15-дәріс. ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Жоспар:
1. «Даму», «дамыта оқыту» ұғымдары.
2. Дамыта оқыту технологиясының даму тарихы.
3. Дамыта оқыту мақсаттары, міндеттері.
4. Дəстүрлі жəне дамыта оқыту жүйелерін салыстыру.
1-сұрақ. «Даму», «дамыта оқыту» ұғымдары
«Даму дегеніміз – материалдық жəне идеялық объектілердің қайтымсыз, жаңа сапаның пайда болуына алып келетін заңды өзгерісі. Егер жаңа сапа қандай да бір қатынасында ескіден озса, онда дамудың прогрестік, ал егер ескіге жол берсек, регрестік түрі келетінде тұрады,» – деп тұжырымдайды З. Кариев.
Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.
«Даму» ұғымы сөздікте «... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы», – деп түсіндіріледі. «Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы
– жаңарту үдерісі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады.
И. Я. Лернер «даму» деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның əртүрлі қиындықтардағы мəселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-əрекетті жоғары орынға шығарады. Мəселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл- ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады.
Л. В. Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-əрекеттер атқара білу. В. В. Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді. Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды жəне оның басты шарты ретінде əрекет алынады.
Ал бүгінгі мектеп оқушысы мұғалімнің баяндауын мұқият тыңдап, түсінуге тырысып немесе оқулықтан мəліметті өз бетінше оқып-танып, əр түрлі зерттелетін объектілер мен құбылыстарды бақылап жəне дайын ережелерді, нұсқауларды басшылыққа ала отырып, əр түрлі іс-əрекет жасайды. Мұндай оқу танымдық əрекет репродуктивтік іс-əрекет деп аталады. Бұл іс-əрекет алдын ала дайындалған белгілі ережемен, алгоритм қолдану арқылы іске асады. Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дəрежеде дəлəлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мəселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л. С. Выготский. Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек үдеріс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.
1. Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.
2. Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.
Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады.
Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту- дың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дəрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тəсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу үдерісін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық əрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нəтижесінде əр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дəрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың дəстүрлі оқытудан айырмашылығы көздеген мақсатында, мəнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, əдіс-тəсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үдерісінің мүшелерінің əрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып-білу үдерісін ұйымдастыру жəне ондағы коммуникациялар түрлерінде.
«Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың əртүрлі деңгейін, типтерін (Л. В. Выготский, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн) жəне басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б. Г. Ананьев, Г. С. Костюк, А. А. Люблинская, Н. А. Менчинская) жəне т.б. іс-əрекет теориясының психологиясын жасаған (А. Н. Леонтьев, П. Я. Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нəтижесінде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, ал екіншісін Л. В. Занков басқарады.
Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мəселесіне айналды. Жүйенің авторлары «дамыта оқыту деп – оқыту мақсаты, міндеттері, əдіс-тəсілдері баланың даму заңдылықтарына сəйкестендірілген оқытуды» атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді.
Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, əрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.
Дамыта оқыту – дəстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нəтижесінде əр оқушы өзін- өзі өзгертуші субъект дəрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нəтиже берді.