейінгі жəне кейінгі кезеңін (аралығын) салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығын, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.
Бүгінгі қоғамға, мектепке керегі де осылар.
Оқытудың осындай жаңа педагогикалық технологияларын сабаққа ендіру бүгінгі таңда əрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл азаматтар қажет. Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастыру да дəстүрлі оқыту мен дамыта оқытудың айырмашылығын салыстыру кестесі арқылы көрсетуге болады. Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Əйтпесе, жаңа жүйенің құны болмайды. Енді оқу үдерісін дəстүрлі əдіспен жəне RWCT жаңа жүйемен өткізгендегі мұғалім мен оқушының іс-əрекеттерін кесте түрінде көрсетейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет