1-дәріс. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар оқу пәні ретінде



бет39/57
Дата11.12.2023
өлшемі1,04 Mb.
#136985
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   57
Байланысты:
дәріс-1

Реализм идеясы, яғни тəрбиенің шынайы мақсатта – адамдарды қабілетіне жəне дарындылығына сүйеніп, жан-жақты дамыту. Шынайы мақсатының жетістік құралы – мəдениеттің базалық негізін игеру.
Бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушылардың бірлесу іс- əрекетінің идеясы «Ынтымақтастық педагогикасы» қағидасынан туады, өйткені ол бастауыш сынып мұғалімі мен оқушылар еңбегінің бірлестігіне сүйенеді. Осындай бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушының шығармашылық ынтымақтастығы педагогикалық басшылықпен қамтамасыз етілуі тиіс.
Тəрбие бағыттылығының дербес идеясы бастауыш сынып мұғалімнің оқушыларға ерекше көңіл аударуын қажет етеді. Барлық тəрбие жұмысының барысында еске алатын басты тұлға – бала. Ол педагогикалық жұмыстың ең жоғары мақсаты. Сондықтан баланы зор ұқыптылықпен зерттеген жөн.
Ұжымдық шығармашылық тəрбиеде ұжымдық бағыттылық идеясының мəні ете зор. Бірыңғай тəрбие ұжымы – бұл тəрбиешілер мен тəрбиеленушілердің бірлестігі, мұнда ересек адамдардың жастар жөніндегі жалпы қамқорлығы, яғни ашық жəне елеусіз қамқорлығы дамиды. Мұндай ұжымда тəжірибе ашық жəне елеусіз түрде тəрбиеші арқылы беріледі, оны тəрбиеленушілер ұжымдық шығармашылық іс бұл біріншіден, барлық ұжым мүшелерінің істі бірігіп жоспарлауы, талқылауы, шешім қабылдауы; екіншіден, ұжымдық жұмыс ізденуге бағытталады, практикалық міндеттерді шешу үшін ұжым мүшелері ізденудің тиімді жолдарын, əдістерін, құралдарын қарастырады.
Тəрбие ұжымының қозғаушы күші – жолдастық, тəрбиелілік, қамқорлық. Оның мəні адамдағы жолдастық сыйласу мен жолдастық талаптың бірлігі. Жолдастық тəрбиелік қамқорлықтың мақсаты – адамның жалпы қуанышы мен пайдасы үшін нақтылы істе оның шығармашылық күшін анықтау жəне дамыту.
Өзін-өзі талдау идеясы. Балаларды өзін-өзі жеке жəне ұжымды талдауға үйрету қажет. Жаңашыл мұғалім Е.Н.Ильин оқушыларын өздерінің өмірі, іс-əрекеті жайында ойлануға үйретеді.
Ата-аналармен ынтымақтастық. Мектепте, үйде балалар ересек адамдарға ашық сенгіштікпен қарайды деп ынтымақтастық педагогика жорамалдайды. Бұл үшін бірыңғай талаптар емес, үйде балалармен жолдастық, жылы-шырайлы қатынас болуы қажет. Жаңашыл мұғалімдердің айтуы бойынша, ата-аналар жиналысында балалар туралы сын көзбен ескерту жасауға болмайды. Балалар мен ата-аналар арасында ұрыс-керіс жағдайын болдырмау. Мұғалім балалар жөнінде ата-аналарға айтып наразылық білдірмейді, күнделіктеріне не болса, соны жазбайды. Балаңыз сабаққа дайындалмайды деп мұғалім əр ата-ананың есігін қағуды қоюы керек.
Егер оқушы назар аударуды, көмек көрсетуді талап етсе, онда оған керегінше (бір ай, əлде бір жыл керек пе) көмек көрсету қажет. Осындай жылы қамқорлықты сезген бала ата-аналарына да ризашылықпен толық сенім білдіріп, зор ықыласпен оқып білім алуға, еңбек етуге тырысады. Бұл өмірдегі, еңбектегі, оқудағы қарым-қатынас бірлігінің беріктігі – ынтымақтастық педагогиканың қағидасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет